I әлеуметтану зерттеулерін ұйымдастыру және жүргізу



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата14.09.2022
өлшемі227,1 Kb.
#149505
1   2   3   4
Байланысты:
Сабақ материалдары 1 (2)
«Àäàì ???û?û ìåí áîñòàíäû?û» á?ë³ì³ áîéûíøà æèûíòû? áà?àëàó ² í?, «Àäàì ???û?û ìåí áîñòàíäû?û» á?ë³ì³ áîéûíøà æèûíòû? áà?àëàó ² í?
1.5 Әлеуметтану функциялары 
Әлеуметтану жеке білім саласы ретінде келесі негізгі қызметтерді 
орындайды: 
1) теоретико-танымдық функциясы, әлеуметтік дамудың заңдылықтарымен, 
әртүрлі әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің өзгеру тенденцияларымен, 
зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың көкейтесті 


мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады; 
2) әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, 
жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді; 
3) басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар 
қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз болуына 
байланысты; 
4) тәжірибелік функция, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға 
мүмкіндік береді; 
5) болжамдық функция, келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы 
жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру. Қоғамдық өмірдің 
әртүрлі салаларының дамуын жоспарлау үшін, социологиялық зерттеулерді 
қоғам өмірінде қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек аумақ 
пен елдердің, әлемдік қауымдастығының өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен 
бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік 
жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды қамтиды. 
Социологияның ең негізгі, мазмұны жағынан көлемді категориясы 
әлеуметтік ұғымы. Бұл ұғым «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құрылым». 
«әлеуметтік институт», «әлеуметтік ұйымдастыру», «әлеуметтік 
топ»,«әлеуметтік әрекет». «әлеуметтік мінез-құлқы» т.б. көлемді 
категорияларды камтиды. Бұлардың әркайсысы өз алдына бірнеше маңызды 
категориаларға бөлінеді. Мәселен, «әлеуметтік топ» категориясы «тап». 
«әлеуметтік қабат». «халық», «ұлт», «жанұя» ұғымдарымен тікелей 
байланысты. 
Социология өз алдына жеке-дара дамымайды, басқа қоғамдық ғылымдармен 
үздіксіз тығыз байланыста дамып отырады. Социологияиың осы байланысын 
түсіну үшін оның әлеуметтік философиямен, тарихпен, саясаттанумен, 
экономикалық ғылымдармен арақатынасын қысқаша қарастыруға болады. 
Әлеуметтану білім жүйесі ретінде басқа ғылымдармен байланыс жүргізбей 
дамып, қызметін атқара алмайды. Адам әлемімен байланысты, қоғамтану 
ғылымдар арасында әлеуметтану жетекші қызмет атқарады. Егер тарих 
әлеуметтік үрдістердің пайда болуын зерттесе, әлеуметтану уақыт пен 
кеңістікте қайталанатын, яғни барлық әлеуметтік-мәдени құбылыстарға – 
барлық соғыстарға, барлық ұлттар мен діндерге және т.б. ортақ келіп, жалпы 
қоғам қасиеттерін зерттейді. Осы айырмашылықтарға қарамастан, 
әлеуметтану мен тарих арасында байланыс өте берік және өзара-қажет. Тарих 
та, әлеуметтану да қоғамның зерттеу объектісі болып келеді. 
Тарих сияқты, әлеуметтану да екі негізгі мәселемен ұштасады, біріншіден, 
белгілі әлеуметтік заңдылықтардың болуымен, және, екіншіден, қоғам 
дамуына ықпал ететін, жеке, дара, қайталанбас құбылыстар мен үрдістердің 
дамуымен. Құндылықтар мен нормалардың, қатынастардың субъективті- 
объективті байланыс эволюциясын айқындауға, тек тарих пен 
әлеуметтанудың бірлескен күші нәтижиесінде ғана жетуі мүмкін. 
Екі ғылымның өзара әрекеті – саясаттану мен әлеуметтану ғылымының жаңа 
ғылым саласын – саяси әлеуметтануды белгіледі. Саясаттану мен 
әлеуметтанудың байланысы белгіленеді, біріншіден, қоғамның жалпы 


әлеуметтік жүйе ретінде ерекшелігін ескеріп, саяси өмір заңдылықтарын 
айқындауға болады, екіншіден, қоғамға саяси құрылым мен әртүрлі саяси 
құрылыстардың ықпалын үнемі ескеру қажет. Әлеуметтану философиямен 
тығыз байланысты. Олардың негізінде адамзаттың әлеуметтік ойының 
алғашқы тұтастық байланысы жатады. Философияның принциптері, 
категориялары мен заңдары қоғам, қоғамдық қатынастар, әлеуметтік 
байланыстар, әлеуметтік әрекеттер әлеуметтану түсінігінің негізіне жатады. 
Философия материя, сана түсініктерін қолданса, әлеуметтану – әлеуметтік 
құрылым, әлеуметтік институттар, мәдениет пен қоғамның әлеуметтік 
ұйымдасуын зерттейді. 
Барлық құбылыстар мен үрдістер, адам әрекетінің барлық салаларын 
материалдық, сондай-ақ, рухани әлеуметтанумен гуманитарлық 
ғылымдардан гөрі экономикалық, саяси, қоғам өмір әрекетінің рухани 
жақтарын да қарастырады. 
Социология мен әлеуметтік философияның арақатынасын қарастырғанда ең 
алдымен социологияның философиялык ғылымдағы жатпайтынын, өйткені 
ол әлеуметтік философияға қарағандға жалпылылығы әлдекайда төмен 
заңдылықтарды қарастыратынын атап көрсеткен жөн. 
Олардың озара тығыз байланысын анықтайтын мәселе - екеуі де қоғамды 
жүйелі де тұтас әлеуметтік организм түрінде қарастырады. 
Социология мен тарих қоғамды зерттегенде тарихи процесті субъективтік, іс- 
әрекеттік жағына ерекше көңіл бөледі , қоғамдык емірдін нақты факттілерін 
зерттеуге көп көңіл бөледі. 
Социология мен саясаттану тығыз байланысты. Өйткені әлеуметтік 
қауымдастықтар әлеуметтік ұйымдар саясаттын субъектісі болып табылады. 
Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге тікелей әсер ететіндер -жеке адамдар 
және олардың бірлестіктерінің саяси қызметі. Саясат кең де күрделі жан- 
жақты құбылыс. Ол қоғамның барлық салаларын қамтиды? Сондықтан 
экономикалық саясат, әлеуметтік саясат, мәдени саясаты т.б қоғамдық дамуға 
зор әсерін тигізеді. 
Экономикалык және басқа коғамдық ғылымдар да қоғамнын жеке салаларын. 
Бөліктерін зерттейді. Бұлардың социологиядан айырмасы осында. Ал 
социология қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе деп қарайтыны белгілі. 
Экономикалық ғылым материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық 
қатынастарын зерттейді. Ал бұлардың өзгерісі әлеуметтік процестерге әсер 
етпей қоймайды. Сондықтан социология экономикалық теорияға сүйенеді. 
Сонымен қатар экономикалық процестердін өзі керісінше, әлеуметтік 
жағдайлар мен факторлартын әсерінен, олардың өндірісте, өнімді бөлісуде 
айырбас пен тұтынуда пайдалануынан тәуелді екенін өмірдің өзі дәлелдеуде. 
Бұл тәуелдік экономика мен социология ғылымдарынын өзара әсерін 
күшепте түсуді талап етеді. Экономикалық ғылым қоғам өмірінің аса 
маңызды саласынын ішкі айрықша заңдарын зерттесе, ал социология осы 
салада әлдекайда жалпы социологиялық заңдардын ерекше бой көрсетуін 
зерттейді. 


Социология басқа да арнайы қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. 
Мысалы, құқықтану ғылымын алайық. Социология құқықтық қатынастарды 
жеке-дара қарастырмай, бүкіл қоғамдық өмірдің бір бөлігі ретінде қарап, 
социологиялық 
зандылықтардың 
құқық 
саласындағы 
көріністерін 
қарастырады. Социологияның алдына қоятын міндеті - құқыққа және оның 
әлеуметтік рөліне әлеуметтік факторлардың, қатынастар мен институттардың 
және әлеуметтік ұйымдардың тигізетін әсерін анықтау. 
3. Социологияның әлеуметтік-қоғамдық қызметі алуан түрлі. Солардың 
негізігі үшкуін арнайы қарастыру қажет сияқты. Олар теориялық-танымдық, 
саяси-практикалық және идеялық-тәрбиелік қызметі. Теориялық-танымдық 
қызметін іске асыру арқылы социология қоғамның мәні, оның құрылысы, 
заңдылықтары мен оның қызметі жайлы, дамуынын негізгі бағыттары мен 
тенденциялары, жолдары жөніндегі білімді тереңдете нақтылай түседі. 
Теориялық социологияның дамуында эмпирикалық социологияның және 
онымен байланысты арнаулы социологиялық зерттеулердін ролі ерекше. 
Социологияның практикалық-саяси қызметінін маңызы жайлы сөз еткенде 
бұл ғылым әлеуметтік болмысты танып білумен шектеліп қалмайтынын, ол 
өз зерттеулерінің нәтижесіне сәйкес әлеуметтік өмірді жетілдіруге 
бағытталған саяси және практикалық ұсыныстар тұжырымдайтынын атап 
көрсету қажет. Социология элеуметтік өмірді және оның ар саладағы 
көріністері зерттеп қана қоймайды, гуманизм, жалпы адамзат процесі 
тұрғысынан белгілі бір баға береді. 
Социологияның идеялық-тәрбиелік қызметі - оның зерттеулерінің тәрбие 
жұмысында қандай нәтижелер беретінінен көрінеді. Социология әлеуметтік 
болмысты объективті бейнелейтін ғылым ретінде таптар мен әлеуметтік 
топтардың мақсат- мүддесіне бейтарап қарайды. Бірақ осы таптар, әлеуметтік 
таптар өздерінің таптық, әлеуметтік топтық мүддесі мен мақсатын белгілеу 
және қорғау үшін өздерінің саясаты мен практикалық іс-әрекеттерін ақтау, 
негіздеу үшін социологиялық зерттеулердің нәтижелерін кеңінен 
пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет