Қорықтар тек саны азайып , жойылып кетуге жақын тұрған жануарлар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа алынып қоймай , сонымен қатар өлкеміздің көрікті ландшафтары - табиғат кешендері сол қалпында сақталады . Шындығында да кең байтақ республикамызда қорықтардың аздығы кімді болса да ойландырмай қоймайды . Қазақстанда ұйымдастырылған Ақсу - Жабағлы , Алматы , Наурызым , Барсе келмес , Қорғалжын , Маркакөл , Үстірт , Батыс Алтай , Алакөл қорықтары табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып отыр . Қорықтар бұл табиғат обьектілерін қорғаудың ең жоғары формасы . Қорық аумағы шаруашылық кешендерінен босатылып , онда кен өндіру , құрылыс салу, аң - құс ату, балық аулау , шөп шабу, мал жаю жәнне ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тыйым салынады . Қорықтағы экологиялық