Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет10/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

І БӨЛІМ. 
Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
ды қоссақ, бұл топтағылардың саны 
көбейе түсетіні сөзсіз. Олардың ма-
қалалары мен еңбектерін көрсетпеу 
ғана емес, оны орыс ғалымдарына 
апарып таңу секілді фактілердің 
орын алғаны байқалады. Сол кездегі 
ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пі-
кірдің тамаша жетістігі дәрежесінде 
көрінетін Ә. Бөкейхановтың «Тузе-
мец» деген жасырын атпен жазған 
«Қобыланды батыр жырындағы әйел-
дер» атты мақаласын В. Сидельников 
Ә. Диваевтікі деп көрсетеді.
Әдеби мұраның жиналуы мен 
жариялануында жүргізген жұмыс-
тарының тарихи маңызы аса зор бұл 
екі топтағы қазақ зиялыларының 
зерттеушілік көзқарасы әлемдік әде-
биеттанудағы филологиялық мек-
тептің талап-тілегіне сай келеді. 
Әде биеттану ғылымының қалыптасу 
тарихында XІX ғасырдың басында 
Германияда пайда болған бұл мек-
теп 1840 жылдардан бастап Ресейде 
орын тепкен болатын. Біздің ойы-
мызша, қазақ фольклорын зерттеген 
орыс фольклористері осы мектептің 
әдеби мұраны жинау, жариялау, кітап 
етіп бастырып шығару, жазып алған 
нұсқаның варианттарын салысты-
ру және өңдеу, басқа тілге аудару, 
түсініктеме жазу секілді әдістері-
нің шеңберінде ғана жұмыс жаса-
ды. Олардың ықпалы әдеби мұраны 
игеру саласында жұмыс жүргізген 
осы екі топтағы қазақ зиялылары-
на тиіп, филологиялық мектептің 
ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-пі-
кірде көрініс табуына себеп болды. 
Әлемдік әдебиеттану ғылымындағы 
филологиялық мектептің өкілдері 
се кілді бұл екі топтағы қазақтың ал-
ғашқы фольклористері де әдебиет-
тің қоғамдық құбылыс ретінде даму 
заңдылығы мәселесін назардан тыс 
қалдырды. Бұлар нақты көрініс табуға 
ұмтылған ұлттық әдеби-теория лық
ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге зерт-
теу жұмысын жүргізуге өте мол ма-
териал дайындап берді. Филология-
лық мектептің қазақ топырағынан 
шыққан өкілдерінің XX ғасыр басын-
да ұлттық әдебиеттану ғылымының 
туу, қалыптасу жолындағы сіңірген 
еңбегінің маңыздылығы да осында.
Міне, осы екі топтағы қазақ зиялы-
лары қазақ фольклорының мақсатты 
түрде жиналып-жариялануы, ғылы-
ми тұрғыда зерттелуі проблемасын 
көтерді. Соның нәтижесінде эпостық 
жырлардан «Ер Тарғын», «Қисса 
Қа рабек батыр», «Хикаят Көрұғлы 
сұлтан», «Қамбар батыр», лиро-
эпостық жырлардан «Қозы Көрпеш-
Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-
Шолпан», қиссалардан «Шәкір-
Шә кірат», «Бозжігіт», «Сал-сал», 
«Зар құм», «Сейітбаттал» т.б. және 
«Бір жан-Сара» айтысы, ертегілер
мақал-мәтелдер жеке кітап болып 
шығып, оқырман қолына тиді. Осы 
ХІХ ғасырда жарық көрген 260 кі-
тап, XX ғасыр басында 1917 жылға 
дейін шыққан 300-ге тарта кітап 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


23


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   444




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет