Халықаралық ғылымдар ұйымы жоспар


БҰҰ АТМЭӘК ынтымақтастығы жөнінде



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі23,39 Kb.
#84309
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Алина
ҒЫЛЫМ ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНІ ӘДІСТЕРІ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ, Арука слайд1, problemnoe obuchenie diplom
БҰҰ АТМЭӘК ынтымақтастығы жөнінде 
Қазақстан 1993 жылы БҰҰ АТМЭӘК мүше болып кірді.
Көлік және коммуникация министрлігі АТМЭӘК-пен ынтымақтастықты «Көлікті дамыту» бағдарламасы бойынша жүзеге асырады, ол көлікті жалпы жоспарлау мен халықаралық тасымалдауды жеңілдетуді, автомобиль жолдары мен жол көлігін, темір жолдары мен темір жол көлігін қамтиды.
1995 жылдан бастап Қазақстан БҰҰ АТМЭӘК «Азияда жер үсті көлік инфрақұрылымын дамыту» (АЛТИД) жобасына белсенді қатысып келеді, ол үш ықпалдасқан құраушыдан тұрады: Азиялық тас жолдар, Трансазиялық темір жол магистралі және жер үсті тасымалдарын оңайлату.
Бірінші құраушының оң нәтижесі ретінде 2005 жылғы 26 сәуірде Шанхай қаласында (ҚХР) Азия автомобиль жолдары желісі жөніндегі үкіметаралық келісімге 26 мемлекеттің, соның ішінде Қазақстанның қол қойғанын атап айтуға болады.
Екінші құраушының оң нәтижесі Инфрақұрылым жөніндегі министрлер конференциясында қол қойылған (2001 жылғы 16-17 қараша, Сеул) Трансазиялық темір жол магистралінің солтүстік дәлізі арқылы бағдарғылық поездардың жүріп өтуін жоспарлау мен жүзеге асыру, және өзаратүсіністік туралы Меморандум болып табылады.
Қазіргі уақытта БҰҰ АТМЭӘК әзірлеген Трансазиялық темір жол магистралі жөніндегі үкіметаралық келісім жобасы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы жоба Бангкок қаласында 2004 жылы 22-23 қарашада өткен ТАТМ бойынша үкіметаралық келісім жобасын талқылау жөніндегі өңірлік кездесуде талқыланды. Өңірлік кездесу жұмысына Көлік және коммуникация минстрлігі Қатынас жолдары комитетінің төрағасы Н.Т. Байдәулетов қатысты. Бүгінгі күні осы құжаттың жобасы, Қатынас жолдары комитеті мен «ҰК «Қазақстан темір жолы» АҚ-да қарауда жатыр.
Екінші құраушының тәжірибелік нәтижесі Трансазиялық темір жолының: Қытай - Қазақстан - Ресей - Беларусь - Польша - Германия Солтүстік дәлізін дамыту болып табылады, сондай-ақ 2001 жылғы желтоқсанда Үрімші-Алашанькоу-Достық-Петропавл-Орша-Малашевичи (Польша)-Седин бекеті (Берлин) бағыты бойынша көрме контейнерлік поездің өтуі, ол осы көрсетілген бағытпен тұрақты контейнерлік қозғалысты жүзеге асыру мүмкіндігін көрсетті.
Қазақстан АЛТИД жобасының үшінші құраушысын іске асыру мақсатында халықаралық келісімдер мен конвенцияларға қосылу жөнінде жұмыстар жүргізуде.
БҰҰ ЕЭК/АТМЭӘК бірлескен «Еуразиялық көліктік байланыстарды дамыту» жобасы шеңберіндегі ынтымқтастық жөнінде.
Бұдан басқа Қазақстан БҰҰ ЕЭК/АТМЭӘК бірлескен «Еуразиялық көліктік байланыстарды дамыту» жобасына белсенді қатысады, ол жоба БҰҰ «Өңіраралық жер үсті және жер-теңіз көлік байланыстарын дамытудың институционалды мүмкіндіктерін өсіру» Даму Есебі жобасының құоаушысы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет