I тарау. Объектілі бағдарлы программалау объект ұғымы


Тор – фигураның жоғарғы жағының координатасы; Left



бет12/25
Дата06.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#79285
түріПрограмма
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
ОБП
мультимедиа
Тор фигураның жоғарғы жағының координатасы;
Left - фигураның сол жағының координатасы;
Height - фигураның биіктігінің координатасы;
Width - фигураның енінің координатасы.
Осы қасиеттер бойынша фигураға жетпей координаттарды оңай анықтауға болады. Мысалы, тіктөртбұрышты (квадратты) бейнелеу үшін сол жақ координатасына енін қосу керек, ал төбесі жағынан биіктігін алып тастау керек. Делік,
Тор =80, Left =20, Height =40, Width =60.
Онда оң жағы мына мәнге ие болады: Left + Width =80,
Ал төменгісі мынаған: Тор - Height =40.
Демек, аталған тіктөртбұрыш келесідей координаттарға ие болады (оң координата – горизонталь ось үшін, екінші мәні – вертикаль ось үшін): А (20,80), В (80,80), аталған тіктөртбұрыш 13.4 суретте қарастырылған.
Round тегі негізінен жоғарыда аталған қасиеттерге сүйене отырып, Rect ұрпағын құруға болады. Яғни бұл ұрпақты тіктөртбұрыш салу барысында қолдануға болады. Демек, бұл сурет бейнелеу шеңберлерді бейнелеуден әлдеқайда бөлектеніп тұруы тиіс. Сонымен, Rect Draw әдісін өзіне тән етуі тиіс, ата – анасынан бөлектенуі тиіс. Өзге жағдайларда Rect әдісіне жататын Draw программасын шақыртқан уақытта экранда тіктөртбұрыш емес, шеңбер бейнеленіп тұрады. Мұндай оқиға болмау үшін, Rect әдісіне Draw әдісінің қасиеттерін сипаттау қажет. Сонда Round әдісіне жататын объектілер үшін Draw мәні шеңбер болады да, Rect әдісі үшін, Draw мәні тіктөртбұрышты бейнелейді. Draw атымен аталған әдістер әртүрлі қимылдар үшін жауап береді. Ол қай кластағы суретті бейнелеуге байланысты болады. Аталған жағдай ООП – да полиформизм деп аталады. Аталған полиформизмнің ООП – да графикалық интерпретациясы 13.5 суретте келтірілген.

1.4 сурет. Берілген биіктік, ені мен ұзындығына байланысты тіктөрт бұрыш салу әдісі.

1.5 сурет. Round және Rect класс объектілері үшін Draw әдісін шақыртқан кездегі полиформизм.
Проектте өзіндік класс құру үшін, менюде Project - Add Class Module (Класс модульін қосу) командасын таңдау қажет. Нәтижесінде диалогтық терезе бейнеленеді. Бұл терезеде Class Module пунктін таңдауға болады. Құрылып жатқан класс үшін берілгендер мәнін осы терезеде енгізуге болады. Бірақ, Visual Basic класы арқылы VB Class Builder (VB класс құрғыш) пунктін таңдау арқылы салған жөн болады.

1.6 сурет. Класс модулін құру диалогтық терезесі.

1.7 сурет. Класс құрғыш терезесі.
Өзіндік класстар құру үшін Visual Basic- те, Class Builder (VB класс құрғыш) әдейі құру амалы қарастырылған. жоғарыда аталған Round класын осы амал арқылы құру әдісін қарастырайық.
VB Class Builder пунктін таңдағаннан кейін, класс құрғыш терезесі пайда болады. Бұл терезенің сол жақ шетінде аталған проектінің өзінің проектілері бейнеленеді. Егер класстар құрылмаған болса, онда Project 1 пункті ғана бейнеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет