Гормондар биохимиясы


Қалқанша безінің гиперфункциясы немесе Базедов ауруы. Тиротоксикоз. Гипертироз



бет30/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Қалқанша безінің гиперфункциясы немесе Базедов ауруы. Тиротоксикоз. Гипертироз. Қалқанша бездері функциясының бұзылуы қалқанша безінің қызметін реттейтін, гипофиздің ТТГ-на байлынысты. ТТГ-ның артық мөлшерде түзілуі қалқанша безінің гиперфункциясына алып келеді. Тироидты гормондардың гиперсекрециясының әсерінен Базедов ауруының клиникалық белгілері байқалады. Ауруларда «зоб» ұлғаяды. Бұл гипертрофия, яғни жасуша көлемінің ұлғаюы әсерінен қалқанша безінің массасының (салмағы) ұлғаюы және гиперплазия (жасуша санының артуы) әсерінен қалқанша безінің массасын ұлғайтады. Бұл белгілердің пайда болуы бездің гиперфункциясы кезінде гормондар синтезінің ұлғаюы үшін көп мөлшерде йод қажеттілігімен сипатталады. Йод қан ағысымен қалыпты мөлшерде бөлініп, бездің массасы қан ағысымен түскен йодты көбірек ұстау үшін едәуір ұлғаяды. Ауру майлар мен ақуыздардың ыдырауының тез, әрі басым жүруінен салмақ жоғалтады. Мұнымен аурудың аппетитінің жоғарылауын да түсіндіруге болады. Тироксиннің санының жоғарылауы митохондрий мембранасының өткізгіштігін арттырып, жылуға қарсы тұруды кемітеді. Сондықтан биологиялық тотығу мен тотығудан фосфорлану қосарлануын құрайды. Нәтижесінде АТФ синтезі азайып, Р/О коэффиценті төмендейді. Тотығудан фосфорлану реакциясына қолданылмаған тотығу энергиясы жылу түрінде бөлінеді. Сондықтан, мұндай кезде аурудың температурасы қалыпты жағдайдағыдан 0,5 – 10 С-ке жоғарылайды да, ыстықтықты сезіну байқалады. Тері ыстық болғанымен, эндогенді судың бөлінуінің күшеюінен теріде ылғалдылық (сулы) болады. АТФ түзілуінің төмендеуінен, тез шаршау және бұлшық еттер әлсіздігі білінеді.
Базедов ауруында көп байқалатын жүректің жиі соғуы биологиялық тотығудың күшейуінен оттегіге перифериялық ұлпалардың жоғары қажеттілігі, өкпе мен жүректің жұмысын күшейтетіндігімен түсіндіруге болады. Мұндай ауруда Nа мен су реабсорбцияланбағандықтан, йодтирониндер вазопрессиннің түзілуін тежеп, салдарынан диурез жоғарылайды.
Тиротоксикозды емдеу үшін антитироидты препараттар: метилтиоурацил, пропилтиоурацил, тиомочевина, 5-винил-2-тиооксазолидон, мерказолил және басқа мочевинаның туындылары пайдаланылады. Антитироидтық препарат ретінде калий перхлораты (КСlО4) және сәулелік терапия әдісі радиоактивті иодпен емдеу пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет