География сабағында экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы



Дата20.11.2022
өлшемі29,38 Kb.
#159054
Байланысты:
География сабағында экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы.Мамакова М.К


География сабағында экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы
Мамакова Мадина Курманалиевна
Тарих және география пәні мұғалімі , Б. Момышұлы атындағы №44 ЖОББМ, Шымкент қаласы
Республикамыз дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға, отан сүйгіштікке баулитын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде.
Себебі, "табиғат - қоғам - адам" жүйесіндегі қарым - қатынастардың шиеленісуі жылдан - жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Экологиялық тәрбие экологиялық білімділікпен тығыз байланыста қалыптасады.. Экологиялық білім беру бағытында негізділері: "экологиялық сана", "экологиялық сауаттылық", "экологиялық этика", "экологиялық мәдениет", "экологиялық білім", т. б. Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушылардың табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 31 бабында "...мемлекет адамның өміріне және денсаулығына қолайлы жағдай жасап қоршаган ортаны қорғау мақсатын көздейді " делінген. 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы "Қоршаған ортаны корғау туралы" Заңының 73-74 баптарында экологиялық білім мен тәрбие берудің" жалпыға бірдейлігі және үздіксіз болуы қарастырылған сонымен бірге басшыларды аттестациялау кезінде олардың кәсіби экологиялық әзірлігін ескеру керегі айтылған. Бұл ережелер мен ұстанымдар Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңында да көрініс тапқан.
Қазақстанда көпшілікке жасөспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие берудің құқықтық негіздері жасалды. Мәселен Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен қабылданған "Қазақстан стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы" (1996), "Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасы" (1997), "Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы" (І998), "Экологиялық білім бағдарламасы" (1999ж) т.б. құжаттар осының айғағы.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілекке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор. Біз табиғи факторлар – су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемі мен таныстыру арқылы оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейді. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі барынша күрделі, сан қырлы және өте маңызды болғандықтан, алдыңғы қатарлы философтардың, психологтардың,
Жалпы білім беретін мектептерде окушыларға білім беру мен тәрбиелеудің негізгі жолдарын атап көрсеткен Қазақстандағы табиғат зерттеушілерінің бірі академик Н. Сарыбеков. Оның табиғат қорғауға тәрбиелеу жайлы көптеген еңбектері үлкен жетістіктерімен жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында пайдаланылуда.
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстары қоғамның табиғатпен қарым-қатынасын қамтамасыз ету бағытында, яғни, табиғатты идеологиямен, саясатпен, экономикамен, адамгершілікпен, ғылыми теориямен байланыстыра оқыту арқылы жүзеге асырылуы керек.
Экология сабақтарыны мәні: оқушылардың экологиялық санасын көтеру, интеллектуалдық қабілетін дамыту, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету. Ендеше қазіргі заманғы біліктілік талаптарымен сәйкес келетін білім стандарттарын әзірлеуді және оқушылардың оқу - өндірістік тәжірибесін ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жетілдіру қажет – ақ. Бұл орайда бағдарлы білім беру жүйесі, арнайы оқулықтар, арнайы бағдарламалар, әдістемелік құралдар даярлау экологиялық білім саласындағы басты міндеттер болып табылады.
Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне көңіл бөлініп, әрқайсысына арнайы тақырып беріп, олардың ізденімпаздығын шыңдау басымдылыққа ие болады.
Экологиялық тәрбие мен білім беру – көп сатылы үрдіс. Біріншіден, адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін негіздейді. Екіншіден, жеке тұлғаның адамгершілік дүниетанымын тәрбиелейді. Үшіншіден, сарамандық іс - әрекетте білім мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін ерекшелік факторын қалыптастырады.
Экологиялық білім беру - ерекше қалыптасқан жүйе, болашақ ұрпақтың мүддесі мен қажеталігін және алғышарттарын сақтау, жер жүзіндегі адам өмірінің жоғары бағалануы, ақпараттық-экологиялық қоғамның жүзеге асырылуы.
География — тек теориялық білім беріп қана қоймай, оқушыларға оқығаны көзбен көрсететін, табиғи зандылықтарды ұғындыратын бірден-бір ғажайып пән. Сондықтан сабақта топырақ туралы өткенде, табиғатқа саяхат жасап, топырақ қабаттарын көріп, оны зерттеу үшін арнайы шұңқырларды қалай қазу керек екенін мұғалім өзі жетік білуі шарт. Бұл сабақтың оқушыларға өз беттерінше физикалық географиядан алған теориялық білімдерін өзіндік жұмыстармен ұштастырып, экологиялық тұрғыда саралап, талдап және корытынды жасай алуларына үлкен көмегін тигізеді.
Өзім дайындаған «Табиғатты аялайық» атты іс-шараға тоқталып өтейін. Семинарға 8 сынып оқушылары қатысты. «Табиғатты аялайық» тақырыбын алудағы басты мақсат оқушыларды табиғатты аялауға, сүйе білуге баулу, экологиялық тәрбие беру еді. Іс-шара мынадай жоспар бойынша жүргізілді.
1. Табиғат — тіршіліктің көзі. Экологиялық білім жайлы кіріспе.
а) Адам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы. ә) Қоршаған ортаны корғаудың жолдары

  1. Қазіргі экологиялық жағдайдың күрделілігі.

  2. Табиғатты қорғау — парызымыз.

4. Қорытындылау. Табиғатты қорғаудың маңыздылығы.
Көрнекілік: слайд,презентация.

  1. Рефераттар: «Табиғаттағы тіршілік», «Көгалдандыру, ағаштар мен бұтақтар», «Табиғатты қорғаудағы міндеттеріміз» т.б. Қызыл кітап, Қазақстанның флорасы мен фаунасы.

  2. Қазақстанның картасы «Қауіпті аймақтар».

4. Оқушылар шығармашылығынан суреттер, табиғат, туған ел туралы ән.
5. «Замана » (Семей полигонынан зардап шеккендерге арналған стенд).
6. Семей ядролық полигонының жабылу тарихы Олжас Сүлейменовтің сөйлеген сөзі. Назарбаевтың полигонды жабуға байланысты қаулысы (деректі фильм). Қазақстанның Қызыл кітабына кірген кұстар мен жануарлар суретінен стенд.
Экологиялық білім жайлы баяндамадан басталды. Адамзаттың береке-байлығы жер екені, халқымыздың жерден өсіп-өнгені, туған жердің экологиялық аймақтары айтылды. Бүгінгі Жер-ананың мүшкіл халін оқушылар тебірене айтты. Қазіргі экологиялық жағдайлар, Семей маңындағы жарылыстар жөнінде «Заман зардабы» тақырыбында презентациясы жасалды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Семейдегі ядролық полигонды жабуға арналған қаулы туралы деректі фильм көрсетілді.
Бүгінгі таңда табиғат анамызға тіземізді батырып, жерге қопарылыс жасап, ойран салудан табиғат әсемдігінен, үйлесімділігінен айрылып, экологиялық дағдарыс әлемдік проблемаға айналды. Табиғи орта ластанған. Арал теңізінің жоғалып кету қаупі тұр. Өзен суларында 20 есеге артық мұнай, т.б. зиянды өнімдер бар. Теңіз тартылу зардабынан 34 түрлі балықтың азайғаны дүние жүзінде сирек кездесетін құбылыс. Балқаш өңірі, Абай жері, Сыр өңірі бәрі де өзінің келбетін жоғалтып отыр. Сондықтан да табиғат-ананы қорғау-адамзат парызы. Оны ұрпаққа ұғындыру, тәрбиелеу мектептің міндеті. Экологиялық тәрбие балалық шақтан басталуы тиіс. Баланың алғашқы қалыптасуы, көзқарасының, азаматтық санасының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті сезінумен бірге тәрбиеленуі керек.
Әр бала өзін қоршаған ортаның құрлысын, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын бұзбай сақтау жолдарын, табиғатты қорғаудағы өзінің жауапкершілігін білуге міндетті. Экологиялық тәрбиенің мақсат-міндеті жас ұрпаққа өзі мекен еткен табиғи ортаның әсемдігін, мөлдірлігін, тұнық ауасын бұзбауға, үйлесімділігін сақтауға, қамқорлықпен, жанашырлықпен, мейірімділікпен, сезімталдықпен қатынас жасауға тәрбиелеу. Жас ұрпаққа табиғатты қорғау мен байлығын асырап етпеудің ғылыми негіздерінің басты заңдылықтарын үйрету.
Адам өз бойындағы адамгершілік асыл қасиеттерін туған жерінің табиғатымен, өскен ортасымен байланыстырады. Қазақ халқының туған жерге деген ыстық ықыласын таныта білген данышпан әрі ақылғой Асан қайғы бабамызды қазақтан шыққан алғашқы эколог деп мақтан етеміз. Оның Жерүйықты іздеп жүріп, қазақ жерінің әрбір өзен-суына, кең байтақ даласы мен асқар тауларына берген бағасы осы күнге дейін құнын жойған жоқ. Ал Қорқыт бабамыздың "Асқар тауларын құламасын, саялы ағаш сынбасын, қанаттарын қырқылмасын" деген өсиет сөздерін бала құлағына сіңіру және оның мағынасын түсіндіру - міндетіміз.
Халқымыздың салт-дәстүрлері бойынша, Наурыз мейрамының туған жер табиғатын түлетуге, көркейтуге қосатын үлесі зор. Бұл мейрамның басты мақсатының өзі табиғат заңдылықтарына үйлесімді табиғи тепе-теңдікті сақтауға негізделген. Айналаны тазарту, ағаш отырғызу, бұлақ көзін ашу адамның табиғат-ана алдындағы міндеті екендігін түсіндіру......
Пайдаланылған әдебиеттер 

1. Ақбасова А.Ж. «Экологиялық энциклопедия». Алматы 2007.302 бет.


2. Асқарова У.Б. «Экология және қоршаған ортаны қорғау». Алматы 2004. 90 бет.


3.Оқушыларға экологиялық білім берудегі инновациялық мәселелер. // Менеджмент в образованиях. Алматы, 2007.

4.Экологиялық білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану. // Білім-Образования. 2007. №4, 101-103 б


« Рухани адамгершілік тұлғаны қалыптастырудағы өзекті технологиялар » тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысу үшін өтінім






Толық аты-жөні

Жұмыс орны,лауазымы

Секция атауы

Мақала атауы

Электронды поштасы

Байланыс номері

Тіркеу жарнасына төленген түбіртек көшірмесі

1

Мамакова Мадина Курманалиевна

Б.Момышұлы атындағы №44 ЖОББМ, тарих және география пәні мұғалімі

6-секция Қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру-игілікті іс

География сабағында экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы.

madinkamamakova@gmail.com

87752426196





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет