Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы



Дата07.02.2022
өлшемі15,93 Kb.
#88372
Байланысты:
2020-2021 жж әдістемелік ақпарлама №1
2020-2021 жж әдістемелік ақпарлама №1, 2020-2021 жж әдістемелік ақпарлама №1

"Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 381 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы бұйрығына сәйкес COVID-19 таралуының алдын алу және шектеу мақсатында қашықтан оқыту процесін ұйымдастыру
12 жалпы білім беру орта мектебі әдістемелік кабинетінің 2020-2021 оқу жылының 1-ші тоқсанында атқарған жұмыстарының ақпарламасы
COVID-19 таралуының алдын алу және шектеу мақсатында қашықтан оқыту процесін ұйымдастыру барысында білім алушыларға қолайлы интернет-платформа таңдалды.Қашықтан оқыту процесін ұйымдастыру барлық мектеп үшін қатаң бекітілген дәстүрлі кесте бойынша емес, икемді, жеке кесте бойынша өтетіндігі, мектептің оқу жұмыс жоспарына сәйкес әр күн сайын қанша оқу пәні оқылатыны, бір пән бойынша сабақтың ұзақтығы көрсетілмейтіні және оның білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне және тапсырмаларды орындауына байланысты болатыны,«ELARNA», «БАЛАПАН» телеарналарынан телесабақтарды көрсетілетіні, телесабақтарды кез келген ыңғайлы уақытта BilimLand платформаларынан, youtube-арналарынан қайта көруге болатыны, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін интернет ресурстарының – BilimLand, Ok.edus.Kz, Daryn.online, MicrosoftTEAMS, GoogleClassRoom мүмкіндіктері, бір күн ішінде білім алушыларды оқытудың жеке кестесі, әр күнге оқу тапсырмасын алу әдістері мен құралдары және оларды білім алушыға ыңғайлы уақытта орындау, электрондық журналдар немесе мұғалім белгілеген басқа да қолжетімді байланыс түрлері, оның ішінде мессенджерлер арқылы кері байланысты орнату, электронды күнделікке сабаққа қатысу туралы ақпарат енгізілмейтіндігі, қашықтықтан өткізілетін сабақтар ата-аналардың қолдауын және қатысуын, білім алушының тапсырмаларды өздігінен орындауын талап ететіні туралы хабарлама оқушылармен ата-аналарға айтылды.
Мектептің оқу жұмыс жоспарына сәйкес барлық оқу пәндері бойынша сабақтар 100% өткізілді. Сабақты қашықтан өткізу кезеңінде ата-аналардан білім алушылардың тапсырмаларды орындауын фото,бейне арқылы растауын талап етілмеді,қашықтықтан оқытуға қатысты мұғалімдерден есептердің қосымша түрлерін толтыруы және тапсыруы талап етілмеді,білім алушыларға арналған оқу тапсырмаларының көлемі ҚР БҒМ ұсынған көлемдерден аспауы қадағаланды,білім беру процесіне қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайы ескерілді.
Қашықтан оқыту процесін ұйымдастыру мақсатында әдістемелік кабинет тарапынан мұғалімдердің сабақтарының тиімді өтуін,оқушылардың сабаққа қатысын,қалыптастырушы бағалаудың дұрыс жолға қойылуын,жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «іс-әрекеттегі зерттеу» Lesson Stady бақылауын жүргізетін «Зияткер» қоғамдастығының деңгейлік курстан өткен пән мұғалімдері және бірлестік жетекшілерінен фокус топтар құрылды.
Пән бойынша құрылған фокус топтар ең алдымен сауалнама жүргізу арқылы төмен сапа көрсетіп отырған сыныптарды анықтады.Барлық пән мұғалімдерінің онлайн сабақтарына қатыса отырып,оқушылардың сабаққа қызығушылығына,мұғалімнің сабаққа дайындығына, интернет-платформаларды тиімді пайдалануына басты назар аударды.
Сабақ жоспарының негізінде педагог білім алушыларға өздігінен оқу/орындау үшін оқулықтан оқу материалы мен тапсырмаларды ұсынады.Сонымен қатар, интернет-платформаларда орналастырылған сабақтарды, қолжетімді сандық білім беру ресурстарын пайдалануды ұсынады.
Ұсынылатын интернет- платформалар:
•BilimLand;
•Ok.edus.Kz;
•Darin online.
Өздігінен орындауға арналған оқу тапсырмасын электрондық журналдар жүйесінде, интернет-платформада, электрондық пошта, WhatsApp, басқа мессенджерлер арқылы ұсынуға болады.Кері байланысты ok.edus.kz арқылы, электрондық журналдар болмаған жағдайда мұғалімнің қалауы бойынша байланыстың қолжетімді түрлері арқылы жүзеге асыру ұсынылады (мұғалім кері байланысты ұсыну кезеңділігін өз бетінше анықтайды). Қашықтан сабақ өткізу алгоритмі:сабақтың тақырыбы мен түрін анықтау (жаңа тақырыпты зерделеу, қайталау, тереңдету, бақылау және т.б.),сабақтың ұйымдастыру моделін пысықтау,оқу құралдарының тізбесін анықтау,білім алушыға оқу материалдарының қолжетімділігін қамтамасыз етіліп отырды
Сабақ барысында әртүрлі ақпараттық оқыту материалдарын па.йдалану (мәтіндік, презентациялар, графикалық, медиа, суреттер, кестелер, инфоргафика және т. б.). Мұғалімдер сабақты ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін қолдана білуге дағдылана бастады (ішінара-іздеу, материалдың проблемалық тұсын түсіндірудің эвристикалық әдісі, зерттеу және т.б.). Білім алушыларға мұғалімнің бейне сабағын (егер ол бұрын жазылған болса) кез келген уақытта қарауға мүмкіндік берілді (офлайн режимі).
Қашықтан оқыту барысында білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттері ескерілді, жоғары сынып оқушыларына шығармашылық (жазба жазу, кейіпкердің сипаттамасы, кітапқа аннотация және т. б.), жобалау жұмыстарды, зерттеу және т. б. жүргізілді, әлеуметтік желі чатында, поштада топпен хат алысуда білім алушылардың топтық жұмыстары мүмкіндігінше тиімді әдіс ретінде пайланылды.
Дидактикалық принциптерге сәйкес оқу материалын және үй тапсырмасын эстетикалық жағынан да оқылуы бойынша да сапалы дайындауына,өздігінен оқу және орындау үшін үй тапсырмасын жас ерекшелігімен мүмкіндігін ескере отырып,берілуі қадағаланды.
Мұғалімнің білім алушылармен кері байланысты ұйымдастыруда оқушылардың орындаған жұмыстарының нәтижелерін қабылдауы,орындалған тапсырмаға талдау жүргізуі,оқушылар үшін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке консультациялар өткізілуі қадағаланды.
Апта соңында фокус топтарының ZOOM платформасында өткен жиналыстарында бақылау жұмыстары талқыланып отырды. Пән бірлестік жетекшілерімен құрылған фокус топтарының бақылау жұмыстары өз жұмыстарын жалғастыруда.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет