Геоақпараттық жүйелер (гаж) туралы жалпы мәліметтер


Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы



бет2/3
Дата10.12.2023
өлшемі3,15 Mb.
#196175
1   2   3
Байланысты:
гаж

Геоақпараттық жүйелердің даму тарихы
XXI ғасыр жаңа технологиялар және нанотехнологиялар заманы. Сондықтан осы заманда әрбір мемлекет жаңа технологияларды жылдам меңгеруге, дамытуға барынша күш салуда. Жаңа технологияларды дамыту әр салада жүреді,
сол салалардың ең негізгілерінің
бірі болып
географиялық ақпараттарды дамыту табылады.
Геоинформатика және ГАЖ-дың жасалуындағы бірінші үлкен жетістік – ол Канада Географиялық Ақпараттық Жүйесінің (Canada Geographic Information System, CGIS) жасалуы. 60-жылдардан бастау алатын бұл үлкен масштабты ГАЖ қазіргі күннің өзінде де жұмыс істеп және дамып келеді.
Канада ГАЖ-дың «атасы» болып Роджер Томлинсон (Roger Tomlinson) саналады, оның жетекшілігімен көптеген концептуалды және технологиялық шешімдер жасалды.
Геоақпараттық жүйелердің пайда болуы және өте шапшаң дамуы топографиялық, әсіресе тематикалық картографиялау, карта жасау үрдісін автоматтандырудың табыстарымен, сонымен қатар компьютерлік технологиялар, информатика және компьютерлік графика саласындағы революциялық жетістіктердің бай тәжірибиесіне байланысты.

Геоақпараттық

жүйелердің даму тарихындағы кезеңдер

Пионерлік кезең
1950 ж.соңы -1970 ж.басы

Принципиялдық мүмкіндіктерді, білім мен технологияның шекаралық салаларын зерттеу, эмпирикалық тәжірибиені әзірлеу, ең бірінші ауқымды жобалар мен теориялық жұмыстар

Мемлекеттік көзқарастар кезеңі
1970 ж. басы-1980 ж. басы

Мемлекеттің қолдайтын ауқымды геоақпараттық жобалардың дамуы, ГАЖ саласында мемлекеттік институттардың қалыптастырылуы, жеке дербес зерттеушілер мен аздаған топтардың ролі мен әсерінің төмендеуі

Алғашқы компьютерлер

Ақылы даму (коммерциялық) кезеңі
1980 ж. басынан бүгінгі күнге дейін

Әртүрлі ақпараттық құралдардың ауқымды нарығы, ГАЖ дамуы, жүйелік қосымшалардың пайда болуы, жеке компьютерлерде мәліметтерді дербес теруді қолдайтын кәсіби емес пайдаланушылардың, жүйелердің пайда болуы, корпоративті және геомәліметтер базасының бөлінген жүйесін қолдауға жол ашу

IBM 5100 (1975)
Салмағы 24 кг.
Бағасы 20 000 $
IBM 5155 (1984)
Салмағы 14 кг
MACINTOSH PORTABLE (1989)
Салмағы 6 кг


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет