Г. С. Балтабаева Тәуелсіздік кезеңіндегі


айқайынан   қашып  келеді.  Т.Нұрмағамбетовтің   бұл  шығармасындағы  түрлік  ерек- шелігінің  бірі  осы  « АЙҚАЙ»



Pdf көрінісі
бет39/47
Дата19.12.2021
өлшемі1,57 Mb.
#103325
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47
Байланысты:
baltabaeva g tuelsizdik kezenindegi kazak prozasy
ҚАЗІРГІ-ҚАЗАҚ-ӘДЕБИЕТІ-конвертирован, my planner kony study
айқайынан 
 қашып  келеді. 
Т.Нұрмағамбетовтің   бұл  шығармасындағы  түрлік  ерек-
шелігінің  бірі  осы  «
АЙҚАЙ» 
дан танылады.  
Өмірі айқай естімедім дей аласыз ба? Немесе бірде-бір рет  
айқаламағаныңызды  айтып сендіріп  көріңізші. Мен емес, өзің-
ді. Біз бәріміз   алдыңғысын, соңғысын  да талай рет бастан өт-
кердік.   Бәлкім,  адам  болғасын.  Бәлкім,  тіршілік  кешіп жер  ба-
сып жүргесін. Сонда айқай нені өзгертеді? Белгісіз. Бірақ бәріміз  
арагідік    оны,    әсіресе,    соңғысын    сағынамыз.  Кейде  ешкімге 
ашып   айта  алмайтын,   ешкім  түсіне  алмайтын   жан  сырымыз-
дың тұншыққан дыбыстардың  құндағында дүниеге келгенін  қа-
лайтын    шығармыз.  Әйтпесе,  ханның    құпиясын    өле-өлгенше 
өзімен  ала кетуге  ант-су  ішіп, жанын  аман сақтап қалған  бай-
ғұс  шаштараз  айдалаға  барып  айқайлар ма  еді?  «Біздің хан  
таз-аз екен!» Бұдан кейін  оны өлтірсе де  өкіне  қоймас-ау. Ол 
армансыз. Демек,  айқай өмірдің  өзінен  қымбат кездер  болады. 
Әрі ол адам  ойын  тұншықтырған  сайын  күшейе түсетін  көрі-
неді.  
Бүгінгі біздің  қоғамда  да  айқайды  аяқтап  бітті. Шартарап   
шыңғыруға  көшті. Біреудің даңғазасы, біреудің жан жарасы, бі-


 
223 
реудің  сағынышы,    біреудің  сабылысы,  біреудің  зары,  біреудің 
жаны  бар  онда.  Шыңғыра      берген    жаһанның    дауысы    тіпті   
қарлығып  қалды. Алғашқы  қауымдық құрлыста аң қуып,  аңы-
раған  тайпаның  дабылы  желік  қуып  елірген   әпендінің  есең-
гіреген  есірігіне  айналды бүгінде. Әттең, кезінде  әсем  ән  са-
лып тұрған  қазақ  даласы да  сол хорға  қосылып  барады. Бәл-
кім сахара  сазын  сіз естіп  жүрген шығарсыз,  мен әйтеуір  көр-
ші ғимараттағы  түнгі клубтың  айқайы түні  бойы ұйқтатпайды.  
Иә, зер салсақ, айқайдың  да сан түрі, сан себебі  бар. Кей-
де адам  соның қолымен жалғыздығын жаһаннамға  жібергісі ке-
леді. Ал топырақ  текті саналының бәрі, түптеп келгенде, дара. 
Мәңгілік алдында жауап беретін де  өзі ғана.  Тіпті адам түгілі,  
Жаратқан да,  Жер де, Ай да, Күн де жалғыз емес пе? Жердің тү-
неретіні    де  содан  шығар?  Күннің  не  себепті  күйіп-пісетіні  де 
белгілі  болды.  Жалғыздықты  сүйетін  Айды  жұлдыздардың  ұға 
алмайтыны да түсінікті. Бірақ екі аяқтының  жан жарасын  таңу-
ға айқайдың  шарасы жете ме екен?  
 Адамзат  адасқаны  соншалық,  айқайдың  енді  бір  түрі  
өнерге айланды. Әйтсе де  ол  бүгінгі «жаңалық» емес.  Әйтпесе, 
Абай:  «  Құр  айқай  бақырған,  Құлақа  ән  бе  екен»    деп    назала-
нушы ма еді?  Бірақ бұл індет  қанша қуса да,   елден кетпепті.  
Сосын  Абай:  «Жартасқа  бардым,    күнде  айқай  салдым»    деді.  
Бірақ бұл айқай халыққа қуанса да жетпепті. 
Десе де, айқай кейде  күллі елге рух берген. «Абылайлап» 
шапқан  Әбілмансұр  жауын жеңген. Тамағын аямағандарға  көп 
жағдайда  халық  та  сенген.  Мәселен,  күн  көсемнің  жалынды 
ұрандары алып империяның негізін қалап берген.  Әрине, бұл - 
өткен ғасыр.  Себебі сіз бүгінде   халықты аттандап артыңыздан 
ерте  алмайсыз.  Бірақ  мәселе  кімнің  қалай  айқайлайтынында  
шығар.  Себебі  айқай иелері де  әр қилы емес пе? Олар: ғашық-
тар, бастықтар, сәбилер, кәрілер, сағынғандар, бағынғандар,   та-
ғысын  тағылар.  «Айқайлар  ем    Алдың    алтын  тілінде,    жеткіз-
бейсің  маған»  дейді бір жаңға ғашық Г.Салықбай. « Айқай сал-
дым,  қылдым да бәрін ұмыт»  дейді Хаққа  ғашық  С.Нұржан. 
Күмәндансаңыз,    түрік  ақыны    Хусейн    Ниханның:  «Айқайлар 
жаратса  адам, Хаққа шер айту  үшін»  дегенін еске алыңыз.  Жа-
нынан қорқып жалғызын   ажал аранына  тастағанның   жартасы  


 
224 
жарған  азалы    үнінен    шошып,  «Айқай  »  деп  қалам    тербеген  
Т.Нұрмағамбетов    ше?  Оның  өзі  естей  алғандар    да  бүгін  са-
наулы-ақ  қой.Ақын –жазушылар ғана емес,  әлемде «Айқай» са-
лып,  тарихта қалған суретшілер де бар. Мәселен,  Мунк Эдварт-
тың  «Айқай» (1893, Осло, Ұлттық галерея)  туындысы. Ол күн-
делігінде: «Достарымызбен көше бойлап келе жатқан едік. Күн 
батып барады. Бір сәт аспанға қып-қызыл қанды бояуды шашып 
жібергендей көрінді. Жаным түршігіп кетті. Табиғаттан таусыл-
мас  айқай естігендей  болдым.» деп жазады. Мунк бұл  компо-
зицияның  бірнеше түрін салды. Соның «алғашқы айқайға»  бол-
ған  «Торығу» да осы санақта  кіреді. Ақыры күмәнді келешекке  
бастаған соқпақтың  қақ ортасында  аспанның  қанды қылышы-
нан жан саулығынан,  20-ғасыр бойы адамзат тарихының  ащы  
запыранынан  сарғайған  түсініксіз  бейнені  тапты ол. Әрі дәл 
тапты.  Содан  болар,  «Айқай»-«затты  емес,  көңілдегі  шерді  жа-
зыңдар»  дейтін  норвегиялық  экспрессионист  суретші    шығар-
машылығының    шыңы.  Әрі  бояу  динамикасы,    фигуралар    мен  
табиғаттың шыңайлықтан  алшақтамай   әдейі бұрмалануы бай-
қалатын,  салқынқандылығы  сезім  құйынына    тоғытатын,  мы-
сыңды басатын сыры көп сурет талай аңыздарды да  туындатты. 
Ал  сіз  адамның  айқайынан  құстың  айқайы  қауіптірек    болаты-
нын  білесіз  бе?  Осип  Мандельштам,  Уильям  Йейтс  сынды  ірі 
символист  ақындардың қырғауылдың айқайын неге жырға қос-
қаны  жайлы      ойланбадыңыз  ба?  Шыңғырғаны  жан  шыдатпай-
тын    сұлу  құстың  атауын  қорқыныш  сөзімен  түбірлес    қылған 
латындықтар  ше?  Бәлкім,    құйрығына    қарап      мастанған  ол  
сұрықсыз аяғын көргенде жаны түршігіп шошитын шығар. Бүгін 
адамзат  өркениеті  де  дәл  сол  қырғауылдай.  Немесе  маңдайына 
жазылған  мінін  мойындамай,    сүртіп  кетуге,    жасыруға  тырыс-
қан  ғаріптей. Жоқ, бізде ол да жоқ.. Әйтпесе, бәтеңкеңізбен қо-
ғамнның бетіне кетпес із тастап бара  жатқаныңызды ойлап, жа-
нарыңызды төмен түсіріп  көрдіңіз бе? Немесе іздің өркениеттің  
тілім- тілім  болған,  қансыраған  жалаңаяқ  күйіне  бола  айқай-
лап   жүр ме екен? Әлде алтын басына, күміс құйрығына қарап, 
қуаныштан қарқылдай ма? Қалай ойлайсыз? 
Иә, біз шырылдап дүниеге келеміз, жалғанды жалпағынан  
басып,  айқайлап ғұмыр кешеміз, соңында өмірден үнсіз кетеміз. 


 
225 
Сондықтан шығар,  қазақта «үнің өшсін» деген қарғыстың  ауыр 
тиетіні. Иә, біз әлі айқайлап жүрміз. Бірақ не үшін  және  қалай 
айқайлап жүрміз?  Төрт миллиард  жердің   үстіңгілері  жер ас-
тыңғыларды  оятып ала ма деп қам жеген Оралхан Бөкей де бү-
гін  соңғыларының    қатарында.  Ал  қазір  біз  4  миллиард  емес,               
6  миллиард  адамбыз.  6  миллиард  айқаймыз.  «  Елу  жылда    ел 
жаңа», мүмкін  өзгерген  шығармыз.  Кім біледі?  Не десе де, ақ 
пен  қараны ажыратып,  оң мен солын танып,  сайтан көпірдің  
қақ ортасына  жеткен  адамзаттың  артынан  біреу  айқайлап  жі-
бермесе  екен  деп тілеймін күнде....Сіз де тілеңіз...           
Қазіргі  қазақ  прозасына  өз  үнімен  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет