Гуманистік психологияның көрнекті өкілдері А. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы



Дата01.12.2022
өлшемі5,83 Mb.
#160805
Байланысты:
Гуманистік психологияның көрнекті өкілдері - А.Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы
Өзін-өзі танудың отбасы тәрбиесіне ролі, Молекулалну физина

Гуманистік психологияның көрнекті өкілдері - А.Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы
Гуманистік психология-американдық, қазіргі батыстық бағыттардың бірі, 50-ші
жылдары Калифорнияда туындады. Гуманистік психологияның зерттеу пәніне
өзін-өзі белсендендіруге ашық мүмкіндік беретін толық жүйе ретіндегі тұлғаны
жатқызады. Ол егер адамға өз тағдырын таңдау мен бағыттауға мүмкіндік берсе,
әрбір адамның даму мүмкіндігіне негізделеді.Оның негізгі принциптерінің
құрылуы мен пайда болуы американдық психолог А.Маслоудың есімімен
байланысты. Оның орталық көзқарасына-шынайы психикалық денсаулықты
көрсететін максималды шығармашылық, өзін-өзі ұйымдастыру қажеттілігі туралы
көрініс, тұлғаның құрылу түсінігі болып табылады.
А. Маслоу бойынша тәрбие мен қоғамдық нормалар адамдарды өздерінің
сезімдері мен қажеттіліктерін ұмытуына және басқалар атаған құндылықтарды
қабылдауына мәжбүрлейді. Сондықтан адамдардың негізгі қажеттіліктерін
қанағаттандыру мүмкіндіктері жоғары деңгейдегі қажеттіліктерді қанағаттандыру
мен пайда болуға кедергі жасап, шектеулі болып келеді.
Қажеттіліктер – жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін
қамтамасыз ету үшін обьективті түрде керек нәрсеге мұқтаждық, белсенді
әрекеттің ішкі қозғаушысы. Қажеттіліктер субьект пен оның қызметінің өзара
байланысын көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және мінезқұлықтан көрініс табады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатты іс-әрекеттің
нәтижесінде іске асады. Қажеттілікті тәрбиелеу тұлғаны қалыптастырудың
орталық міндеттерінің бірі болып табылады.
А.Маслоудың пікірі бойынша, өзін-өзі таныту туа біткен құбылыс, ол адам
табиғатына енеді. Адамгершілік, жақсылық жасау, жақсылық тілеу адамның
өзегін құрайды. Адам осы гуманистикалық қажеттіліктерін жүзеге асыра білуі
керек. А. Маслоу теориясындағы бұл тұжырым дұрыс деп саналды. Өз
көзқарастарын ол “Адамдық мотивация теориясы” (1934), “Психологияға
шолу”(1934), “Мотивация мен индивидуалдылық” (1970) атты ғылыми
еңбектерінде баяндаған
Маслоу “қажеттіліктер пирамидасы ” деп аталып кеткен
ынтаның (қажеттіліктердің) иерархиялық теориясын жасаушы ретінде танымал
ғалым. адамның қажеттілктерінің күнделікті және олардың ынталандыруға әсері
туралы еңбегінен еңбегінен білген бихевиорисердің бірі болып А.Маслоу табылды.
Онымен құрастырылған кең танымал қажеттіліктердің иерархиясы келесі негізгі
ойлар мен алғы шарттарды кіргізеді:
✓ адамдар үнемі қандай да қажеттіліктерді сезеді;
✓ адамдар бөлшек топтарға біріккен күшті белгіленген қажеттіліктер жинағын
бастан кешіреді;
✓ қажеттіліктер тобы бір-біріне қатысты иерархиялық түрде орналасқан;
✓ қажеттіліктер қанағаттандырылмаса, адамды іс-әрекеттерге түрткілейді.
Қанағаттандырылған қажеттіліктер адамдарды қайта ынталандырмайды;
✓ егер қажеттілік қанағаттандырылса, оның орнын басқа қанағаттанбаған
қажеттілік басады;
✓ көп жағдайда адам бір-бірімен жинақтылық қатынаста болатын бір уақытта
бірнеше әр түрлі қажеттіліктерді сезеді;
✓ "пирамиданың" негізіне жақын тұрған қажеттіліктер ең бірінші ретте
қанағаттандыруды талап етеді;
✓ жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктер төменгі деңгейдегі қажеттіліктер
қанағаттанған соң адамға белсенді түрде әсер етуді бастайды;
✓ төменгі деңгейдегі қажеттіліктерге қарағанда жоғарғы деңгейдегі
қажеттіліктердің көп санымен қанағаттанулары қажет.
Маслоудің іліміне сәйкес адам түрлі қажеттіліктерге ие, оларды негізгі 5
категорияға бөлуге болады:
Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы
Бұл теория қазіргі басқару теориясы мен тәжірибесінің дамуына үлкен әсерін
тигізді. Бірақ өмір осал жерлері бар екенін де көрсетті. Біріншіден, қажеттіліктер
көптеген жағдайлы факторларға байланысты түрліше көрінуі мүмкін (жұмыстың
мазмұны, ұйымдағы жағдай, жас, жыныс және т.б.). Екіншіден, бір топ
қажеттіліктің басқа қажеттіліктің артынан Маслоу “пирамидасы” көрсеткендей,
жүруі мүмкін емес. Үшіншіден, жоғары деңгейдегі қажеттіліктердің қанағаттануы
олардың ынталандыруға әсер етуді әлсіздендіруге әкелуі міндетті емес. Осы
ережеден басқа оның қанағаттану дәрежесіне қарай ынталандыруға өзінің әсерін
әлсіздете және тіпті күшейте алатын өзін көрсету қажеттілігі болып табылады.
Тұлғаның дамуын түсіндіруге арналған негізгі принциптер: жоғарыдағы
қажеттіліктерді ұйымдастыруға кіріспес бұрын, төмендегі қажеттіліктерді
қанағаттандыру қажет. Онсыз жоғары деңгейде тұрған қажеттіліктер
қанағаттандырылмайды. Негізінде адам қажеттіліктер табалдырығына неғұрлым
көп көтерілсе, соғұрлым ол дара және дені сау, гуманды болады. Пирамиданың ең
үстінде өзін-өзі белсендендірумен байланысты қажеттіліктер тұрады. Бұл
деңгейге тек 1% ғана жетеді. Көбісінің өзінің потенциалына көзі жабық және оның
бар екенін білмейді. Қоғамда тұлғаны белсендіндіру тендециясы бар, оған
қоршаған орта әсер етеді. Ол отбасына да қатысты: достық, сенімділік, қауіпсіз,
қажеттіліктері қанағаттандырылған ортада өскен балаларда өзін-өзі
белсендендіруге де мүмкіндік бар. Негізінде, егер адам өзін-өзі белсендендіру
деңгейіне шықпаса, бұл дегеніміз төмендегі қажеттіліктердің біреуінің
«шектелгендігі»
Тұлғаның дамуы- бұл өзінің «шынайы Менін» түсінудегі тенденция сияқты өзін-өзі
белсендендіру мен өзінің «шынайы Менін» түсінудің жоғарылау, конкуренттіліктің
жоғарылауы.
«Өзін-өзі белсендендіру» дегеніміз не? деген сұраққа А. Маслоу: «Өзін-өзі
белсендіруде адамдар белгілі бір іс-әрекетке енгізіледі. Тұлға осы іске
берілгендіктен, ол үшін құнды болып табылады».
Топқа ену мен өзін сыйлау сезімі-өзін өзі өзектендіруге қажетті жағдай, өйткені
адам өзін тек өзі және басқалар туралы ақпарат алғанда ғана түсіне алады.
Керісінше, тұлғаның дамуына кедергі жасайтын патогендік механизмдер
мыналар: шынайылыққа қатысты пассивті позиция, шығарып тастау және
«Менді» қорғаудың басқа амалдары, проекция, ауыстыру, заттардың шынайы
жағдайын ішкі тепе-теңділікке қарай бұрмалау
Назарларыңызға рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет