Гидросфера



Дата16.05.2022
өлшемі15,88 Kb.
#143439
Байланысты:
гидросфера




Гидросфера
Гидросфера - жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдігі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Гидросферада су үш күйде болады: сұйық, қатты, газ. Гидросферадағы барлық судың мөлшері - 1,6 млрд км куб, мұхит теңіз сулары - 96,5 %, тұщы су - 2,5 %. Жер бетінің 3/4 бөлігін дүниежүзінің мұхит суы алып жатыр. Су айналымы 2-ге бөлінеді:

  1. Кіші су айналымы - судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан мұхитқа қайтып қосылуы.

  2. Үлкен су айналымы - судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа қайтып қосылуы.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет