Хх ғасыр басындағЫ Әдебиет электронды оқу құралы


Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931)



Pdf көрінісі
бет11/58
Дата14.09.2022
өлшемі3,36 Mb.
#149483
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58
Байланысты:
annotation124256
Асқорыту жүйесінің жас ерекшелігі., Нурмухамедов К., ²³. Çàòòû? ñàïàëû? ??ðàìûí àíû?òàó, "Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау"
 
Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931). 
Мәшһүр Жүсіп Көпеев 1858 
жылы Баянауылда Найзатас деген жерде дүниеге келген. Ол 5 жасында 
медресеге барып, алғашқы дәрісін алады. Кейінірек М. Көпеев Бұқара, 
Түркістан, Ташкентке бірнеше рет барып, білім жетілдірген. 1907 
жылы ақынның 3 кітабы жарық көреді («Хал-ахуал», «Сарыарқаның 
кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір 
тамашамыз»). «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» 
атты кітабында замана шындығын суреттеп, көкейкесті мәселелерді 
көтере білді. Суреткер ақын ретінде ілгерішіл ой айтып, қоғамдық 
өмірді әлеуметтік шындық тұрғысынан көрсете алды. Сол тұстағы 
саяси ахуалды дәл аңғарғандықтан, өлеңдеріндегі ой-орамдары 
қазақтың алдыңғы қатарлы зиялыларының ой-пікірлерімен ұштасып 
жатады. «Хал-ахуал» жинағында ақын отаршылдықпен ере келген 
кесірлі құбылыстарды ашып көрсетіп, ел-жұртын қанап отырған билер 
мен әкімдердің, озбыр байлардың жағымсыз бейнесін суреттейді. 
«Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабындағы өлеңдерінде ұлт мүддесін 
көбірек көтеріп, халықты оянуға, өнерге, оқып жетілуге, мәдениетті ел 
болуға шақырды. 
 
Мәшһүр Жүсіп Көпеев – негізінен діни-ағартушы ақын. 
Шығармашылығындағы басты желі діни-таным төңірегінен өрбіп 
жатады. Яғни, діни-таным оның әрбір айтар ойына, толғамына тірек
қызметін атқарады. Мәшһүр Жүсіптің ел жайына, ұлт мәселесіне 
арналған өлеңдері азатшылдық, бостандық, тәуелсіздік ұғымдарын 
алға шығарады. Ол еркіндік пен әділдік үстемдік құрған елді аңсап 
қана қоймай, сол еркіндік пен тәуелсіздікке жеткізер әділетті 


жолбасышы да іздейді. Өлеңдерінде солардың өз көкейіндегі, өз 
ойындағы бейнесін сомдайды.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев өлең толғауларымен бірге мысалдар да 
жазған. Ақынның «Жарты нан хикаясы» атты мысал өлеңі өзінің терең 
мәнділігімен де, айтар өсиетінің өрелігімен де құнды. Ақын адамның 
жарқыраған жалған нәрсеге әуестігін, өзінде барды місе тұтпай 
өзгедегіге қызыққаннан опық жейтін мінезін міней көрсетеді. Ақын 
ойының өзегі – діннің ғибадаттары мен өмірдегі адамдық істің 
бүтіндігі, бірлігі. Мәшһүр Жүсіптің тәлім-тәрбиеге бағытталған мысал 
өлеңінің бірі – «Шайтанның саудасы». Шайтан бейнесі арқылы ол 
адамдар бойына үйір еткен қастық, жауыздық, жамандықтарды 
таратушы тылсым күш иесін көрсетеді. Сол арқылы адамдар 
арасындағы алауыздық, зұлымдық, қызғаншақтық, өтірік айту, 
ғайбаттық өркен жайғандығын меңзеп және ел ішінде соны 
таратушыларды, әзәзілдің тіліне ергіштерді өткір сынға алады. Онысы 
мысал жанрының табиғатына сай орынды шыққан. Ақынның мысал 
өлеңдерінен түйгеніміз, бұл жанрда да ақынның діни-ағартушылық 
бағытынан алшақтамай, қайта сол бағыттағы ойын өрістете түскендігін 
аңғарамыз.
Мәшһүр Жүсіп – бірнеше ірі дастандар да жазған ақын. Бірақ олар 
кезінде жарияланбай, қолжазба күйінде тараған. Оның кейбірі жеке 
адамдардың өмірін өзек етсе («Жантемір қажы», «Шонтыбай қажы», 
«Нүсіп хан» т.б.), енді бірі құран сюжеттерінен, шығыстық желіден 
алынып, солардың негізінде жазылған («Жер мен көк», «Хаятбақшы», 
«Миғыраж», «Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы», «Гүлшат-
Шеризат» т.б.) Жалпы алғанда, ол діни-танымдық ойларын 
шығармашылығында орын алған өзге тақырыптардың негізімен 
ұштастыра білген. Әр өлеңнен дінді арқау ете отырып еркіндік пен 
азатшылдықты ұран қылып көтерген ақын мақсатын айқын аңғарамыз.
Ақынның артында қалдырған мол мұрасы тек өлең-жырдан ғана 
тұрмайды. Оның өз қолымен жазып қалдырған қолжазбасы 
зерттеушілердің айтуы бойынша отыз томдай. Онда қазақ халқының 


тарихы мен салт-дәстүрі, өнері мен әдет-ғұрпына қатысты ұшан теңіз 
мұра бар.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев – өмір бойы ғылым-білім үйреніп ізденіспен 
өткен. Ғылым-білім арқылы ұлтының санасын оятуға ұмтылып, тура 
жолды нұсқай білген ғұлама жанның бірі. Ол ХХ ғасыр басындағы 
әдебиеттің әр түрлі саласында қалдырған мол мұраларымен қазақ 
әдебиеті тарихының тарихының аталған кезеңінен ерекше орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет