Ибб сөЖ-3 инклюзивті білім беруді енгізудегі қиындықтар



бет1/4
Дата05.01.2023
өлшемі21,59 Kb.
#164994
  1   2   3   4
Байланысты:
ИББ10-апта Сөжж
3 n s a- GB , №7 лекция, Тулбасиева А (2 рк), 1569864809, Тіл дамыту. емтихан жауаптары

ИББ

СӨЖ-3




ИНклюзивті білім беруді енгізудегі қиындықтар


1. Инклюзивті оқыту мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбында/тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 1-2 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді) болады 


Инклюзия - бұл балаларды олардың жыныстық, этникалық және дінге қатыстылықтары, оқудағы жетістіктері, денсаулық жағдайы, даму деңгейі, ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен басқа да айырмашылықтарына қарамастан жалпы білім беретін үдеріске толық енгізу үдерісі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Әр бала үшін ең алғаш мектепке бару ең жауапты да қиын кезең. Ал мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін бұл кезең әлдеқайда эмоциялық жағынан да, психологиялық жағынан да ауыр болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі инклюзивті білім беру қағидаларына бет бұрды. Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу. Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті.Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірбие көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет