I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары



бет67/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Сабақтың негізгі бөлімі

Сабақтың кіріспе бөлімі мен негізгі бөлімнің арасында үзіліс болмауы керек. Бөлімдер біртұтас байланыста жүреді. Сабақтың негізгі бөлімінде, негізгі мақсаты орындалады. Негізгі бөлімде жалпы дамыту жаттығулары ағзаға әсер беру үшін, сабақта үйретілетін басты жаттығуларын дайындау үшін де қолданылады.

Әр түрлі жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу жаттығулары, тепе- теңдік сақтау, асылу, акробатикалық жаттығулар, баскетбол ойындары сабақтың негізгі бөліміне нақты педагогикалық мақсатты шешу үшін енгізіледі. Сонымен қатар физиологиялық әзер ету үшін қолданады.

Күнделікті сабақта қимыл- қозғалыс ойындары ойналады. Әдетте олар негізгі бөлімде ойналады. 1-2 сыныптарда екі ойын ойналады. Бірінші міндетті негізгі бөлімге енгізілсе, екінші қалған бөлімдерге енгізілу мүмкін. 3- сыныптармен бір- ақ ойын ойналады. Және кез келген бөлімнің біреуінде ғана ойналады. Негізгі бөлім ойындары оқушылардан жылдам қимыл, қозғалысты талап етеді. Мысалы, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, т.б. сол сияқты қимылдары бар ойындарды ойналады.

Әдетте негізгі бөлімнің ойындары нақты бір мақсатқа жетуге бағытталады. Сол сияқты тағы басқа да ойындар негізгі бөлім мезетіне енеді және аталған ойындарға үйрету сабақтың басты мақсаты болып табылады. Негізгі бөлімде оқушылар кем дегенде 2-4 қимыл қозғалыс үйрену керек. 1-2 сыныптар сабақтарының негізгі бөлімінде 3-4 түрлі қимыл қозғалыс ендіріледі. Және де қозғалыстар үнемі ауысып отыру керек. Ал 3- сыныптарға 2-3 түрлі қимыл- қозғалыс енгізіледі, бұл кезде оқушылардан қозғалысты дұрыс орындауды талап етеді де жаттығуды түсіндіріп үйретуге көп уақыт жібереді.

Сабақтың негізгі бөлімінің мазмұнына төмендегідей жаттығулар енгізіледі:

Тепе- теңдікті сақтау жаттығулары, доппен орындалатын жаттығулар, биіктікке секіру, жүгіріп ойнайтын ойындар топтары.

Жан- жақты дамыту жаттығулары, межеге лақтыру, өрмелеу, секіру ойындары.

Дұрыс тұлға қалыптастыруға арналған жаттығулар, өрмелеу, ұзындыққа секіру, лақтыруға арналған ойындар.

Дененің дұрыс тұлғасын қалыптастыратын жаттығулар тобы, өрмелеудің түрлері. Жаттығулар тобы, өрмелеудің түрлері, ұзындыққа секіруді, лақтыру ойындары, шаңғыға дайындық жаттығулары.

Жаттығулар мен жаңа тақырып негізгі бөлімнің басында меңгереледі. Балалардың орындауына қиындық туғызатын жаттығулар жеңілдеу жаттығудан кейін орындалады. Осылайша бірте- бірте орындау қағидасы іске алады. Мысалы, егер көздеп лақтыру және жүгіру ойындары сабақтың негізгі бөліміне енгізілсе, онда ең алдымен лақтыру одан кейін ойын ойналады. Өтілген тақырыпты меңгертуде жалғастыру жаңа сабақты меңгергеннен кейін жалғастырылады. Егер жаңа тақырып негізгі бөлімге енгізілмесе, онда өткен сабақты меңгеру таныс жаттығулармен басталады.

Қимыл іскерліктерін меңгеру үшін сабақтың негізгі бөлімінде орындалатын жаттығулардың шартын күрделендіру ұсынылады.

Балалардың көңіл- күйін жылдам жоғары көтеретін жаттығулар сабақтың негізгі бөлімінің соңында өтіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   111




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет