I нұсқа: Мәтіннен қос сөздерді теріп жазыңыз Берілген сөйлемдегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз Бораған қардың қиыршық қатты ұшқындары кірпігін сабалап, танауына, көзіне кіре бастады. II нұсқа



Дата17.11.2022
өлшемі13,87 Kb.
#158654
Байланысты:
диктант (2)
enzam gos

Жылқышы

Еламан қарына ілген құрықты қолына алды. Үзеңгіге аяғын шіреп жіберіп, қар астындағы шөпті тұяғымен теуіп жеп, жайылып жатқан жылқыларға көз тастады. Шет жағында жүрген саяқ аттар шашырай түскенмен, орта тұсы тобын жазатын емес. Құнан, тайларын араларына алып, шоғырлана түсіпті. Тек мама биелер мен сары тіс сақа айғырлар күн райы бұзылғанын басқа жылқылардан бұрын сезді. Қара от-жусан мен изен борасын қар арасынан көрінбей кетті. Бораған қардың қиыршық қатты ұшқындары кірпігін сабалап, танауына, көзіне кіре бастады. Сонда ғана жел бетте жайылып жүрген мама биелер мен айғырлар жерден басын көтеріп, аузындағы үзіп алған шөбін шайнамай, құлағын тігіп, селтиіп тұрады.


Күн батар алдында жаяу борасын үдеп, жер-дүние қарауытып, түнере бастады. Еламан жылқылардың ық жағына шықты. Құла атты тырп еткізбей ұстады да, айқайлап жіберді. Осы жылқылардың жон арқасын шымырлатып қоя беретін ащы дауыс! Жылқылар дір етті. Алғашқыда қалай қарай қозғаларын білмей, отқа тойған бүйірлерін қағысып, опыр-топыр болды. Іле-шала қалың қарды күтір-күтір бұзған тұяқтар дүрсілдетіп шаба жөнелді. Күн батып, көз байланған-ды. Кенет ілгері қара түнек ішінен қос-қос шоқтар андыздап қоя берді. Алда келе жатқан шұбар айғыр осқырып, соңында шұбырған жылқыларға қарай шегіншектеп тоқтай қалды. Қалған жылқылар да енді бір басса, ұмар-жұмар құлайтындай опыр-топыр тоқтады. Шұбар айғыр жан даусы шыға азынап жібергенде бүкіл жылқы жалт беріп, кейін қарай шаба жөнелді. Еламан атқа отырды.

(207 сөз, Ә. Нұрпейісов.)




I нұсқа:
1. Мәтіннен қос сөздерді теріп жазыңыз
2. Берілген сөйлемдегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз
Бораған қардың қиыршық қатты ұшқындары кірпігін сабалап, танауына, көзіне кіре бастады.


II нұсқа:
1. Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыз
2. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз
Кенет ілгері қара түнек ішінен қос-қос шоқтар андыздап қоя берді.


III нұсқа:
1. Жылқышы, үзеңгі сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз
2. Сөйлемдегі сөздерді сөз таптарына қарай ажыратыңыз
Шұбар айғыр жан даусы шыға азынап жібергенде бүкіл жылқы жалт беріп, кейін қарай шаба жөнелді.


IV нұсқа:
1. Құнан, Еламан сөздеріне фонетикалық талдау жасаңыз
2. Берілген сөйлемге синтаксиситік талдау жасаңыз
Іле-шала қалың қарды күтір-күтір бұзған тұяқтар дүрсілдетіп шаба жөнелді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет