Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет439/444
Дата17.11.2023
өлшемі3,59 Mb.
#191774
түріОқулық
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ.
 
Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
тура келеді. Бұл ғылыми мектептің 
шәкірттерінде Қ. Ергөбек, Д. Ысқақ-
ұлы, Ө. Әбдиманұлы, К. Ахмет, 
А. Жүсіпова және жеке сыншылар 
шығармашылығынан қорғаған тағы 
басқалар бар. Ұстаздың қараған-
дылық шәкірттері Ж. Смағұлов, 
С. Жұмағұлов, С. Шакиров, Қ. Қа-
лыбекова, Ж. Жұмагелдин, Б. Ра-
хымберлиналар ұлттық әдебиеттану 
ғылымының тарихы мен әдіснамасы 
мәселесін осы ғылыми мектептің 
жеке саласы ретінде дамыту жо-
лында еңбек жасап жатыр. Бұған 
қоса Т. Кәкішұлының ғылыми мек-
тебі қазіргі таңда ұлттық әдебиет-
танудағы сәкентану және мұқанов-
тану ілімдеріне байланысты өнімді 
қадамдар жасап жатқанын да атап 
айту қажет. 
Бір кезде «қызмет істеуге қабілеті 
жетпейді» деген үкім шығарып, «қара 
шармен» жұмыстан қуған Ғылым 
академиясы қазір Т. Кәкішұлының 
сын мен әдебиеттану саласындағы 
ғылыми мектебінің зерттеу ныса-
нының көкейкесті ғана емес, өмір-
шеңдігін кеш те болса аңғарып отыр. 
Ғалым А. Ісімақованың табанды-
лығы мен білгірлік басшылығы ар -
қасында ғана академия «Қазақ әде-
биеттану 
ғылымының 
тарихы» 
(2008, 2009) атты екі томдық еңбекті 
жа рыққа шығарды. Бұлар тек Т. Кә-
кішұлының ғылыми мектебінің 
атақ-абыройы үшін ғана емес, бар-
ша қазақ халқының және әдебиет 
туралы ұлттық ғылымның мерейін 
өсірген еңбектер болды десек, артық 
айтқандық емес. 
Ұлт мүддесін бәрінен жоғары қоя 
білген А. Ісімақованың өзі «Алаш 
әдебиеттануы» (2009) атты іргелі 
зерттеу еңбегін жазды. Онда: ...Біз 
болсақ, өзіміздің кеңестік білімі міз-
бен ғылымға баяғы шектеулі көз-
қараспен қараудамыз. Осыдан он 
жыл бұрын қорғалған Ж. Смағұлдың 
«Қазақ әдебиеттану ғылымының та-
рихы» атты докторлық диссертаци-
ясын құлатуға бар күшін салған бір 
ғалым ағамыздың әрекеттері еске 
түседі. Оның ойынша ғылым міндетті 
түрде үйреншікті кеңестік қалыппен 
жүруі тиіс. «Қолында билігі бар жеке 
адам ғылымға қиянат жасай алады» 
дегеннің осылай іске асуына куә 
болдық. Әрине, бұл ғалымсымақтың 
білімі жетіспей тұр деп дәлелдеу – 
біздің емес, уақыттың еншісі. 10 жыл 
бұрын қазақ әдебиеттану ғылымына 
төңкеріс жасаған Ж. Смағұлдың бұл 
еңбегін бүгін ғылыми қауым үн-түн-
сіз пайдаланып келеді» деген жү-
рекжарды пікір тарихи шындықтан 
алыс жатқан жоқ [95, 15]. Т. Кәкіш-
ұлының ұлттық масштабтағы мәні 
бар бастамасына кесе көлденең тұ-
рушылар осы шәкіртінің ғана емес, 
ғалымның ғылыми мектебінің да-
муына тұсау салды. Соның кесірі нен 
қазақ әдебиеттануының библиогра-
фиясы, текстологиясы, та рихнама -
сы (историография) және әдіс на-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


461


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   444




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет