І тарау. Атом құрылысы тұрғысынан периодтық заң және химиялық


ҮІІ тарау. Маңызды р-элементтер және олардың қосылыстары



бет11/24
Дата08.02.2022
өлшемі99,93 Kb.
#121211
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
тест химия

ҮІІ тарау. Маңызды р-элементтер және олардың қосылыстары
III A топ
1-нұсқа.


1.Алюминий атомына сәйкес келетін электрондық формула:
А) 1s22s22p63s2 Б) 1s23s22p1 С) 1s22s22p63s23p1 Д) 1s22s22p63s1
2.Таралуы бойынша металдар ішінде бірінші орын алады:
А) Fe Б) AI С) Si Д) Ca
3.Алюминийдің табиғи минералдарына мына заттар жатады:
А) доломит, пирит, шпат, слюда
Б) магнетит, нефелин, боксит, фосфорит, кремнезем
С) нефелин, боксит, корунд, криолит
Д) криолит, магналий, апатит жатады.
4.Өндірісте алюминийді:
А) домна пешінде
Б) гидрометаллургия әдістерімен
С) пирометаллургиялық әдістермен
Д) бокситтер балқымаларының электролизімен алады.
5.Белгілі жағдайда алюминий ....... әрекеттеседі: 1) галогендермен; 2) сутекпен; 3) сумен; 4) күкіртпен; 5) азотпен; 6) көмірмен; 7) қышқылдармен; 8) сілті ерітінділерімен;
9) темір оксидімен; 10) құммен. Аталған реакциялардың қайсысы жүрмейді:
А) барлық реакциялар мүмкін Б) 2,3,10 С) 2,8,10 Д) 10
6. Алюминийден ыдыс жасағанда:
А) иілгіштігін Б) созылғыштығын
С) жылу өткізгіштігін Д) жеңілдігін ескереді.
7.Алюминий оксидінің екідайлық қасиетін дәлелдейтін оның:
А) қышқылмен реакциясы Б) сілтімен реакциясы
С) қыздырғанда сілтімен реакциясы
Д) қыздырғанда сілтімен және қышқылмен реакциясы.
8.Алюминий гидроксидінің екідайлығын анықтау үшін қолданылатын реактив:
А) HCI және Fe(OH)3 Б) NaOH және H2SO4
С) NaOH және H2S Д) HNO3 және Cu(OH)2
9.Бірінші оқушы: «Корунд көк түсті», - деді. Екінші оқушы: «Қызыл түсті», - деді. Қайсысы дұрыс:
А) екіншісі дұрыс, біріншісі дұрыс емес Б) екеуі де дұрыс емес
С) екеуі де дұрыс Д) біріншісі дұрыс, екіншісі дұрыс емес.
10.Техникада алюминий мына қасиеттеріне байланысты қолданылады:
А) металдық жылтырына Б) жемірілуге тұрақтылығына
С) жоғары электрөткізгіштігіне Д) созылғыштығына байланысты.
11.Массасы 8.2 г алюминий тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілетін газдың көлемі(л):
А) 10.4 Б)10.3 С)10.1 Д)10.2
12.Сауда өміріндегі алюминийдің ең маңызды қосылысы:
А) АІ2(СО3)3 Б) АІ2О3 С) АІСІ3 Д)AI2(SO4)3
13.Заттардың қайсысы алюминиймен әрекеттеспейді:
А) НСІ Б) СО С) NaOH Д) H2SO4
14. +С +Н2О + NaOH + NaOH
АІ -------- Х1 -------- Х2 ------------ Х3 ----------- Х4. Өзгерістер тізбегіндегі Х4 заты:
А) АІ(ОН)3 Б) АІ2О3 С) NaАІO2 Д) Na[АІ(OН)4]
15. Алюминий гидроксидімен әрекеттесетін зат:
А) СО2 Б) Н2О С) NaOH Д) N2




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет