Химия пәнінен 8 сыныпқа арналған бақылау жұмыстары. Бақылау жұмысы №1



бет4/4
Дата08.02.2022
өлшемі37,13 Kb.
#122327
түріҚұрамы
1   2   3   4
Байланысты:
sabaq-kz attachment baylau-zhmystary-9-synyp
«Үшбұрыштың биссектрисы, медианасы, биіктігі және орта сызығы» сабақ жоспары, «Үшбұрыштың биссектрисы, медианасы, биіктігі және орта сызығы» сабақ жоспары, 1513842770 (1), 2 5201760605878357226, Документ, Практическое использование стволовых клеток. Этический аспект
Бақылау жұмысы №3. Металдар және оның маңызды қосылыстары. Металлургия.


І-нұсқа

  1. Алюминийдің электрондық формуласының конфигурациясы қандай?

  2. 4Al+3O2=2Al2O3 реакциясы бойынша 1 моль алюминийден неше моль алюминий оксиді түзіледі.

  3. Массасы 2,6 грамм темір мен 2,8 грамм күкірт әрекеттескен кезде түзілетін темір сульфидінің массасы қандай?

  4. Массасы 16 грамм Fe2O3–ті алюминиймен тотықсыздандырғанда 71,1 кДж жылу бөлінсе, реакцияның жылу эффектісін анықтаңдар.

ІІ-нұсқа


  1. Темірдің электрондық формуласының конфигурациясы қандай?

  2. Массасы 234 грамм натрий хлориді балқымасын электролиздегенде неше грамм металл Na түзіледі?

  3. 49%-дық 200 грамм күкірт қышқылын мырышпен әрекеттескендіргенде қалыпты жағдайда түзілген сутегінің көлемі қандай?

  4. Жану реакциясының нәтижесінде 8Al+3Fe3O4=4Al2O3+9Fe+800 кДж. 160 кДж жылу бөлінсе қанша алюминий реакцияға түскен?



Бақылау жұмысы №4. Көміртектің органикалық қосылыстары.
Органикалық химиядан алған білімді бекіту.


І-нұсқа

  1. Құрамында 16 сутек атомы бар қаныққан көмірсутектің молекулалық массасы нешеге тең?

  2. Көлемі 6,72л пропеннің зат мөлшерін, молекула санын және массасан табыңдар.

  3. Глюкозаның молекулалық массасын есептеп шығарыңдар.

  4. Молекулалық массасы 40 болатын алкиннің формуласын тауып, атын ата.

ІІ-нұсқа


  1. Құрамында 12 сутек атомы бар қаныққан көмірсутектің молекулалық массасы нешеге тең?

  2. Зат мөлшері 2 моль этиленнің көлемін, массасын және молекула сандарын анықтаңдар.

  3. Сахарозаның молекулалық массасын есептеп шығарыңдар.

  4. Қаныққан көмірсутектің сутегі бойынша тығыздығы 43 болса, оның формуласы қандай?

10 сынып химия пәні бойынша тест тапсырмалары. І жарты жылдық


1. Заттардың қайсысы жай затқа жатады?
А. РН3 В. Р4 С. Р2 О3 D. P2 O5 Е. РСl3
2. Теріс иондарды қалай атайды?
А. Анодтар В. Тотықтырғыштар С. Аниондар D. Каниондар E. Акцепторлар
3. Мышьяктың жоғары оксидінің формуласындағы индекстр қосындысы
А. 4 В. 6 С. 5 D. 7 E. 8
4. Aзонның өшшекке айналатын теңдеуіндегі барлық коэффициенттер қосындыы.
А. 4 В. 2 С. 3 D. 5 E. 6

5. Төменде көрсетілген құбылыстардың қайсысы химиялық реакцияларға жатады?


А. Мұздың еруі В. Күкірттің жануы С. Қанттың еруі
D. Сүттің ашуы Е. В, D
6. Алюминийдің валенттігі нешеге тең?
А. 1 В. 2 С. 3 D. 4 E. 5
7. 1 моль көміртекте атом саны қанша?
А. 6,02 ∙ 10²³ В. 6,02²³ С. 6 ∙ 23¹º D. 1• 10²³ E. 12
8. 10 моль күкірттің массасы (г) –
А. 32 г. В. 3,2 г. С. 320 г. D. 10 г. Е. 16 г.

9. Өнеркәсіпте оттекті қай заттан алады?


А. Судан В. КМnO4 C. KClO3 D. HgO E. Ауадан
10. Төмендегі реакция теңдеуіндегі оттектің алдына қандай коэффициент қойылады CH4 + O2 → CO2 + H2O?
A. 1 B. 2 C. 3 D. 4 E. 5
11. Су әрекеттеседі:
А. Қышқылдармен В. Негіздермен С. Барлық металдармен
D. Активті металдармен Е. Сутекпен
12. Қосылыстар арасынан қышқылды көрсет:
А. Н2О В. Са (ОН)2 С. NH3 D. NaCl E. HNO3
13. Периодтық жүйенің 7-ге тең горизонтальді жолдары аталады:
А. Периодтар В. Топтар С. Қатарлар D. Жолдар Е. Топшалар
14.Кремний атомндағы электрон қабаттарының саны:
А. 1 В. 2 С. 3 D. 4 E. 5
15.Темір атомының ядросындағы протондар саны:
A. 20 B. 55 C. 30 D. 8 E. 26
16.Бром Br2 молекуласындағы химиялық байланыс түрі:
A. Иондық B. Металдық C. Коваленттік
D. Ковалентті полюсті E. Ковалентт полюссіз
17.Қай металл сілтілікке жатады:
A. Ca B. Fe C. Ni D. Na E. Дұрыс жауап жоқ
18.Қай затпен хлор әрекеттеспейді?
A. H2 B. Na C. K D. CuO E. Ca
19.Период нөмірі сәйкес келеді:
A. Протондар санына B. Сыртқы қабаттағы электрондар санына
C. Нейтрондар санына D. Электрон қабаттарының санына
E. Электрондардың жалпы санына
20.Диссоциация кезінде анион ретінде тек гидроксид-ион, түзетін заттар аталады:
A. Қышқылдар B. Орта тұздар C. Сілтілер
D. Қышқыл тұздар E. Қос тұздар
21.Мына әрекеттесулердің бірінде ион алмасу реакциясы газ бөле отырып аяғна дейін жүреді:
A. Cu(OH)2 + H2SO4 B. KOH + Zn(NO3)2 C. Na2CO3 + HCl
D. LiOH + H2SO4 E. MgCl2 + NaNO3
22.Алкандарға жатады:
А. С2Н2 В. С2Н4 С. С2Н6 D. С6Н6 Е. С6Н12
23..Мына металдардың қайсысы сумен әрекеттеспейді?
А. Mg В. Ca С. Na D. Be Е. Ni

24.Бейметалдық қасиеті өте анық байқалатыны:


A. Si B. N C. P D. Cl E. S
25. 2, 8, 5, сандар қатарына электрондардың энергетикалық деңгейлері сәйкес келетін атом:
A. Al B. N C. P E. Cl D. S

26. Тұз қышқылының формуласы:


A. H2SO4 B. HCl C. HNO3 E. H2S D. H2CO3
27. 5% Ерітінді даярлау үшін 2 г қантты ерітетін судың массасы тең:
A. 19 г B. 20 г C. 40 г E. 38 г D. 52 г
28. Оттек жай зат түрінде кздеседі:
A. Жер қыртысында B. Суда С. Гранитте D. Борда Е. Атмосферада
29. Азоттың ең жоғарғы валенттігі көрсетілген оксид:
A. N2O B. NO C. N2O3 D. NO2 E. N2O5
30. Мына реакцияны теңестіру кезінде N2 + H2 → NH3, азот формуласының алдына қойылатын коэфицентті тап:
A. 1 B. 2 C. 3 E. 4 D. 5
Тест жауаптары:
1.B
2.C
3.D
4.D
5.E
6.C
7.A
8.C
9.E
10.B
11.D
12.E
13.A
14.C
15.E
16.E
17.D
18.D
19.D
20.C
21.C
22.C
23.E
24.B
25.C
26.B
27.D
28.E
29.E
30.A

Химия пәнінен 11-сыныпқа арналған І жарты жылдық тест жұмысы


1-НҰСҚА

1. Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясын ашқан жылы

А)1861 В)1862 С)1961 Д)1962 Е)1865

2. Метанның кеңістіктегі пішіні

А)куб B)сфера C)тетраэдр Д)октаэдр Е)квадрат

3. Изомерлер дегеніміз

А)құрамы бірдей құрылысы әртүрлі заттар B)қаныққан көмірсутектер

C)органикалық заттар Д)бейорганикалық заттар Е)қанықпаған көмірсутектер

4. Бутанның формуласы

А) C5H12 B) C5H10 C) C5H11 Д) C6H12 Е) C4H10

5. Гомологтар - дегеніміз: 

А) құрамы және құрылысы ұқсас, бірақ бір немесе бірнеше СН2 –тобында айырмашылығы бар заттар.

В) бірнеше буындардан түзілетін макромолекулалар

С) құрамы бірдеі, бірақ құрылысы әртүрлі заттар

Д) жалғыз электроннан тұратын бөлшектер

Е) дұрыс жауап жоқ

6. Барлық органикалық қосылыстардағы көміртегінің валенттілігі нешеге тең

А)4 B)2 C)3 Д)1 Е)2 және 4

7. Сутектік байланысты қалай белгілейді:

А) нүктелермен; В) бағдаршамен; С) үш нүктемен; Д) пунктирмен; Е) әріптермен

8. Этиленді көмірсутектердегі атомдардың гибридтенуі:

А)sp3 ; В)sp2 ; С)sp; Д)гибридтенуге ұшырамайды; Е) s2

9. Этилен молекуласындағы σ-байланыстардың саны:

А)1; В) 2; С)4; Д)5; Е)6.

10. Этиленнің полимерленуінен түзілетін зат

А полибутилен) В)полипропилен С) полиэтилен Д)полипентилен Е)полигексилен

11. Алкендерге тән реакция:

А) алмасу В)орынбасу; С)жану; Д)айырылу; Е). қосып алу;

12. Алкендердің сапалық реакциясы:

А)гидрлеу; В)жану; С)бромды сумен әрекеттесуі; Д)дегидрлеу; Е) дегидраттау.

13. Полимерлену реакциясы кезінде қандай байланыстар үзіледі:

А) σ; В) σ және π; С) σ және 2 π; Д) π; Е) 2 π.

14. Циклопарафиндер қандай көмірсетектерге изомер бола алады:

А)алкандарға; В)алкадиендерге; С)алкендерге; Д)алкиндерге; Е)арендерге.

15.Катализатор ретінде концентрлі күкірт қышқылын қолданғанда бутанол-2 қандай затқа айналады?

А) бутан; В) бутен-1; С) бутен-2; Д) бутин-1; Е) бутадиен-1,3

16. Бутадиен-1,3-тің құрылымдық формуласы

А)CH2 = CH – CH = CH2 В) CH2 = CH – CH - CH2 С) CH2 = CH – CH = CH3

Д) CH2 = CH =CH –CH3 Е) CH3 – CH2 – CH = CH2

17. Заттың дұрыс атауын беріңіз: CH2 = C - C – CH3


| |
СH3 СH3

А)2-метилбутен-1 В)2,2-диметилбутен-1 С)2,3-диметилбутен-1 Д)2,4-диметилбутен-1

18. 50 л этиленді жағуға қанша ауа қажет:

А)750 л; В)1500 л; С)150 л; Д)300 л; Е) 500 л.

19. Егер 11,2л ацетиленнен (қалыпты жағдайда) 10г бензол алынатын болса, онда бензолдың теориялық мәнімен салыстырғандағы массалық үлесін есептеңіз.

А) 80% В) 85% С) 90% Д) 77% Е) 67%

20. Сутек бойынша тығыздығы 28, көміртегінің 85,7 % және сутегінің 14,3 % массалық бөліктері бойынша көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңыз.

А)С4Н8; В)С4Н10; С)С3Н8; Д)С5 Н10 Е)С5 Н8

2-НҰСҚА

1. Органикалық химия дегеніміз

А) оттегі қосылыстарының химиясы В) көміртегі қосылыстарының химиясы

С) хлор қосылыстарының химиясы Д) бром қосылыстарының химиясы

Е) сутегі қосылыстарының химиясы

2. Сутегін бөліп алу реакциясы қалай аталады

А)хлорлау В)дегидрлеу С)гидрлеу Д)галогендеу Е)тотығу

3. Алкандар дегеніміз

А)құрамы бірдей құрылысы әртүрлі заттар B)қаныққан көмірсутектер

C)органикалық заттар Д)бейорганикалық заттар Е)қанықпаған көмірсутектер

4. Бутенның формуласы

А)C4H12 Б)C5H10 В)C4H11 Д)C6H12 Е)C4H8

5. Радикалдар - дегеніміз: 

А) құрамы және құрылысы ұқсас, бірақ бір немесе бірнеше СН2 –тобында айырмашылығы бар заттар.

В) бірнеше буындардан түзілетін макромолекулалар

С) құрамы бірдеі, бірақ құрылысы әртүрлі заттар

Д) жалғыз электроннан тұратын бөлшектер

Е) дұрыс жауап жоқ

6. Пропиленнің полимерленуінен түзілетін зат

А)полиэтилен В)полипропилен С)полибутилен Д)полипентилен Е)полигексилен

7. Байланысты қалай белгілейді:

А) грек әрпімен; В) бағдаршамен; С) нүктемен; Д) пунктирмен; Е) әріптермен

8. Ацетиленді көмірсутектердегі атомдардың гибридтенуі:

А)sp3 ; В)sp2 ; С)sp; Д)гибридтенуге ұшырамайды; Е) s2

9. Этилен молекуласындағы π -байланыстардың саны:

А)1; В) 2; С)4; Д)5; Е)6.

10. Ацетиленнің тримерленуінен түзілетін зат

А)полиэтилен В)полипропилен С)полибутилен Д)бензол Е)полигексилен

11. Алкиндерге тән реакция:

А)қосып алу; В)орынбасу; С)жану; Д)айырылу; Е)алмасу.

12. Ацетиленнді алудың карбидтік әдісін көрсететін реакция:

А)СаС2 + 2Н2О → С2Н2 + Са (ОН)2; В)СаО + 3С → Са С2 + СО;

С)С2Н4 → С2Н2 + Н2 ; Д)2СН4 → С2Н2 + 3Н2. Е)С2Н4 + Н2 → С2Н6

13. Бензолдың С6Н5● радикалы қалай аталады:

А)винил; В)фенил; С)метил; Д)ацетил; Е)этенил.

14. Алкендер қандай көмірсетектерге изомер бола алады:

А)алкандарға; В)алкадиендерге; С)циклопарафиндерге; Д)алкиндерге; Е)арендерге.

15. Алкадиеннің формуласы

А) бутан; В) бутен-1; С) бутен-2; Д) бутин-1; Е) бутадиен-1,3

16. Бутадиен-1,2-нің құрылымдық формуласы

А)CH2 = CH – CH = CH2 В) CH2 = CH – CH - CH2 С) CH2 = CH – CH = CH3

Д) CH2 = CH =CH –CH3 Е) CH3 – CH2 – CH = CH2

17..Заттың дұрыс атауын беріңіз: CH3 – C = C – CH3 

| |


СH3 СH3

А)2-метилбутен-2 В)2,2-диметилбутен-2 С)2,3-диметилбутен-2 Д)2,4-диметилбутен-2

18. 100 л этиленді жағуға қанша ауа қажет:

А)750 л; В)1500 л; С)150 л; Д)300 л; Е) 500 л

19. 2,66г затты жаққанда 1,54г көміртегі (IV) оксиді және 4,48г күкірт (IV) оксиді түзілген. Заттың қарапайым формуласын анықтаңыз.

А) CS2 В) CS С) CO2 Д) CO Е) SO2

20. Ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 2 тең, құрамында 82,75 % көміртегі және 17,25 % сутегі болатын заттың формуласын анықтаңыз.

А) C5H12 В) C4H10 С) C6H12 Д) C5H11 Е) C5H10


Конец формы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет