I тарау дене шынықтыру жүйесінің міндеттері мен мақсаттары


Әрбір оқушымен жеке жұмыс жасау



бет78/111
Дата25.12.2021
өлшемі0,68 Mb.
#104981
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   111
Байланысты:
Ұлман Ж Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі кітабыd — копия — копия

Әрбір оқушымен жеке жұмыс жасау

Балалармен жұмыс барысында мұғалімнің әрбір оқушының жеке ерекщеліктерін жақсы білуінің зор мәні бар. Себебі, сыныпта зерек, салғырт, белсенді және белсенді емес, дене шынықтырумен айналысатын және сабаққа өте қызыға қоймайтын оқушылар болуы мүмкін.

Мұғалім әрбір оқушының дене дамуы мен денсаулық жағдайын жақсы білуі керек. Ол үшін әр оқушының жеке құжаттары және медициналық тексеру нәтижелерімен танысуы қажет.

Оқушылардың отбасы жағдайымен, сонымен қатар ата – анасымен тікелей қарым – қатынаста болу мұғалім үшін өте маңызды. Мұның оқу – тәрбие жұмысы кезінде балаларды тиянақты бақылаумен толықтырылады.

Әрбір сыныпта өзінің сыныптастарынан дене дайындығы жағынан ерекшеленетін оқушылар кездеседі.

Дене шынықтыру жаттығуларын орындау кезінде олардың кей біреулері жақсы көрсетңіштерге жетсе, енді біреулері қалып қояды.

Дене шынықтыру сабағында қатардан қалушы балалар құбыларының алдында өз кемшіліктеріне ыңғайсызданып, жаттығуларды құлықсыз орындайды немесе орындаудан бас тартады. Мұндай жағдайда мұғалім жаттығуларды қызықтыру үшін тиімді әдіс – тәсілдерді пайдаланып, кейде жаттығу шартын жеңілдетеді. Сонымен бірге мұғалім, бұл уақытша қатардан қалу екенін, егер сабақтан тыс уақытта қосымша жаттығатын болса, қатар құбыларын қуып жететінін айтып түсіндіру арқылы өз – өзіне деген сенімдерін арттырады. Қатардан қалушыларға мұғалім сабақ үстіне ешқандай ерекше жағдай жасамайды. Басқалардың назарын аудармайды, олармен жеке жұмыс жасайды.

Сол сияқты жақсы дайындығы бар балалар да жеке жұмыс жасауды қажет етеді. Сабақ үстінде барлық оқушылармен жүргізіліп жатқан жаттығулардың жеңілдігі оларды таң қалдырмайды. Сондықтан олар оны құлықсыз орындайды. Мұндай жағдайда бұл оқушыларға жаттығу кезінде жоғары талап қойып және жаттығуды біртіндеп күрделендіріп отыру керек. Сонымен қатар мұндайда оқушылардың белсенділігін арттыру үшін оларға өз жолдастарына көмектесуді тапсыру керек. Бірақ кез келген жағдайда мұғалім мұндай оқушыларды біле бермейді.

Жаттығуды сенімсіз жасайтын, батылдықты талап ететін оқушылар да аз кездеспейді. Мысала, тепе – теңдік сақтау жаттығуларын орындағанда, биіктіктен және биіктікке секіргенде, сонымен қатар таудан шаңғымен түскенде. Бұд олардың өз күштеріне сенбеуімен, жаттығудің қиын көрінуімен, құлап қалу немесе жаттығуды дұрыс жасамаумен түсіндіріледі. Мұндай жағдайды болдырмау үшін жаттығуларды жеңілдете түсу керек (мысалы, нарядтың биіктігін азайту, т.б.).

Мысалы, тепе – теңдік жаттығуын орындағанда мұғалім бөрене биіктігін төмендету немесе бөрене бойымен жүріп бара жатқан оқушының қолынан демеу, биіктікке секіру кезінде көрмені төмендетіп немесе керме орнына жіп ілу. Әдетте, мұндай көмек оң нәтиже береді.

Кейде дене дамуы жағынан сыныптарынан айырмашылығы жоқ, бірақ дене шынықтыру сабағына қызықпайтын балалар кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда мұғалім ең алдымен бұл құбылыстың себебін анықтауға (оқушымен, оның достарымен және ата – анасымен әңгімелесу) оқушының сабаққа қызығушылығын тудыруға тырысады, оған сабақта және сабақтан тыс жеке тапсырмалар береді.

Әр баламен жеке жұмыс жасағанда оның денсаулығын ескеру қажет.

Жұмыс тәжірибесі көсеткендей, мектепте дәрігерлік топқа жататын балалар болады. Арнаулы топқа жеке сабақтар ұйымдастырып, оларды дене шынықтыру сабағынан босатады да, оларды бірыңғай мектеп дәрігерінің бақылауынан өтеді.

Дайындық тобының барлық оқушылары бірге жаттығады. Дегенмен, мұғалім жаттығуды таңдауда және мөлшерлегенде өте мұқият болуы керек. Жеке жағдайда оқушыларға жаттығу орындату немесе ойынға қатыстыру үшін мұғалім белгілі әдістерді қолданады.

Мысалы, денсаулығына байланысты дайындық тобына бөлінген оқушы, әлі жеткілікті түрде сауықпаған жағдайда денсаулығына күш түсіретін жаттығулар мен ойындардан шеттеледі. Дене даиуы әлсіз оқушыға жүйелі түрде лайықты жаттығулар мен ойындар оның әлсіз дене кінәратының дамуына септігін тигізетін жағы қарастырылуы керек.

Оқушылар жеке дара жұмыс істеу барысында мұғалім: жаттығудің көлемі мен қайталану жаттығуларының санына, жаттығудің орындалу шартын жеңілднтуге, арнаулы жаттығуларды кеңесші дәрігердің кеңесімен жасатуға, жаттығудың орындалу техникасына және санына жеткілікті көңіл бөлуі керек.

Денсаулығына байланысты арнаулы не дайындық тобындағы балаларман жұмыс істегенде мұғалімнің емдеуші дәрігермен тығыз байланыста болуының маңызы зор.

Емдеуші дәрігер дене шынықтыру сабағына қатысып, сол баланы бақылауға алып, дене дамуын қадағалап, нәтижесіне талдау жасауы қажет.

Емдеуші дәрігер, ата – ана және мұғалім бірлесе отырып жұмыс істесе, алға қойған мақсаттар шешімін табады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   111




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет