I кіріспе Жартылай өткізгіштердің маңызды ерекшелігі, онда қоспалар болғанда, өзіндік өткізгіштікпен бірге қосымша – қоспалық өткізгіштік пайда болады



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі22,9 Kb.
#82367
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жартылай откз
жартылай откз
ІІ Жартылай өткізгіштер
Жартылай өткізгіштер кең көлемдегі заттар класы болып табылады жəне олар электрөткізгіштік s, металдар электрөткізгіштік аралығымен (s ~ 106—104 ом-1 см-1) жəне мықты диэлектриктердің (s £ 10-10 —10-12 ом-1см-1) мəнімен сипатталады (электрөткізгіштік бөлме температурасында көрсетілген). Оларды металдардан айыратын негізгі сипаттардың бірі электрөткізгіштіктің s температурасының жоғарлауымен қоса олардың өсуі болып табылады. Осыған орай, температуралардың кең көлемді интервалында жоғарлау экспоненциалды түрде жүзеге асырылады:
s = s0ехр (-EA/кТ).
Мұндағы, k — Больцман тұрақтысы, EA — энергия активации электронов в П., s0 —пропорционалдылық коэффициент (экспоненциалды көбейткіштен гөрі температураға тəуелді). Температураның жоғарылауымен жылу қозғалысы электрондардың байланыстарын үзеді, олардың exp (—EA/kT) бір бөлігі тоқтың еркін тасымалдаушысына айналады.

Электрондардың арасындағы байланыс тек қана жылу қозғалысымен ғана емес сонымен қатар басқа да түрлі əсерлерден өзгеруі мүмкін. Оларға келесілер жатады; жарық, жедел бөліктердің ағыныдары, күшті электр жедісінен жіне т.б. Сондықтан П үшін сыртқы əсерлерге деген электроөткізгіштердің сезімталдығы өте жоғары болады.


Электро өткізгіштерді температураның өзгерісі нəтижесінде кеңінен өзгерту мүмкіндігі, олардың əртүрлі жəне түрліше қолданудың бірі болып табылады.


Жартылай өткізгіште, сыртқы электр күштері жоқ уақытта жəне температура абсолюттік нөльден жоғары болғанда еркін электрондар үздіксіз пайда болып, артынан жоғалып отырады. Яғни, электрон өз орнын тастап шыққанда еркін электронға айналып, енді бос орынға – ойыққа келіп орналасқанда оны (еркін электронды) жоғалды деп айта аламыз.Таза жартылай өткізгіште кез – келген уақыт ішінде босаған электрондар мен ойықтардың саны бірдей болады. Олардың жалпы саны (жартылай өткізгіштің өзінің температурасының бөлме температурасындай болған уақытында) аса көп емес болғандықтан, оның электр өткізгіштігі өте аз. Сондықтан, ол электр тогына өте үлкен кедергі келтіреді. Сондықтан да оны мұндай жағдайда диэлектрик ретінде түсінуге болады. Жартылай өткізгіш тараған сайын оның меншікті кедергісі де жоғарылай береді. Температурасы 300К болған германийдің меншікті кедергісі р=46 Ом*см.


Ал егер осы жартылай өткізгіште басқа элементтің атомдарының тіпті аз мөлшерін қоссақ, оның электр өткізгіштігі бірден артады. Қосқан атомдарымыздың құрамына қарай, жартылай өткізгіштің электр өткізгіштігі электрондық жəне ойықтық болып бөлінеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет