И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010


§ 1. СӨЗ - ТІЛ БІЛІМІНІҢ ОБЪЕКТІСІ



Pdf көрінісі
бет6/167
Дата25.02.2022
өлшемі10,59 Mb.
#133346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   167
Байланысты:
И аза тіл білш іні антологиясы с. Исаев азіргі аза тілінде
2 семинар жарат, ата ана бедели, ҚазҰУ Студиясында Елдар Отарбаев, лекция (1) (1), Силлабус. Қазақ тілінің морфологиясы (1) (4)
§ 1. СӨЗ - ТІЛ БІЛІМІНІҢ ОБЪЕКТІСІ
Тіл білімінің қай саласын алсақ та, оның зерттеу объектісі 
я тікелей, я жанама түрде сөзге келіп тіреледі. Өйткені сөзде 
фонетикалық қасиет (дыбыстық комплекс) те, лексика- 
семантикалық қасиет (ішкі мағына) те, сөзжасам қасиеті (жаңа 
сөз я жаңа мағына) де, грамматикалық қасиет (морфологиялық 
қүрам мен қүрылысы, сөздердің түрленуі, сол арқылы бір- 
бірімен байланысқа түсіп, сөйлем құрауы) те бір-бірімен 
қабысып, қабаттасып келіп отырады.
Сұрақ. Дегенмен сөз тіл білімінің бір саласының, 
лексикологияның ғана, негізгі объектісі емес пе?
Жауап. Сөз жоқ, сөз - лексикологияның тікелей және басты 
объектісі. Өйткені тілдегі сөздік құрам, оның баюы, дамуы, 
сөз мағыналарыньщ түрлері мен өзгеруі, дамуы т. б. сияқты 
сөздің тікелей басындағы қасиеттері лексикология саласында 
қаралып, шешімін табады. Сондай-ақ сөз—сөзжасам саласының 
да тікелей объектісі. Әр түрлі тәсілдер арқылы жаңа сөз жасау
8


проблемасы, сөз мағынасының өзгеруі арқылы да жаңа сөздщ 
пайда болуы, сөйтіп, тілдің сөздік қүрамын байыту процесі де 
сөзге тікелей қатысты қасиеттер болып табылады.
Ал, грамматика (гректің §гаттайке - оқи алу, әріп жаза білу 
деген сөзінен қалыптасқан) болса, ол сөздердің түрлену жүйесі 
мен грамматикалық мағыналарын, олардың арасындагы бай- 
ланыс пен қарым-қатынастарды, сәйтіп, сөздердің түлғалану 
ерекшеліктерін, сөздердің бір-бірімен тіркеске түсіп, сөйлем 
қүрау сияқты қасиеттерін қарастырады. Грамматиканың бір 
саласы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   167




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет