Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата06.11.2022
өлшемі1,37 Mb.
#156712
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
DOC-20221104-WA0087.

ӘКЕ МЕН БАЛА
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың 
бір ескі тағасын көріпғ баласына айтты: 
— Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп. 
Бала әкесіне: 
— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді. 
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетіне темірші 
ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға 
үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң шие сатып отырғандардан ол үш 
тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен 
өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай аяңдап жүре берді. Біраз жер 
өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала 
да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып 
аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір 
шие, сонымен әр жерде бір әкеснің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, 
жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен 
беріп тұрып айтты. 
— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға 
еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің 
орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жүмысты қиынсынсаң 
— көп жұмысқа тап боласың; азға қанағат ете білмесең — көптен де құры 
боласың, — деді.


18
ҮНДІ
Үнді жұртының бір адамы бір жақтан үйіне қайтып келсе, үйдің қасындағы 
ағаштың басына кептіруге іліп қойған еті жоқ. Ағаштың айналасын әбден 
жүріп, қарап болған соң, орамға шығып жолай дауыстап сұрайды:
- Аласа бойлы, қолында қыскантақ мылтығы бар, соңында тарақ-құйрық 
кішкентай иті бар, бірі қарт адам көрдіңіз бе? - деп.
Бұл кісіні әркім көрген екен, сілтеумен барып тауып ұрысын ұстапты-мыс. 
Ауылдас адамдары үндіден «ұрының түсі-түгін қайдан білдіңіз» деп сұрасыпты. 
Сонда үнді айтты дейді:
- Ұрының аласа бойлы екенін білгенім, менің қолыммен ілген етімді, ол 
ағаштан аяғының астына тас қойып, соның үстіне шығып алыпты. Қарт екенін 
білгенім, жүргендегі ізінен байқадым - адымының арасы тым жақын екен. 
Мылтығының қысқа екенін: етімді ұрларда, мылтығын ағашқа сүйеп қойған 
екен, сонда мылтықтың аузы ағаштың кішкене қабығын жырып кетіпті, жер 
мен сол жырылған қабықтың арасынан шамаладым. Ұрының қасында иті бар 
екенін, және ол иттің өзі кішкентай, құйрығы тарақ-кұйрық екенін білгенім, 
етімді ұрлап жатқанда, ит анадай бір кұмайтырақ жерде отырған екен; соның 
құмға түсіп қалған ізінен, және былғаңдатқан құйрығының табынан байқадым 
депті-міс.
ҚАНАҒАТ
Әзірет Әлиден бір жұт келіп сұрады дейді:
- Толық байлық қайтсең табылады?
Әли айтты:
- Қанағат ете білсең. Қанша мал көп те болса қанағаты жоқ кісі байлыққа 
жеттім деп тоймайды; қанша мал аз да болса барына қанағат ете білсе, бұл 
адамның көңілі жайлы, тынышырақ болады; - соның үшін Әзірет Әлі,- байлық - 
қанағатта,- деді.


19


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет