Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?



бет15/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82
Біз – Мәсіхтің жаратылысымыз
Біз өз жетістіктеріміз бен табыстарымыз үшін кімге міндеттіміз?

Сіз нақ өзіңіздің кім болатыныңызға және неге жете алатыныңызға жауаптымын деп ойлайсыз ба? Немесе Құдай сізде өмір сүріп, Өз мақсатына жету үшін сіздің өміріңізді өзгертеді деп сенесіз бе?

Бұл екі түрлі көзқарас. Біз егер өз тағдырымыз өзіміздің қолымызда екеніне сенсек, қиыншылықтарды қабылдай алмаймыз.

Дана адам Құдай Өзінің бізге деген құқығын көрсететін шындықты мойындайды. Құдайдың Өзін біз арқылы көрсетуге күші мен билігі бар – біздің аузымыз, көзіміз, қолымыз бен аяғымыз, ойларымыз бен сезімдеріміз арқылы – яғни Өзі қалағандай. Біз, қазіргі мәсіхшілер, Мәсіхтің бейнесін көрсетіп қана қоймай, Оның өмірі бізде толығынан көрінетіндей өмір сүруіміз керек.

Киелі кітапта біз Иса Мәсіхті Құтқарушы деп мойындай салысымен, өзімізге тиесілі емеспіз және өз болашағымызды айқындамаймыз деп айтылған. Елші Пауыл жазған: «Себебі Құдайдың рақымымен, Мәсіхке деген сенімдерің арқылы құтқарылдыңдар. Бұл – өздеріңнің жетістіктерің емес, Құдайдан келген сый» (Ефес.2:8-10).

Сіздің құтқарылуға еңбегіңіз сіңбегені сияқты, өзіңіз бөленетін атақ-даңққа да еңбегіңіз сіңген жоқ. Сіз – басынан аяғына дейін Құдайдың жаратылысысыз. Құдай сізді жетелейді және Өзімен бірге, сонымен қатар, Өзі үшін іске асыруға тиісті шаруаларға, сіздің дарындарыңыз бен қабілеттеріңізге, біліміңіз бен дағдыңызға, яғни Құдай сізді жарылқағанның бәріне сәйкес келетін шаруаларға жол көрсетеді.

Өмір сүрген жылдарыма көз салған кезде, Құдай келесі қадамды жасауға көмектесе отырып, бір оқиғадан екіншісіне қалай жетелегеніне таңғалуымды тоқтата алмаймын. Құдай мені Өзіне пайдалы болуым үшін жетілдіре алатын орындар мен жағдайларға орналастырды.

Жасөспірім шағымда күнкөріс үшін газет сататынмын. Бір күні кешке мен тұрған жерге келе қалған достарымның бірі Джулиан менімен әңгімелесуге тоқтады. Онымен өз жоспарыммен бөлістім. Маған сол кезде Құдай мені уағыздаушы болуға шақырғандай көрінетін. «Білесің бе, мен колледжде оқуым керек, бірақ оған ақшам жоқ», – дедім. Біз жақын достар емес едік, ұсақ-түйекті әңгіме етіп тұрғанбыз. Сол уақытта біздің жанымыздан қауымның бағушысы өтіп бара жатты. Күтпеген жерден Джулиан оған дауыстап былай деді: «Хэммок мырза, Чарлз Құдай өзін уағыздаушы болуға шақырды деп есептейді. Сіз оған колледжге оқуға түсуіне көмектеспес пе екенсіз?»

Хэммок бағушы: «Көмектесе аламын деп ойлаймын. Ол маған қауымға келіп кетсін», – деді. Келесі күні мен оның қабылдауында болдым. Осы кездесу менің өмірімдегі маңызды сәттердің бірі болды. Хэммок бағушы маған біздің қаладан 300 шақырым қашықтықтағы Ричмонд университетінде оқуым үшін 4 жыл толық стипендия алуыма көмектесті.

Сол кеште Джулианмен сөйлесуім кездейсоқтық болды ма? Хэммок бағушы біздің жанымыздан кездейсоқ өтіп бара жатты ма, ал Джулианның оны тоқтатуға шешім қабылдауы ше? Мен солай ойламаймын. Құдай маған мәлім емес, Өз жолымен әрекет етті.

Құдай тек дирижер ғана емес, Ол – сазгер де.

Иса Мәсіх – біздің өміріміздің Авторы және Іске асырушысы болып табылады (Евр.12:2-ні қараңыз).

Біз өз әңгімемізді қасарысып қырсықтықпен жазуға тырысқанда, Ол Өзінің еркін біздің жүрегіміздің тақтасына жаза алмайды.

Біз тыртысып өз жолымызды салып жатқанда, Ол Өзінің әділ жолымен жетелей алмайды.

Біз өз өмірімізді табандап басқарған уақытта, Ол біздің Патшамыз және Тәңіріміз болмайды.

Біз өз тілектеріміздің орындалуы үшін бар жанымызды салсақ, Ол Өзінің тілектерін бізді табысқа, жемістілікке және жарылқауға әкеле алмайтыны сияқты аша да алмайды.

Біз өз тағдырымызды өзіміздің басқаруымызды сезінген уақытта, Құдайдың бізге белгілеген өмірінің кемелділігін сезіне алмаймыз.

Біз – Оның жаратылысымыз. Егер біз өзімізше әрекет етсек, Құдаймен байланысымызды бұзып, өз өмірімізді Оған толық бағындырудан бас тартамыз.



Каталог: cms -> files -> books
cms -> Контактные данные областных, городских и сельских акиматов
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
cms -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
cms -> Телжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
cms -> Имени ы. Алтынсарина
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
cms -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
cms -> Қазақстан республикасы дін істері агенттігі дін саласындағЫ Өзекті мәселелер бойынша 20 СҰРАҚ-жауап 4-шығарылым: Дін және қоғам Астана – 2014 ж
cms -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
books -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет