Геодезиялық өлшемдер және олардың дәлдігі. Геодезияда қолданылатын өлшем бірліктер. Геодезиялық өлшемдер әдістері және олардың дәлдігі



Дата05.10.2022
өлшемі40 Kb.
#151831
Байланысты:
Лекция 9 Геод өлшеулер
СРС 1, СРС 2 эт, СРС 5 эт., СРС 4 эт.

Дәріс 10


Геодезиялық өлшемдер және олардың дәлдігі. Геодезияда қолданылатын өлшем бірліктер. Геодезиялық өлшемдер әдістері және олардың дәлдігі

Геодезиялық өлшеу деп өлшенетін шаманы бастапқы бірлік ретінде қабылданатын басқа бір шамамен салыстыру процесін айтады. Геодезиялық өлшеулерді негізінен үш түрге бөлуге болады:



  • сызықтық – жер бетіндегі нүктелердің арақашықтықтарын анықтау;

  • бұрыштық – горизонталь және вертикаль бұрыштардың мәндерін анықтау;

  • биіктік (нивелирлеу) – жекелеген нүктелер арасындағы биіктік айырмасын анықтау.

Сызықтық және биіктік өлшеулерде (арақашықтық, биіктік, биіктік өсімшесі) ұзындық өлшеу бірлігіне метр (м) алынады. Метрдің ұзындығына шамамен Париж арқылы өтетін меридиан ұзындығының 1: 40 000 000 бөлігі алынған. Осының негізінде платина-иридий қорытпасынан метрдің эталоны жасалынды. Ол «архив метрі» деп аталды. Кейінгі кездегі жүргізілген дәлдігі жоғары өлшеулер негізінде «архивтік метрдің» ұзындығы бастапқы анықталғаннан 0,21 мм-ге қысқа екендігі анықталды. Сөйтіп, 1899 жылы 90% платина мен 100% иридий қорытпасынан метрдің халықаралық жаңа 31 эталоны жасалынды. Ресей оның 11 және 28 нөмірлі екеуіне ие болды. Нөмірі 28 метрлік эталон Ленинградтағы Д.И.Менделеев атындағы ғылыми-зерттеу институтында сақтаулы.
Ұзындық өлшеу жұмыстары дәлдігінің артуы мен метрлік эталон жаңғыртудың қажеттігіне байланысты, метрдің жарық толқынының ұзындығына негізделген табиғи эталонына көшу мақсаты көзделді. Өлшеуіштер мен таразылар жөніндегі ХІ – Бас конференция 1960 метрдің халықаралық бірліктер жүйесінің негізіне «метр-криптон-86 атомының, вакуумдегі шығару ұзындығына тең ұзындық» деген жаңа анықтама қабылдады. Сөйтіп, 1968 жылдың 12 қаңтарында Кеңестер үкіметінің стандарты бойынша мемлекеттік тұрақты шама жаңа метрлік эталон болып бекітілді.
Ал, қашықтық өлшеуіш сымдар мен рулеткалардың ұзындықтарының дәлдігін анықтап тұру үшін, ұзындығы мемлекеттік эталонмен салыстырылған үш метрлік арнайы белгілер (компаратор) дайындалған. Еліміздің көптеген қалаларында орнатылған осындай компараторлардың бірі - №541 Мәскеудің геодезия, аэрофототүсірістер және картография инженерлік институттарындағы белгілі компаратор.
Бір метрде 100 см немесе 1000 мм бар. Бұрыштарды өлшеудің бірлігіне градус (º) алынған. Ол тік бұрыштың 1/90 бөлігіне тең. Толық шеңбер 360º-тан тұрады. Бір градуста – 60' (минут), бір минутта – 60" (секунд) бар.
Бұрыштардың мәндерін радиандық өлшеммен көрсетуге болады. Рариан-радиусқа тең шеңбер доғасына тірелген центрлік бұрыш. Ұзындығы 2πR доға 2π радианнан тұрады. Демек, радианның градустық, минуттық, секундтық мәндері ρ=57,3º: ρ=3438′: ρ =206265" тең.
Аудандар өлшемінің бірлігі шаршы метр (м) 10 000 м2=1 гектар (га); 1000 000 м2=100 га=1км2.
Уақыт, салмақ және температура өлшем бірліктеріне секунд, халықаралық килограмм және Цельсия шкаласы бойынша градус алынған.
Атмосфера ауасының жер бетіне және ондағы барлық заттарға түсетін қысым атмосфералық қысым де аталады. Атмосфералық қысым мм-мен көрсетілген сынап бағанасының биіктігімен өлшенеді. Нормальдық атмосфералық қысым деп деңгейінен есептегенде 45º географиялық ендік бойындағы биіктігі 760 мм-ге тең болғаны. Халықаралық бірліктер жүйесі атмосфералық қысым өлшемінің бірлігі паскаль (Па) қабылдады, 1 мм сынап бағанасы 133,322 Па-ға тең.
Геодезиялық өлшеулер тура және жанама болып келеді. Егер шама аспаптың көмегімен тікелей анықталса, онда оны тура өлшеу деп атайды. Егер шама есептеулер арқылы анықталса, онда ол өлшемдердің жанама тәсілі болып есептеледі.
Геодезиялық жұмыстар далалық және өңдеу (камералық) жұмыстары болып бөлінеді. Далалық жұмыстарда әртүрлі өлшеулер жүргізіледі. Ал өңдеу жұмыстары есептеу және графиктік процестерден тұрады.
Далалық өлшеулерге пландар мен карталар жасауда немесе арнайы мақсаттарда барлау траншеялары мен құрылыстарын бөлу, трассалар салуда жер бетінде жүргізілетін геодезиялық өлшеулер жатады. Өлшеулер кезінде қолданылатын аспаптар:
- арақашықтықтарды өлшеуге арналған өлшеу ленталары, сымдар, рулеткалар, оптикалық қашықтық өлшеуіштер, жарық сәулелі қашықтық өлшеуіштер және т.б.
- бұрыштарды өлшеуге арналған теодолиттер, буссольдар, гониометрлер және т.б.
- вертикаль биіктіктерді өлшеуге арналған нивелирлер, рейкалар, барометр-анероид және т.б. жатады.
Геодезиялық жұмыстардың нәтижелері арнайы журналдарға жазылады. Дала жағдайында тексеріліп, түсірілетін объектінің схемалық сызбалары жасалынады. Ол сызбаларды сұлба (абрис) деп атайды.
Жер бетінің әр түрлі физика-географиялық жағдайлары жүргізілетін геодезиялық өлшеулер дәлдігіне әсерін тигізеді. Сондықтан қоршаған ортаның зиянды әсерін жою немесе әлсірету өлшеу жұмыстары кезінде пайдаланатын аспаптарды, өлшеу әдістерін және жұмыс жүргізу тәртібін дұрыс таңдауға тікелей байланысты.
Есептеу процесі өлшеу нәтижелерін бір жүйеге келтіріп, математикалық өңдеуден және оларды пайдалануға неғұрлым жарамды түрге келтіруден тұрады. Есептеулерді жеңілдетіп, қажет нәтижелерді тез табуға және есептеулердің дұрыстығына көз жеткізу үшін, барлық есептеулер белгілі бір схемалар (ведомостер) бойынша жүргізіледі. Геодезиялық өлшеулердің түрлеріне байланысты арнайы есептеулер схемалары таңдалып алынады. Есептеу жұмыстарын жеңілдету үшін әр түрлі қосымша құрал-жабдықтар, кестелер, графиктер, электрондық есептеу машиналары және т.б. қолданылады.
Графиктік процесс өлшеу мен есептеу нәтижелерін белгілі шартты белгілерді сақтай отырып, сызба түріне келтіру. Алынған жазбалар жүргізілген геодезиялық немесе маркшейдерлік жұмыстардың түпкі өнімі болып саналады. Кейінгі әр түрлі инженерлік жобалау, есептеу және жобадан жергілікті жерге көшіру жұмыстары алынған осы сызбалар негізінде жүргізіледі. Сондықтан сызбалар мұқият тексеріліп, өте дәл мәліметтер нәтижесінде жасалынуы қажет. Сонымен қатар, графиктік жағынан сапасы өте жоғары болуы тиіс
Теодолит – горизонталь және вертикаль бұрыштарды, арақашықтық пен бағдарлау бұрыштарын өлшеуге арналған аспап. Теодолиттер дәлдігіне, санақ тетіктеріне, осьтер жүйесінің құрылғысына және қызметіне қарай топтасады.
Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне байланысты МЕСТ 10529-86 талабына сай 3 түрге бөлінеді.
1.Т05, Т1-дәлдігі жоғары теодолиттер. Олар 1, 2 кластық триангуляция мен полигонометрия бұрыштарын өлшеуге арналған.
2. Т2, Т5 - дәл теодолиттер. Олар полигонометрия бұрыштарын өлшеуге арналған.
3. Т15, Т30 және 2Т30М, Т60 - теодолиттік, тахеометриялық жүрістерде, түсіру торларында және де жер үстіндегі, астында жүргізілетін маркшейдерлік жұмыстарда қолданылады. Орта квадратты өлшеу қателері 15/, 30/, 60/. Санақ тетіктеріне байланысты верньерлі және оптикалық теодолиттер болып бөлінеді. Санақ тетігі верньермен жабдықталған металдан жасалған теодолиттер - ТТ 50, ТТ 5.
Бұрыш өлшейтін құрылғылары шыныдан жасалған теодолиттерді оптикалық теодолиттер деп атайды. Бұларда вертикаль және горизонталь санақтар оптикалық жүйелер арқылы арнайы микроскопта көрінеді. Ось жүйелерінің құрылғысына байланысты теодолиттер қайталанбайтын және қайталанатын болып бөлінеді. Қайталанбайтын теодолиттерде лимбтің тек бекіту бұрандасы немесе лимбті бұрайтын және оны әртүрлі қалпында бекітетін тетіктері болады. Қайталанатын теодолиттер лимб пен алидада осьтерінің арнаулы қайталау жүйесінен тұрады. Ол лимбті өзінің осі арқылы алидадамен бірге айналдыра алады. Бұндай теодолитте алидаданың кезекпен айналуына байланысты лимбте горизонтадь бұрыштың мәні n рет салынады да, өлшеу дәлдігі жоғарылайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет