Грекше theos



Дата22.04.2020
өлшемі17.55 Kb.

1.Атеизм - [а - теріске шығарушы бөлшек, theos - құдай] - жаратылыстан тыс күштерге (құдайға, аруаққа, рухқа, о дүниеге және т.б.) сенуді жоққа шығаратын көзқарастар жүйесі, бүкіл дін атаулыны жоққа шығару. КСРО дәуірінде Атеистік насихат күшейді. Ұжымдастыру, тәркілеу және т.б. саяси науқандарда дін иелері жаппай қудаланды, қара халық құранды тығып оқып, "біссімілләні" күбірлеп айтатын халге жетті. "Дін - апиын!" деген сияқты жалаң ұрандар қаптады. Атеистік насихатты қарқынды жүргізу туралы арнайы қаулылар қабылданып, жоғары оқу орындарында "Ғылыми атеизм негіздері" курстары оқытылды.

2.Деизм - (лат. Dues - Құдай) дүниенің негізін Құдай жаратты, бірақ, адамның іс-әрекетімен қоғам өміріне араласпайды деп тұжырымдау. Негізін салған 17 ғ. Ағылшын философы, лорд Чербери.Теизм (грекше theos – Құдай) – Құдайдың барлығы мен оның дүниеге, адамға қарым-қатынасын негіздеп түсіндіретін діни таным.

3.Теизм (грекше theos – Құдай) – Құдайдың барлығы мен оның дүниеге, адамға қарым-қатынасын негіздеп түсіндіретін діни таным. Теизм ді термин ретінде ағылшын философы Р.Кедворт (1617 – 1688) енгізді. Ағартушылық дәуірде христиан дүниетанымының негіздері сынға ұшыраған кезеңде, христиандықтың Құдай жайлы ілімін қорғап, дәлелдеуге бағытталған діни көзқарас ретінде пайда болды. Теизм Құдайды мәңгілік деп, мінсіздігі, құдіреттілігі, рақымдылығы сияқты ізгі сипаттарымен танитындықтан, ондағы негізгі түсініктер монотеистік діндердің бәрімен үндес деп біледі. Христиан догматына тән ерекшелігі ретінде Теизм дегі Құдайды Рух, абсолютті болмыс, шексіз тұлға, рухани-тұлғалық шындық деп танитынын айтуға болады. Теизм пантеизмге, деизмге, атеизмге қарсы монистік тұжырымдама болып саналады. Теизм Құдай және оның болмысын ақыл-парасат арқылы тануға болады деп біледі, сонымен қатар мистик. танымды да жоққа шығармайды

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет