I тарау. Биологияны оқытуда халықТЫҚ педагогиканы қолданудың педагогикалық психологиялық алғышарттары


БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ



бет6/12
Дата18.05.2020
өлшемі343,5 Kb.
#69488
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Халықтық педагогика элементтерін биология сабағына енгізу
Лабораторная работа 5, ДТӘ лек№7 2-9.11.20жыл, 4а КШФ. Коньки спортындағы жарақаттар.4.11.20ж
БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ

    1. Биология сабағында этнопедагогикалық материалдарды пайдаланудың жәй күйі

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт- дәстүрін, тілін, білімін, меңгерген мәдениетті, адами қасиеті мен шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу - өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы жас ұрпаққа жан- жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі ұстанымдарын айқындап береді. Олар мыналар: Қазақстан Республикасының барлық азаматының білім алуға тең құқылығы, әрбір азаматтың интелектуалдық дамуы, психо-физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы.

Әрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар, яғни, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды. Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт- дәстүр, халық тағылымдары мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн.

Қазақ мәдениеті - ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс- тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы – халықтың мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып қалыптасқан.

Ал ұлттық тәрбие мәселесі - адамзат тарихының өн бойына ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінге адамзаттың өркениетінің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұраттарға қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және т.б. қасиеттерді жатқызамыз.

Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президені Н.Назарбаев бір жинағында былай деп жазады. «Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті ретінде сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды...».

Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруге ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көрністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн- жоралғылар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, ұлттық қасиеттерге айналады.

Оқушының ұлттық қасиеттері меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылылығы, мәдениеттілігі т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді.

Әрбір ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге (халық педагогикасына) байланысты дамып қалыптасады. Халық педагогикасы ұлттық әдебиетпен сол ұлттың салт-дәстүрлерінен құралады. Әдебиет көркем шығармалар арқылы сан үйренуден бастап, шығарма кейіпкерлерінің тілін, ойын, іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ұлттық қасиеттерін үлгі ретінде әсерлі баяндап, содан соң көркемдеп көрсетіп үйрету арқылы жеке тұлғаның адамдық қасиеттерін қалыптастырып, кісілік сана-сапасын арттырады.

Ал ұлттық салт-дәстүрлер игі әдеттердің әдеп-ғұрыпқа (әдепті іс-әрекетке) айналып, одан әдеп (ұлттық мәдени көрініс), әдептен дәстүр (мәдени үрдістің ұлттық дәрежедегі көрінісі), дәстүрден салт ( дәстүрдің ұлттық санаға сіңіп, сөзсіз қолданыста болуы) қалыптасқанын көрсетіп, жеке тұлғаның ұлттық мәдени қасиеттерін қалыптастырады. Мысалы, қазақ халқының меймандостық дәстүрі әуелі игі әдет болған, одан көп қолданысты әдет- ғұрыпқа айналған, әдет- ғұрып ұлттық қолданыста әдепке (ұлттық мәдени көрініске) айналып, ол ұлт өкілдерінің сөзсіз орындауында дәстүр деп аталады, ал дәстүр ұлттық заңдылыққа айналып, ол салт деп аталады. Салттың ұлттық санадағы көрінісі салт-сана деп аталады. Қазақ халқының аса бай ұлттық әдебиеті, қайырымды, әдепті салт- дәстүрлері оның этностық (ұлттық) ерекшеліктерін көрсетеді де, ол жеке тұлғалардың қасиеттерін қалыптастырады.

Оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеуде белгілі әлемдік, отандық ғалымдарымыздың еңбектеріне тоқталып өтелік.

Белгілі педагог К.Ушинский «Халықтың (этностың) тәжірибесінде педагогта жоқ, педагогикада жоқ» дейді. Ал Аристотель «Біз бала тәрбиелеуге халық тәжірибесіне сүйенеміз» деп жазады.

Отандық ғалымдарымыздың бірі Қ.Жарықбаев « Еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері-қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын. Өйткені, қазақ этносының бүкіл тыныс-тіршілігінде, отбасындағы әдет-ғұрып пен салт-санасында кең байтақ өлкемізді мекендеген басқа халықтар мінездерінің нышандары көрініс беріп жүр. Бірақ, кейбіреулер айтып жүргендей, бұрын жылқы мінезді болып, енді қой мінезді болған жуас, намыссыз халық емеспіз» деп тұжырымдайды.

Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдеқ деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті мәдениетті болу үшін білімді болу міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениетті игермеген болса, ондай тұлға ұлт алдында мәңгүрт, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Кәсіптік- мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.

Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін қазақ білімпазы Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. Ол «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге , өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек» деген екен.

Ендеше оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі – пәнаралық байланыс негізінде оқыту.

Қазақстанда ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгізген Мағжан Жұмабаев болды. Ол өзінің «Педагогика (баланы тәрбие қылу жолдары)» еңбегінде «...Әрбір тәрбиешінің қолданатын автор М.Ғабдулин, Б.Момышұлы, Б.Адамбаев, Ш.Ахметов, М.Әлімбаев, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, С.Ұзақбаева, М.Балтабаев, Қ.Бөлеев, З.Ахметова, М. Құрсабаев, М.Смайылова, М.Оразаев, К.Кожахметова еңбектерін жатқызады. Тәрбие жолы – ұлт тәрбиесі....Әрбір ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке- жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті...» деп атап көрсеткен

Бұл жерде Мағжанның халық педагогикасының халықтың тарихы мен мәдениетімен бірге қалыптасып келе жатқан ауқымды дүние екенін растай түсіп, оның заманның қай кезеңінде болсын ұрпақ тәрбиесінің ең негізгі құралы болып қалатыны болжай білгендігін көреміз.

Кеңес үкіметі тұсында Қазақсатанда қазақтың ұлттық тәрбиесі жөнінде арнайы ғылыми еңбек жазуға мемлекет тарапынан тыйым салынғалы белгілі. Оған кеңес үкіметі заманында жүргізілген зерттеу жұмыстарын талдау барысында көз жеткіздік. Халық педагогикасы немесе ұлттық мәселесі арнайы ғылыми мақала, тезис, қосымша мағлұматтар негізінде М.Әуезов, Т.Тәжібаев, М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Б.Адамбаев, Х.Арғынбаев, М.Әлімбаев, С.Сауытбеков еңбектерінде көрініс тапқан.

Қазақ этнопедагогикасының тарихын зерттеуші С.Қалиев аталмыш ғылым саласының қалыптасу кезеңдерін үш кезеңге бөліп қарастырады.

1. Қазақ этнопедагогикасының туу кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы). Оған автор Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев және орыс – батыс ғалымдары П.Паллас, Э.Вульфсон, А.Вамбери, А.Левшинь, А.Януш кевич, Н.Потанин, Н.Зеланд, В. Радлов еңбектерін жатқызады.

2. Қазақ этнопедагогикасының қалыптасу кезеңі (1920-1930 жылдар ). Оған автор С.Торайғыров, Ә.Диваев, А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, Н.Құлжанова, М.Әуезов, С.Сейфуллин еңбектерін жатқызады.

3. Қазақ этнопедагогикасының даму кезеңі (1970-1995жылдар). Оған М.Әуезовтың «Абай жолы» романын жазушы ғұмыр кешкен заманындағы халықтық педагогика энциоклопедиясы деуімізге болады. Мұхтар сомдаған ұлы Абайдың ғұмырнамасы арқылы оқырман қауым тек қана сол өмірдегі әлеуметтік қайшылықтар мен тап күресі жайлы тарихи деректер жайында біліп қана қоймай, қазақи қанымызға ғасырлар бойы сіңіп, қалыптасып келе жатқан, әке тағылымы, ана мейрімі, ауыл шежіресі, халық даналығы жайында этнопедагогикалық маңызы зор мағлұматтар алары сөзсіз .

А.Байтұрсынов тек қана ірі қоғам Һәм саяси қайраткер ретінде танылуымен қатар қазақ педагогика ғылымының қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді. Автордың көп еңбектерінің ішінде ұлттық тәрбиеге тікелей қатысы бар бастауыш сынып оқушыларына арналған «Қазақ әліппесі» оқулығын ерекше атап өткен жөн.

М.Ғабдуллин «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» (1966) еңбегінде «Қазақ халқының өмірімен орын алған тәрбиенің тарихын жан-жақты түрде қарастыру өз алдына зерттелетін мәселе. Біздің мақсатымыз – революцияға дейінгі қазақ арасында жас ұрпақты еңбек пен ерлікке тәрбиелеуде халықтың нені арман еткенін және баланы жастайынан тәрбиелегенде өсе келе кім болуын көздегенін шолып өту. Мұндай шолудың керек болып отырған себебі, біріншіден, халықтың бала тәрбиелеудегі өткен кездегі арман-мақсаттармен танысу, екіншіден, оларды бүгінгі күннің тілек- міндеттерімен салыстыру еді...» деп нақтылай келе этнопедагогика туралы маңызды ой-пікірін білдіреді .

Профессор Төлеген Тәжібаев «Қазақтың мәдени өмірінде фольклор, музыка, қол өнері және халықтың тәрбиелік дәстүрлері басты рөл атқарған. Халықтың сан ғасырлық тәжірибесін, ойы мен мұң-мұқтажын білдіретін мақалдар мен мәтелдерде қазақтың халықтық педагогикасы көп жинақталған» деп халық педагогикасының негіздерін терең зерттеу барысында мақал-мәтелдердің жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудегі маңыздылығына жете тоқталып өтеді .

Халық қаҺарманы Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» кітабын (1975) қазақ халық педагогикасының әліппесі деп айтуымызға болады. Автор өзінің балалық шақтан бастап есейген шағына дейінгі ғұмырнамасындағы тәлім- тәрбиелік дүниелерді қазақи тұрмыс ерекшеліктерімен байланыстыра отырып суреттейді.

Әр халықтың ұлттық тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері жөнінде Г.Виноградов (1926 ), А.Хинтибидзэ (1951) ғылыми еңбектер жазды. 1956 жылы жарыққа шыққан академик Г.Волковтың «Чуваш халқының этнопедагогикасы» еңбегі ТМД мемлекеттері кеңістігінде этнопедагогика ғылымының көптеген ғалымдардың зерттеу нысанына айналуына себеп болды. Бұл орайда А.Алиевтің (Әзірбайжан 1968), Я.Ханбиковтың (Татарстан, 1967), З.Миртурсуновтың (Өзбекстан 1973) А.Гашимовтың (Әзірбайжан 1970), Ю.Руд (1980), З.Васильцованың (Украйна,1983), Е.Христованың(1988), К.Пирлиевтың (Түріменстан ,1991) А.Измайловтың (Қырғызтан1991) және басқа ғалымдардың еңбектерін атап өткен жөн.

Қазақстанда халық педагогикасына қатысты тұңғыш зерттеулерге А.Мұқамбаева (1973) И.Оршыбеков (1974), Қ.Жарықбаев(1982) және Қ.Сейсембаевтың (1987) еңбектері жатады. А.Мұқамбаева өзінің «Национальные обычай и традиции казахского народа и их влияние на воспитание детей и молодежи» еңбегінде қазақ халқының тәлім-тәрбиелік дәстүрлері және оның тарихы жөнінде мәселе көтереді.

А.Мұқамбаеваның ойынша, жас ұрпаққа халықтың сан ғасырлай бойы жинақталып келген салт – дәстүрлері негізінде тәрби беру-алдымен салт –дәстүрлер әдет-ғұрыптардың халық тұрмысындағы пайда болу генезисін анықтап алудан бастау керек. Ол дүниелерді зерттеу мен талдау- тақырыптың әлеуметтік алғышарттарн айқындауға негіз болмақ. Әлеуметтік алғышарттардың қоғамдық құбылыс екені жөніндегі этнограф ғалымдардың теориялық еңбектеріне сүйенген автор өз ретінде қазақ халқының салт- дәстүрлерінің қоршаған орта мен тұрмыс –тауқіметтің жағдаяттарына байланысты өзіндік табиғи ерекшеліктерін реттеудің қажеттілігін баяндайды.

Зерттеуде қазақ халқының ата-бабасының жинақтаған тәжірибелері негізінде жас ұрпаққа жан-жақты тәлім-тәрбие беруде адамның жас ерекшеліктері мен танымдық мүмкіндіктеріне аса назар аударғаны, нәтижеде тәрбие әрекеттерінің тұрмыста, әулет пен отбасы салтында арнайы білім қағидаларын игеру мен қолдану негізіндегі қарапайым педагогикалық тәжірибелердің қалыптасқаны дәлелді тұрғыда айтылады. Автор тұрмысында ұлттық тәрбиенің жалпыға ортақ ерекшелігін ескеру керектігін баса айтып, ұлттық дүнйетаным қағидасынан туындаған «адамның шыр етіп бұл дүниеге келгеннен бастап зарлап о дүниеге кеткенге дейінгі ғұмырнамасына тәрбие бесігінде тербеліп өтеді» деген танымдық – тағылымдық ұғымдар мен өз ойын ұштастырады.

И.Оршыбеков өзінің «Халық ауызекі поэтикалық шығармашылығындағы адамгершілік тәрбиесінің идеялары» диссертациялық еңбегінде халық ауыз әдебиеті мұралары негізінде оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің кейбір өзекті мәселелерін сөз еткен. Автор адамгершілік тәрбиесінің халық педагогикасында үлкен сала болып табылатын мақал-мәтелдер мен этномузыкалық мұралар арқылы мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарында факультативтік дәрістердің қосымша материал ретінде өткізу жөнінде әдістемелік кеңестер береді.

Қ.Сейсембаев «Отбасы тәрбиесінде балаларды мектепке даярлаудағы қазақ халық педагогикасы» еңбегінде халық педагогикасының негізгі бөліктерінің бірі отбасы тәрбиесі екенін атап көрсетеді. Оның ойынша халық педагогикасының қалыптасу тарихын зерттеу барысында қай кезеңдерде болсын әр халық күнделікті тұрмыста жас ұрпаққа эмпирикалық білім мен тәрбие беруде отбасылық дәстүрлерге сүйенген. Сондықтан отбасы дәстүрлері негізінен арнайы әдістемелік нұсқаулар мен дәріс беру сабақ жоспарларын құрудың үлгілерін ұсынады .

И.Оршыбеков пен Қ.Сейсембаев халық педагогикасы мұраларының ұрпақ тәрбиелеу барысында атқаратын маңызының зор екенін атай келе, ұлттық тәлім-тәрбие жайында әдістемелік нұсқаулар берудің орнына жалпылама шолу жасап, қысқаша анықтамалар берумен шектелгенін байқаймыз.

Қ.Жарықбаевтың «Развитие педагоической мысли в дореволюционном Казакстане» еңбегі қазақ этнопедагогикасының тарихы жайлы мол мағлұмат береді. Ғылыми зерттеудің басты мақсаты қазақ даласында ғұмыр кешкен данышпандар мен жыраулардың педагогикалық ой-пікірлерін жинақтар, бір жүйеге келтіру болды.

Ұлы дала ғұламаларының педагогикалық ой-пікірлерін жинақтап, олардың тәлім – тәрбиелік Һәм діни-рухани мұралары жөнінде республикамызда тұңғыш рет көлемді ғылыми зерттеу жүргізген Қ.Жарықбаев еді. Ол өзінің ғылыми зерттеулерінің нәтижесінде ұлттық педагогика тарихының дамуына қомақты үлес қосты. Еңбекте тұңғыш рет шығыстанушы, әдебиеттанушы және этнолингвистика мен елтанушы ғалымдардың еңбектері негізінде қазақ топырағында ғұмыр кешкен көне түркі ғұламалары: Йоллық тегін, Күлтегін, Мойыншор, Білге қаған, Тоныкөк, Онгин, Сүдже, Құлышора және басқа данышпандардың тағылымдық өсиеттері баяндалады.

Ғалым орта ғасырларда мұсылман Ренессансының өркендеуіне үлес қосқан алып тұлғалар: Әбу Насыр Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, А.Иассауи және А.Иүгінеки ғибраттары жайында сөз етіп, аталмыш данышпандар тағылымдары жөнінде арнайы дәріс курсын өткізу жөнінде әдістемелік нұсқаулар ұсынады.

Қ.Жарықбаевтың қазақ этнопедагогикасы тарихын жүйелі тұрғыда зерттеуге арналған еңбектері. С.Қалиевтың зерттеу жұмыстарында көрініс тапты. С.Қалиев өзінің «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі» еңбегінде Қ.Жарықбаевтың зерттеулері одан ары дамыта түсіп, қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ақын-жыраулар поэзиясындағы тәлімдік идеялар жөнінде толық мағлұматтар береді.

С.Қалиев қазақ этнопедагогикасы тарихындағы «Алтын ғасыр кезеңі» болып саналатын Қазақ хандығы тұсында ғұмыр кешкен ақын-жыраулардың педагогикалық ой-пікірлеріне терең талдау жасап, жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде ата-бабалар тағылымдарын мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарында жүйелі тұрғыда пайдаланудың әдістемелерін ұсынады. Бертін келе аталмыш зерттеу материалдары – «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» (1990), «История обучения и воспитания казахов» (1990), «Қазақ этнопедагогикасы және этнопсихологиясы курсының бағдарламасы» (1992) тағы басқа бағдарламалар мен тұжырымдамалардың пайда болуына негіз болды.

Ұлттық тәрбие мәселелеріне арналған С.Кенжеахметовтың «Жеті қазына», С.Сауытбековтың «Тағылым тегі» және М.Әлімбаевтың «Халық ғажап тәлімгер» еңбектерін атап өткен жөн.

Бұл күнде С.Сауытбековтың «Тағылым тегі» кітабы оқушыларға ұлттық тәрбие беруде тамаша әдістемелік-дидактикалық нұсқау болып отыр. Кітаптағы тыйым сөздер, балалардың мал төлдерін шақыру, тағы басқа да халық педагогикасының ой-маржандарды негізінде түзілген тақырыптар бойынша Көкшетау университетінде арнайы мультипликациялық фильмдер түсіріліп, онда жинақталған тәжірибелер Солтүстік Қазақстан өңірінің мектептерінде кешенді түрде енгізілуде. Оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі атқарылған іс-шаралардың ғылыми эксперименттік нәтижелері университет аясында жыл сайын өтетін халықаралық «Сейтен тағылымдары» ғылыми тәжірибе алмасу барысында жетекші педагогикалық жетістіктердің біріне айналып келеді. Сондай-ақ, С.Сауытбековтың «Өртерген өлең» кітабындағы басты кейіпкер, жалында күрескер Баймағамбет Ізтөлиннің қаhармандық дәстүрі негізінде оқушыларға этнопатриоттық тәрбие берудің педагогикалық маңызы аса зор[29].



Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин халық ойындарын балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтын дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық адамгершілік ой талабының өсуінде оның атқаратын қызметін жоғары бағалады. Қазақтың ұлттық дене шынықтыру мәдениеті жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде мектептегі кезеңнен қалыптаса бастайды. Сондықтан оны пайдалану тек қозғалғалмалы біліктілік, дағдыларды дамытып қана қоймайды, сонымен қатар мектеп оқушыларынан қазақтың ұлттық спорт түрлеріне деген көзқарасын қалыптастырып, дене жаттығулары мен ойындарын өз беттерінше дамытуға тәрбиелеп, оқу-ойын материалдарын бір жүйе ретінде олардың руханилығын, адамгершілігін, дене тәрбиесін тәрбиелеуге баулуды қарастырады. Бұндай жағдай Қазақстан Республикасының оқушыларының көпшілігінде ұлттық спортпен, ұлттық ойындармен, дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға деген мұқтаждықтың, осы саладағы өз бетінше жүргізілетін сабақтардың ғылыми негізделген әдістемесінің жоқтығын, сонымен қатар көптеген жалпыға міндетті білім беру мекемелерінде, мектептерде (әсіресе, ауыл мектептерінде) оқудың материалдық базасының нашарлығынан, оқушылардың оқитын орындары да қашықта болғандықтан, мектептен тыс сабақтар мүлдем жүргізілмейді. Осы жоғарыда айтқан мәселелердің бәрі аталған тақырыптың әлі де болса жан-жақты толық зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді. Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың жас ерекшіліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөлуге болады. Қажетті ойындарды өтілетін сабақ не жаттығудың алдында тұрған педагогикалық міндеттеріне байланысты таңдап алу қажет. Дене тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды спорттық ойын сабақтарында, жеңіл атлетика, гимнастика сабақтарында, жалпы дене қуаты дайындығы және жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Ұлттық ойындардың дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол. Жалпы ойындарды жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықтарды жеңуге, еңбексүйгіш субъект ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді. 

Педагог пен қазіргі мектептердің маңызды мәселесі оқыту процесінде оқушының пәнге деген ынтасын арттырып, оқушының білім деңгейін жоғарлату, оқыту әдістерін және тәрбиені жетілдіру. Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастырып, белсенділігін арттыру үшін, қай деңгейде болса да оқушылардың қызығушылын қалыптастыратын, оқыту процесінде оқушылардың көңілін баулайтын сабақ үлгісін таңдау керек. Осы міндетті жүзеге асыруда оқытудың белсенді әдістері: биологияны халық шығармашылығымен кіріктіре оқытуды ұсынамыз. Биология сабағында мұғалімдер халық шығармашылығын шектеулі ғана пайдаланады немесе мүлде пайдаланбайды. Бұл мұғалімнің өз-өзімен жұмыс жасағысы келмейтіндігінің көрінісі[31].

Сабақта көркем шығармалардан үзінділер келтірсе, ол оқушының танымдық қызығушылығын оятады. Оқу желісінде әдеби шығармалардың үзінділерін енгізу мұғалімнің әңгімесін жандандырып, оқушының көңілін өзіне аударып, айналадағы биологиялық құбылыстарды көруге көмектеседі.

Халық шығармашылығын сабақтың әртүрлі кезеңдерінде пайдалануға болады.



  1. Жаңа тақырыпты түсіндіруде.

  2. Тақырыпты бекіткенде.

  3. Сабақтың өткен материалын тексеріп бағалауда

  4. Нақты модульды қамтып, жүйелендіруде.

Қазақстан ғалымдары А.Е. Әбілқасымованың, С.А. Қойлыбаевтың еңбектерінде оқушылардың танымдық белсенділігіне байланысты сабақтың құндылығы көтерілетіндгі талданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет