Хамзиева Милана Қдс-102 Тақырып №6 Тақырыптың негізгі сұрақтары


Сабақ беру және оқыту әдістері



бет4/5
Дата04.01.2022
өлшемі86 Kb.
#109425
1   2   3   4   5
Байланысты:
Хамзиева Милана 102-ҚДС психо6
Хамзиева Милана 102-ҚДС психо6, биопотенциалдар
5. Сабақ беру және оқыту әдістері: кіші топпен жұмыс істеу, тренинг, психологиялық тест.

1тапсырма Үйрену тренингі. Үйрену тренингі бойынша тапсырманы үйрету мысалы (3 деңгей).

Тапсырма.

Келесі жағдайды шешіңіз:

Берілген баланың темперамент түрін анықтаңыз:

«Батырхан 5 жаста бойы өз жасынан биік емес, бірақ қозғалмалы және сымбатты. Егер ол құлап қалса, сол мезетте көзінде жас пайда болады, бірақ ол басылады. Ол өткеншекте ойнағанды, биік ағашқа шыққанды ұнатады. Ол өзі ойнап отырған ойынынан тез қайтып қалады. Кішкене торғай сияқтанып, оның көзі, басы анда-мұнда көп - көп қимылдай береді. Тез ұйықтап, тез ойанады. Оның ритмі нақтылық».
Шешуі:
Алдынала кестені толтырыңыз, берілген жағдайлардың әрқайсысына нақты алгоритмді теріп, сәйкестігін жазыңыз.




Алгоритм.

Алгоритмге ұсынылған нақты ситуацияны жазу.

1.

Берілген реакциялардың адамда пайда болу жиілігі.

Батырханды суреттеу кезінде «әдетте», «жиі» деген сөздер қолданылады. Бұл тәртібінің бір типтілігін көрсетеді.

2.

Нерв жүйесінің күшін анықтау.

Жоғарғы физикалық активтілік, нерв жүйесінің күшті екендігін көрсетеді (мыс: - «Әткеншекте ойнағанды, биік ағашқа шыққанды ұнатады»).

3.

Нерв жүйесінің тұрақтылығына анықтама беру.

Баланың ритмі – нақтылық, оның нерв жүйесінің тұрақтылығын көрсетеді (мыс: - «Егер ол құлап қалса, сол мезетте көзінде жас пайда болады, бірақ ол басылады»).

4.

Нерв жүйесінің қозғалғыштығы туралы.

Баланың бір істен екінші бір іске тез ауысуы, оның нерв жүйесінің қозғалғыштығын көрсетеді. (мыс: -

« Ол өзі ойнап отырған ойынынан тез қайтып қалады, оның көзі, басы анда-мұнда көп қимылдай береді»).



5.

Нерв жүйесінің әртүрлілігі.

Батырханда сонымен нерв жүйесі күшті, тұрақты, қозғалмалы.

6.

Темперамент типтерінің қасиеттерінің жіктелісі анықталған қасиеттерге байланысты.

Күшті, тұрақты және қозғалмалы нерв жүйесі И.П.Павловтың жіктемесі бойынша сангвенигтік темпераментке жатады.

Келесі тапсырмаларды өз бетінше орындау:

1.Тапсырма.

Берілген баланың темперамент түрін анықтаңыз:

«Әселдің туған күніне (8 жас) мамасы өз қатарларындағы балаларды шақырды, бірақ Әселді көпке дейін таба алмады. Ол үлкен үстелдің астына кіріп, бір бұрышына тығылып қалған. Оны үстелдің астынан шыққаннан кейін ұзақ уақыт жылап, ол балалардың ойнына мазасызданған түрмен қарап отырды, содан кейін ол ойынға қосылды, бірақ тез шаршап қалды, тәлпіштеніп жылай бастады».




Алгоритм.

Алгоритмге ұсынылған нақты ситуацияны жазу.

1.

Берілген реакциялардың адамда пайда болу жиілігі.

Әселді суреттеу кезінде «бірақ» сөзі жиі қолданылды,бұл оның тәртібінің әртекті құбылмалы екенін көрсетеді

2.

Нерв жүйесінің күшін анықтау.

Төменгі физикалық активтілік байқалды,нерв жүйесінің күшті емес екендігін көрсетеді.(«Оны үстелдің астынан шыққаннан кейін ұзақ уақыт жылап, ол балалардың ойнына мазасызданған түрмен қарап отырды, содан кейін ол ойынға қосылды, бірақ тез шаршап қалды, тәлпіштеніп жылай бастады».)


3.

Нерв жүйесінің тұрақтылығына анықтама беру.

Үстел астынан шығып ойнағаннан кейін қайта жылауы оның нерв жүйесінің тұрақсыздығын көрсетеді.(«содан кейін ол ойынға қосылды, бірақ тез шаршап қалды, тәлпіштеніп жылай бастады».)

4.

Нерв жүйесінің қозғалғыштығы туралы.

Баланың бір істен екінші бір іске тез ауысуы, оның нерв жүйесінің қозғалғыштығын көрсетеді.(«содан кейін ол ойынға қосылды, бірақ тез шаршап қалды, тәлпіштеніп жылай бастады».)

5.

Нерв жүйесінің әртүрлілігі.

Әселде нерв жүйесі құбылмалы,тұрақсыз,әлсіз.

6.

Темперамент типтерінің қасиеттерінің жіктелісі анықталған қасиеттерге байланысты.

Әлсіз, тұрақсыз және құбылмалы нерв жүйесі И.П.Павловтың жіктемесі бойынша меланхоликтік темпераментке жатады.

2. Тапсырма.

Берілген баланың темперамент түрін анықтаңыз:

«Он жасар Қапиза ашуланған. Оның денесі дірілдеп тұр. Ол оның кіші інісін ұрған баланы қатты қолымен ұрып жатыр. Әдетте Қапиза өзіне нені қажет екенін, оған қалай жету керек екендігін жақсы біледі. Егер оған қажет болса, ол барлығына өзі жете алады. Ол күшті, әсерлі оқиғаларды жақсы көреді. Егер оның рөлі өзіне ұнаса, ол темпераментті әртіс бола алады».






Алгоритм.

Алгоритмге ұсынылған нақты ситуацияны жазу.

1.

Берілген реакциялардың адамда пайда болу жиілігі.

Қапизаны суреттеу кезінде «қажет» сөзі көп қолданылды.Бұл оның мінезінің бір тектілігін көрсетеді.

2.

Нерв жүйесінің күшін анықтау.

Жоғары физикалық активтілік байқалады,нерв жүйесі күшті екендігі көрінеді. («Оның денесі дірілдеп тұр. Ол оның кіші інісін ұрған баланы қатты қолымен ұрып жатыр.»)

3.

Нерв жүйесінің тұрақтылығына анықтама беру.

Бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтындығы оның нерв жүйесінің тұрақтылығын көрсетеді.(«Әдетте Қапиза өзіне нені қажет екенін, оған қалай жету керек екендігін жақсы біледі.»)

4.

Нерв жүйесінің қозғалғыштығы туралы.

Баланың өз дегеніне жете алуы оның нерв жүйесінің қозғыштығы жақсы жетілгендігін көрсетеді. («Егер оған қажет болса, ол барлығына өзі жете алады.»)

5.

Нерв жүйесінің әртүрлілігі.

Қапизаның нерв жүйесі күшті,тұрақты және қызба

6.

Темперамент типтерінің қасиеттерінің жіктелісі анықталған қасиеттерге байланысты.

Күшті, тұрақты және қызба нерв жүйесі И.П.Павловтың жіктемесі бойынша холериктік темпераментке жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет