І бөлім. Аналитикалық химия пәНІ



бет100/105
Дата08.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#121721
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105
Байланысты:
ПОСОБИЕ АН 2
Зерт жұмыс 4, Зерт жұмыс 4, Кур час, Протокол НИРС РУС 2020, Карта обеспеченности, Карта обеспеченности, Карта обеспеченности, химия лекция тапсырма, химия лекция тапсырма, 1 зертханалық жұмыс, Күн энергиясы, Күн энергиясы, Документ, Күн энергиясы, Күн энергиясы
Cl- анионы. Хлорид-ионның ашу әдісі ерітіндідегі бромид- және иодид- иондардың қатысына тәуелді.
а) Br- және I- иондары қатыспаған кезде ашылуы. Зерттелетін 2 тамшы ерітіндіге 2 тамшы HNO3 және 1-2 тамшы AgNO3 ерітіндісі қосылады. Ірімшік тәрізді ақ түсті тұнба түзілуін бақылау керек. Тұнба толық ерігенге дейін концентрлі аммиак ерітіндісін қосады. Содан соң алынған ерітіндіге [Ag(NH3)2]Cl тамшылатып концентрлі азот қышқылының артық мөлшерін қосады. Ақ түсті тұнба түзілуі хлорид-иондардың барын көрсетеді.
б) Br- және I- иондары қатысқан кезде ашылуы. СІ- ионның ашылуы әр түрлі хлорид, бромид және күміс иодидінің аммоний карбонаты ерітіндісіндегі ерігіштігіне негізделген. Көрсетілген күміс галогенидтерінің ішінде AgCl аммоний карбонаты ерітіндісінде комплексті қосылыс түзіп ериді, яғни СІ- иондарын басқа галогенидтерден бөліп алуға мүмкіндік береді. Пробиркаға зерттелетін ерітіндінің 3 тамшысы алынады, 1-2 тамшы азот қышқылымен қышқылдайды және галогенидтер толық тұнбаға түскенге дейін тамшылатып күміс нитратын қосады. Центрифугалайды. Центрифугатты төгіп тастайды. Тұнбаны 3-4 рет ыстық сумен жуады, 5-6 тамшы 20% -тік аммоний карбонаты ерітіндісін қосады, шыны таяқшамен жақсылап араластырады да центрифугалайды. Мөлдір центрифугатқа азот қышқылын қосады. Ақ түсті тұнбаның пайда болуы немесе ерітіндінің лайлануы хлорид-ионның бар екендігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   105




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет