Ходжаева А. С. Тобы: т-521 Семей, 2017жыл Жоспары



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі239,56 Kb.
#122303
1   2   3
Байланысты:
ccfdb0fc-d431-11e7-8fe7-dd79c8802846Ходжаева Аманжан 14 апта
0006042f-ab5f06d0, 0006042f-ab5f06d0, 0006042f-ab5f06d0, ×6 апта С , Зауреш тапсырма 2020
Ынтымақтастық педагогикасының негізгі идеялары анықталды: баланы жақын даму аймағында оқыту; қысымсыз оқыту; тірек сызба түрінде орналасқан белгілердің, кілтті сөздердің жиынтығы; озу идеясы; күрделі блоктар идеясы; таңдау еркіндігі идеясы; диалогтық ойлау идеясы; идея интеллектуальды рең классы идеясы; мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен қызметінің идеясы; бос уақыттағы ерңктілік идеясы.
Ынтымақтастық қарым-қатынас жүйесі ретінде көп аспектілі; бірақ онда маңызды орынды «мұғалім-оқушы» қарым-қатынасы алады.
Ынтымақтастық қызметі оқушы мен мұғалімнің тепе-теңдік жағдайында дамиды. Мұнда оқушы өзінің оқу қызметінің субъектісі болып табылады . Бұл технология арқылы ынтымақтастық ұжымның әкімшілікпен, мұғалімдермен және оқушылар ұжымымен, сондай-ақ қоршаған әлеуметпен – ата-аналармен, отбасымен, қоғамдық ұйымдар арасында туындайды. Ынтымақтастықта оқытудың басты мақсаты – оқушылардың ішкі күштері мен қабілеттерін ояту, тұлғаны жан-жақты дамыту мақсатында баланың бар мүмкіндігін пайдалану. Мұндай тұғыр балада өзі туралы жағымды түсініктерге, ары қарайғы даму мен өзін-өзі жүзеге асыруға сәйкес келетін жағымды мен тұжырымдамасын қалыптастырады.
Ынтымақтастық педагогикасы келесідей принциптер бойынша негізделеді: оқыту мұғалім мен оқушының шығармашылық өзара әрекеттестігі ретінде; қысымсыз оқыту; күрделі мақсаттар идеясы; күрделі блоктар идеясы (блокта бірнеше сабақтардың біріктірілуі); тіректердің қолданылуы (тіректік сигналдар, сызбалар, бөлшектер); іс-әркет өзіндік анализі (топтық, индивидуальды); интеллектуальды фон классы;ұжымдық шығармашылық тәрбиелік қызмет (коммунарлық әдістеме); оқушылардың өзін-өзі басқаруының дамуы; мұғалімдердің бір-бірімен және ата-аналармен ынтымақтастығы.
Мектеп пен отбасының өзара әрекетінің басты қызметтері: ақпараттық; тәрбиелілік-дамытушылық; қалыптастырушылық; қорғау-сауықтырушылық; бақылаушылық; тұрмыстық.
Аталған өзара әрекеттің міндеттері: Ата-аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру; Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білім, біліктермен қаруландыру; Бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қалыптастыру.
Мектеп пен отбысың өзара әерекетін үйымдастыру жолдары: Отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатында зерттеу; Отбасының адамгершілік бағыттылығына қарай оларды топтастыру; Олардың бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін талдау.
Яғни, отбасы мен мектептің бірлескен әрекетін тиімді ұйымдастыру педагогикалық зерттеулерден басталады.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы дегеніміз – бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірін-бірі толықтыруы, өзара хабарласа, келісе әсер етуі, ықпал жасауы деген қорытындыға келдік.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы жасөспірім тәрбесіндеортақ мақсатты бірлесе талдау, өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп, қуанышта ортақтас болу секілді кең ауқымды эмоция түрлерін қамтиды. Жасөспірімдерді тәрбиелеуде ортақ келісімде іс-әрекеттер, өзара түсіністік қалыптасады. Бұл жерде мектеп ұжымының ынтымақтастығы, жасөспірімдердің бірі-бірімен ынтымақтастығы және отбасы мүшелерінің ішкі ынтымақтастығы да аса маңызды факторлар екендігі айту керек.
Жасөспірімдердің тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығы дегеніміз – жасөспірімнің тәрбиесін жақсарту мақсатында бағытталған, келісілген, үйлестірілген, әсер ететін шаралардың бір жүйеге бірігуі.Жасөспірімдерді тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының жоғары өлшемді болуына сынып жетекші, педагог-психолог, әлеуметтік-педагогтың орны ерекше. Сонымен қатар пән мұғалімдері де жасөспірімді тәрбиелеуде өз үлестерін қосып отырады. Олар жасөспірімдердің пәнге деген ынта-ықыласына байланысты жасөспірім бойындағы белгілі бір ерекшеліктері, қызығушылықтары арқылы тәрбиелей алады.
Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, жеке болған мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, қоғаммен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады. Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен, отбасымен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.
Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері. 1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату. 2. Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету. 3. Ата–аналар ұжымын құру. 4. Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.
Ұстаздар мен ата –аналардың өзара қатынасының функциялары: тәрбиелік-дамытушылық; қалыптастырушылық; бақылаушылық; тұрмыстық; хабарламалық. Міндеттер: ата- аналарды белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру; ата – аналарды педагогикалық білім – білікпен қалыптастыру; ата – аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру.
Сынып жетекшісінің ата – аналармен қарым – қатынасының формалары.
Ата – аналармен жұмыстың дәстүрлі формалары: ата- аналар жиналысы; жалпы сыныптық және жалпы мектептік конференциялар; ұстаздың жеке ақыл-кеңесі, әңгімесі; оқушылардың үйін аралау; ата – аналар университеті; ашық есік күні.
Ата – аналармен жұмыстың дәстүрлі емес формалары: тақырыптық ақыл- кеңес, әңгіме; ата-аналар оқуы; ата-аналар кеші; ата- аналар тренингі.

Сурет 1. Мектеп педагогикалық ұжымы ата-аналар қауымымен бірлесіп жүргізетін жұмыстар
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының жасөспірімдер тәрбиесін қалыптастыруда сананы қалыптастыру, іс-әрекет ұйымдастыру, ынталандыру әдістері және ата-аналар жиналысы, т.б. сынып және сыныптан тыс сағаттар, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Е.Н. Ильин өз еңбектерінде мектеп пен отбасының байланысы жөнінде жазған. Ол мектеп пен отбасының ынтымақтастығында әдістер көрсеткен. Соның негізінде «ашық хат» үлгісін алып қарасақ. Осы «ашық хатты» қазіргі кезде де қолданысқа жеткізсек, мектеп пен отбасының ынтымақтастығы нығая түсуші еді. Біз осы әдісті ұсынып отырмыз. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығын, сынып жетекшінің ата-аналармен жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Ашық хаттың мақсаты: оқушылардың ата-аналарына өз балаларының оқу-үлгерімі жайында мадақтап хат жіберу, сол арқылы ата-аналарды жиналысқа толық қатыстыру, мектеп пен отбасы ынтымақтастығын нығайту.

Ашық хаттың үлгісін төмендегідей көрсетеміз:



Сурет 2. Ашық хат үлгісі

Жасөспірімдерді тәрбиелеуде мектеп пен отбасы ынтымақтастығының моделін ұсындық. Мұнда отбасы мен мектеп байланысының тығыздығын және де қоғамнан тыс қалмау қажеттігін көрсеттік. Тұлға дамуында отбасы, мектеп, қоғам қажеттілігі басты орында. (3 сурет)


Жасөспірімдерді тәрбиелеудемектеп пен отбасы ынтымақтастығының моделі






Отбасы мен мектепынтымақтастық жағдайында еңбек тәрбиесін жүзеге асыру-баланың болашақтағы өмірлікқызметін айайқындауға көмек береді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет