Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет22/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ
222, 1CF6083B-4E44-4FC3-A38C-667181A26B43, Инклюзия СТ БЕ 3, Инклюзия СТ БЕ 2
құдірет, 
қаблет, қаракет
тәрізді нұсқасына артықшылық беру қажет. Бейүндес 
буынды сөздердің сингармонизм заңдылығы бойынша палатализация 
құбылысына ұшырауы г фонемасының (ғ
і
) тәрізді жаңа бір реңке ие бола 
бастағанын байқатады: (ғаныйбет) (ғ
і
ан
і
ій б
і
ет
і
). Әдетте мұндай бейүндес 
буын диахрондық тұрғыда сингармозаңдылық бойынша екі түрлі жолмен 
игерілетін: 1) сөздегі буындар бастан-аяқ жуан әуезге көшеді (ғазыйз, 
қазыйз), 2) сөз басындағы дауыссыз түсіріліп айтылып, барлық буын жіңішке 
әуезбен айтылады (әзійз), (әзіз). Қазіргі кезде, біздің байқауымызша, 
бейүндес буынды сөздердің ауызша игерілуінің жаңа бір жолы қалыптасып
келеді. Ол – 
к
фонемасының (ғ
і
) түріндегі жаңа бір теңкте айтылуы. Мысалы: 

і 
азійз), (ғ
і
анибет) т.б.
Жалпы халықтық тілдегі 
л/д
сәйкестігіне байланысты сөздіктерде 
бірсыпыра сөз екі түрлі ыңғайда жазылып жүргені мәлім: ақшадай/ақшалай, 
тірілей/тірідей, жылылай/жылыдай. Егер морфемалар жігіндегі қалыптасқан 
жүйені ескерсек, «л» нұсқасының басым екені байқалады (таулар, сыйлар, 
саулық, сайлық). Олай болса жазу нормаларын қалыптандыруда бұл үрдіс 
ескеріліп, «л» нұсқасына артықшылық берілуге тиіс: 
ақшалай
(ақшадай 
емес), 
тірілей
(тірідей емес) т.б.
Жазу нормаларын қалыптандыруға байланысты қиындықтардың бірі – 
күрделі сөздердің не бөлек жазылуы. Сөздіктерде
ақбөкен
бірге, 
ақ аю
бөлек 
жазылған. Неге? Сырт қарағанда екеуі де бір типке жататын сияқты. Осы 
тұрғыдан қарағанда сөздіктерде бірізділік жоқ тәрізді. Ал, шынында, 
ақ аю, 
ақ бөкен
дегендегі 
ақ 
бір емес. Бірінші тіркестегі ақ сөзі өзінің 
экстралингвистикалық мәніне сәйкес (Д
1
), ал екінші тіркестегі ақ сөзі 
экстралингвистикалық ұғымдағы «ақ» -қа сәйкес келмейді (бөкеннің сүттей 
ақтығын көрсетіп тұрған жоқ), яғни бұл сема коннотат екіге (К
2
) жатады. 


Енді осы екі тіркестің сыңарларын семалар бойынша көрсетсек, бұлардың 
екі басқа құрылымға жататынын айқын көруге болады:
ақ аю
Д
1
Д
1
ақ аю 
 
ақ бөкен 
К
2
Д
1
ақбөкен 
Міне, сондықтан бұл тіркестің бірінің бөлек, ал екіншісінің бірге 
жазылуы әбден мүмкін. Бұл арада бірізділік жоқ деуге болмайды. Бірінші 
тіркес (Д
1
Д
1
) идиомаланудың жоғарғы сатысына көтерілген. Сөйтіп, 
тіркестің идиомалану сатысы жоғарылаған сайын оларды бірге жазу – қазіргі 
тіл жүйесіндегі аса күшті үрдістердің бірі.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды түйіндей келгенде, жазу
тәжірибесінде әртүрлі нұсқада жазылып жүрген сөз топтарын жинақтай 
отырып, олардың себеп-салдарын көрсетуге, тіл жүйесінің даму үрдісіне қай 
нұсқаның сай келетінін анықтауға тырыстық. Бірақ бұл жерде қазақ 
орфографиясындағы күллі қиындықтар мен қайшылықтарды бастан-аяқ 
түгел қамтылып себеп-салдары түгел ашылды деуден аулақпыз. Өйткені бұл 
мәселе бір зерттеудің ауқымына сыймайды. Оның үстіне кейбір норманы
қалыптандыру мәселесі әлі де болса өмір тәжірибесінен, уақыт сынынан
өткізуді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   195




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет