Фз-17-1 тобының студенті Булганбай Азаматтың



Дата11.01.2022
өлшемі16,72 Kb.
#111351
түріСабақ
Байланысты:
есеп
есеп, есеп

Қарағанды жоғарғы «Bolashaq» колледжі
Фз-17-1 тобының студенті Булганбай Азаматтың
«Байқау сабақтары» тәжірибесі туралы
ЕСЕП

Мен, Булганбай Азамат , 2019 жылдың қараша айының 25-нен желтоқсан айының 14-не дейін Қарағанды қаласы №81 Жалпы Білім Беру Орта Мектебіне «байқау іс-тәжірибесінен» өттім. Мектеп 1988 жылы өз есігін ашты.Яғни биыл мектепке 31 жыл болды. Қазіргі кезде мектеп 2 ауысым бойынша білім береді.1-11 сынып аралығындағы оқушылар саны:1950.


«Байқау сабақтары» іс-тәжірибесі барысында мен жоғары катерогиялы педагог-зерттеуші Келисбекова Бахытгүл Мадетовнаның 7«ә» сыныбына бекітілдім.Бахытгүл Мадетовна мектептгегі физика мұғалімдерінің аздығынан 7 «ә» сыныбына ғана емес 7,8,9,10,11 сыныптарғада қатар сабақ өткізеді.

Маған бекілітген сынып, 7 «ә» сыныбы. Барлық оқушылар саны 25, оның 10-ы ер бала,ал 15-і қыз бала. Сыныптың 14 оқушысы белсенді.Жалпы үлгерімі: 100%. Сыныптың пәнге деген қызығушылығы:жақсы.


Іс-тәжірибемнің бірінші күнінде мен бірден мектеппен және мектеп мұғалімдерімен, сонымен қоса өзіме бекітілген 7 «ә» сыныбының ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларымен таныстым.Бұдан бөлек 7 «ә» сыныбының пән бойынша үлгерімдерімен таныстым.Пәнге деген қызығушылығын байқадым.Осы қызығушылықтарын арттырамын деген мақсат қойдым.
Жалпы барлық өткізген сабақтарымның саны -3, оның ішінде 1-еуі зетханалық жұмыс.Алғашқы өткізген сабағым «Деформация,Серпімділік күші,Гук заңы».Бұл тақырыпта мен оқушылға дененің Қиындық тудырған бір жағдай сыныпта ұйымшылдықтың болмауы болды.

Қатысқан сабақтарымның саны -12. Мұғалімдердің аты-жөні: Уатаева Г.С, Қайрбекова К.Н, Смагулова А.Қ.,Сейтказинова А.А. , Жұмахметова Г.Р., Кусайнова Э. Машықкерлердің сабақтарына қатысып, оларға талдау жасадым. Әр машықкердің сабақтары өздігімен ерекше. Әрқайсысы әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданады, барлық машықкерлердің сабақтары жақсы деңгейде өтті, арасында сабағын жоғары деңгейде өткізген машықкерлер де бар.

Әдістемелік қоржын. Мен әр сабақты өзіндік әдістермен, оқушылардың барлығы жұмыс жасайтындай ерекшелеп, көркемдегім келді. Сондықтан әр сабақта әр-түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаландым. Мысаалы: Жүректен жүрекке», « Төрттік», «5-4-8», «Тілек ағашы» және « Бағдаршам» деген сияқты әдіс-тәсілдер, сергіту сәттерін немесе рефлексиялар қолданып отырдым. Әрине одан басқа карточкалық тапсырмалар мен өздік жұмыстары болды. Әр сабақта дидактикалық материалдарды қолдану маған қиындық туғызған жок.

Іс-тәжірибеден алған әсерім өте керемет. Әрине бұл бірінші «Байқау тәжірибем» болғандықтан, алғашында қорқыныш сезімі болды. Бірақ мұғалімдер ұжымы мен өзіме бекітілген 8 «ә» сыныбы жылы қабылдап алғаннан соң, қорқынышым біраз басылды. Жетекшімнің қолдауымен, ақыл-кеңесімен, сондай-ақ әр сабақтың соңында оқушыларыммен жасаған рефликциялардан соң, ұстаз атауға деген құлшынысым артып келеді.Осы іс-тәжірибеден соң менің мақсатым айқындалды, болашақта өз білімімді ода әрі жетілдіріп, білікті ұстаз, өз ісінің маманы болғым келеді.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет