Формирование профессиональных умений и навыков


ТIГIН МАШИНАСЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ



бет9/38
Дата05.02.2022
өлшемі2,66 Mb.
#321
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
ТIГIН МАШИНАСЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ мен жұмыс жасау механизмі

Абдижаббарова С.Қ.- аға оқытушы (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)




Егемендігімізді алып еңселі ел болып, дамыған елдермен иық теңестіре өркендеп келеміз. Осындай өркениетті ел болуды аңсаған ата-бабаларымыздың арманы орындалды. Ертеңгі күннің бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты екені ақиқат. Қай заманда да ұлттық өрлеудің, халықтық қалыптасудың ең негізі, алғашқы шарты - білім. Осы білім берудегі кәсіптік оқыту мамандарының тігін машиналарының жұмыс істеуі мен бұйымды өңдеудегі жұмыс механизмі жайында мағлұматтар берудің қажеттілігі түсіндірілуде.
Жан жағымызға қарасақ киiлетiн киiмдер, аяқ киiмдер, сөмкелер, ойыншықтар, тұрмыста қолданылатын жиһаздардың бәрi тiгiн машиналарымен тiгiледi. Кейбiр машиналардың көлемi де, салмағы да үлкен, ал салмағы да жеңiл көлемi де кiшi қалтаға сиып кететiндей машиналар да бар. Тiгiн машиналарында төсек бұйымдарын, iш және сырт киiмдер, былғары бұйымдарын, автокөлік қаптарын, спорттық және көптеген басқа да бұйымдар тiгiледi. Тiгiн машинасының тiгiн мүшелерi жiп, мата, терi, былғары заттары мен өзара әрекеттестiкте болады.
Тiгiн машинасын ойлап табу тарихы үлкен қызығушылық бiлдiрдi. ХV ғасырдың соңында ең бiрiншi Леонардо да Винчи тiгiн машинасының жобасын ұсынды, бiрақ ол жүзеге аспай қалды. 100 жыл өткеннен кейiн ХVI ғасырдың аяғында ағылшын Уильям Ли әйелiнiң бiзбен тоқыған қолының қимылын ықыласпен байқай отырып, тоқыма машинасын ойлап шығарды. 1755 жылы немiс Карл Вейзенталь қол тiгiсiнiң көшiрмесiн жасайтын тiгiн машинасына патент алды.
1790 жылы ағылшын Томас Сент етiк тiгетiн тiгiн машинасына патент алды, машина қолмен қимылға келтiрiлдi және етiк бөлшектерi инеден қолмен ығыстырылатын едi, ине жылжытқыш тiк жазықтықта қайырма-үдемелi қозғалыс жасайтын.
1808 жылы ағылшын Т. Сент, Д. Пири тiгiншiлерге арналған жеңiл сөгiлетiн iлмектi түзу тiгiстi тiгiн машинасын ойлап шығарды. 1829 жылы француз Б. Тимонье бiр жiптi iлмек тiгiстi тiгiн машинасын ойлап шығарды. 1834 жылы американец Уолтер Хант қайықты құрылысы және ине көзi ұшталған тiгiн машинасын ойлап шығарды, ең бiрiншi қайықты тiгiн машинасы едi, онда жоғарғы төменгi жiп қолданылды. Бұндағы бiр кемшiлiк шөлмек механизiмiнде төменгi жiптi тартып реттегiшi болмады. 1843 жылы У. Хант және Б. Бин қисық ине қолданылатын тiгiн машинасын ойлап шығарды. 1844-1845 жылдары американец Элиос Хоу қайықты тiгiн машинасына патент алды, бұл тiгiн машинасында мата арнайы жылжытушы тұтқа түйреуiштерiне тiгiнен қадалып орнатылады және бiр түзу бағытпен алға ғана жылжыйтын. Доға тәрiздi ине көлденең жазықтықта қозғалды, ал қайық тоқу станогiнiң қайығы сияқты алға-артқа жылжып отырды.
Кейiнгi тiгiн машинасын ойлап табушылар жетiлдiре түседi. 1850 жылы Алена Вильсонның және Гибстің, 1851 жылы Исаак Зингердiң бiрiншi тiгiн машинасында ине тiгiнен орналастырылған, мата табанмен көлденең платформаға қысылып жылжитын болды, ал мата тiстi дөңгелек көмегiмен, соңыра тiстi пластинка (рейка) көмегiмен жылжыған. Исаак Зингердiң ойлап тапқан тiгiн машинасы қазiргi заман тiгiн машиналарының түрiне келтiрiлдi.
Осы кездерде Еуропада тiгiн машиналарын шығаратын өндiрiстер пайда бола бастады. Ағылшын Томас Эйт, немiс Детон Ноуман және Вилли Пфафф, швед Хускварна және басқалары тiгiн машинасына жаңалықтар енгiзу, жақсартуы мен айналыса бастай отырып, өздерiнiң фирмаларын аша бастады. Тiгiн машиналары АҚШ-тан Азия құрлығына жеткiзiле бастады. 1877 жылы Жапонияға жеткiзiле бастады. 1850 жылы Исаак Зингер өзiнiң фирмасын ашып, Хоудың тiгiн машинасына жаңалықтар енгiзе отырып көптеп тiгiн машинасын шығара бастады. 1870 жылы фирма „Зингер“ тiгiн машинасын Америкада ғана емес, дүниежүзiнiң басқа мемлекеттерiнде филиалдардарын ашты, оның iшiнде Ресейде де, Патшалық Ресейде тiгiн машинасы өндiрiс болмағандықтан, құрал-жабдықтары шет елдерден алып келiнген. Мысалы: Подольскi қаласына шет елден алып келiнген „Зингер“ тiгiн машинасының бөлшектерiн құрастыратын шеберхана ашылды, онда жылына 600 мың тiгiн машинасы шығарыла бастады.
Ұлы Октябрь Социалистiк революциясынан кейiн ғана отандық тiгiн машинасын жасайтын өндiрiс орындары пайда бола бастады. Сөйтiп, бұрынғы ҚСРО елiндегi машинасын жасау заводтарының құрылысы басталды. Қазiргi кезде тiгiн машинасы өндiрiсi жоғары сапалы және жоғары өнiмдi құралдармен жабдықталған және одан әрi жетiлдiрiп келедi. Қазiргi заман тiгiн технологиясының өркендеу талаптарына сәйкес ең басты экономикалық мақсат, қоғамдық өндiрiсте дүниежүзiлiк ғылым мен техника жетiстiктерiн қолдану, өндiрiстiң тиiмдiлiгiн көтеру, еңбек өнiмдiлiгiнiң одан әрi өсу жолдарын iздестiру, халық шаруашылығының тұрақты өркендеу қарқынын көтеру, әлеуметтiк жағдайды жақсарту, өндiрiске жаңа технология жетiстiктерiн енгiзу арқылы және өндiрiстi механизациялау, автоматтандыру арқылы тiгiн бұйымдарының саны мен сапасын көтеру көзделiп отыр. Даярлау-пiшу цехтарының жұмысын механикаландыру және автоматтандыру үшiн мынадай құрал-жабдықтар қолданылатын болады: маталарды тасымалдау оны цехқа жеткiзу, өлшеушi, жарамсыздыққа шығарушы машиналарды қолдану, маталарды пiшу немесе қию столдарына жайып тегiстеу, үлгiнiң көлемiн өлшейтiн механизмдердi қолдану арқылы iске асырылады.

Каталог: attachments
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар
attachments -> ҚазақТҰтынуодағЫ
attachments -> История финансовой науки и ее развитие в России
attachments -> Актуальные проблемы международных отношений
attachments -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
attachments -> Биография великого инструмента
attachments -> Урок музыкальной литературы в 5-м классе. Тема урока: И. С. Бах. Органное творчество
attachments -> «Найрозумніший» 8 клас І тур
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар
attachments -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет