Газ тектес, сұйық және қатты денелердiң қасиеттерi


§ 2.3 Қаныққан бу қысымының температураға тәуелдiлiгi.Қайнау



бет3/16
Дата07.02.2022
өлшемі329,5 Kb.
#85481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
897 gaz-testent
1560537954, Пз. Инклюзив

§ 2.3 Қаныққан бу қысымының температураға тәуелдiлiгi.Қайнау


Көлем тұрақты болған жағдайда қаныққан будың қысымы температураға өте қатты тәуелдi болады, сондықтан Шарль заңын қаныққан буға қолдануға болмайды. Температура жоғарлаған сайын, будың конденсациялануына қарағанда, сұйық тезiрек буланады. Қысымның күрт өсуiне негiзiнен будың тығыздығының ұлғаюы тiкелей әсерiн тигiзедi.
Қайнау – бұл тек қана ашық беттегi сұйықтың интенсивтi булануы емес, сонымен қатар бу көпiршiктерiн түзетiн қуыс көлемiндегi сұйықтың да интенсивтi булануы.
Егер сұйық бiрқалыпты қыздырылмаған болса, онда су көпiршiктерi қалқып шыққан кезде олардың iшiндегi қысым бу конденсациясының есебiнен азаяды да, көпiршiктер жарылып кетедi. Ал сұйық жеткiлiктi қыздырылған болса, онда көпiршiктер жарылуын тоқтатады да, сұйық бетiне еркiн қалқып шығады. Сұйық қайнайды (2.3 - сурет).
Көпiршiк iшiндегi қысым үш қосылғыш арқылы анықталады: p = p0 + ρgh + 2σ/r , мұндағы p0 - сыртқы қысым, ρgh - биiктiгi h болатын сұйықтың жоғарғы қабаттарының гидростатикалық қысымы, 2σ/r – радиусы r болатын көпiршiк бетiнiң майысуына(қисаюына) байланысты өзгеретiн қысым (§2.4 - қараңыз), ρ және σ - сұйықтың тығыздығы және беттiк керiлу коэффициентi (§ 2.4 - қараңыз). Мына төмендегi шарт орындалған кезде сұйық қайнай бастайды.
pkp0+ρgh+2σ/r (2.2)



2.3-сурет
мұндағы pk - қаныққан будың қысымы. Әдетте 2σ/r<<p0 және ρgh<<p0. Бұдан, былай болатындығы шығады:
pkp0 .
Сонымен, барлық сұйықтың температурасы бiрдей, ал қаныққан будың қысымы әдетте оның бетiне түсiрiлген сыртқы қысымға тең немесе сол қысымнан сәл артық болған жағдайда сұйық қайнай бастайды.
Сұйықтың қаныққан буының қысымы сыртқы қысымға тең болғандағы сұйықтың температурасы қайнау температурасы деп аталады. Атмосфералық қысымның қалыпты жағдайындағы сұйықтың қайнау температурасы қайнау нүктесi деп аталады.
Су бетiне түсiрiлген сыртқы қысымның өсуiмен бiрге қайнау температурасы жоғарлайды да, қысымның азаюына байланысты температурасы төмендейдi. Барлық басқа шарттары бiрдей болған жағдайда да, әр түрлi сұйықтардың қайнау температуралары әртүрлi болып келедi (2.3 - сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет