Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Сауығу – біздің бүкіл болмысымызға қатысты



бет25/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
Сауығу – біздің бүкіл болмысымызға қатысты
Мен сіздермен тұтастық ұғымына қатысты негізгі қағидалар туралы сөйлеспекпін. Ең алдымен мынаны түсінуіміз керек: әрбір адам 3 субстанциядан – рух, жан және тәннен тұрады.

Дене – қоршаған ортамен байланыстыратын субстанция. Бізде бес сезім бар – біз көреміз, естиміз, иіскейміз және ұстағанды сеземіз, дәм сезу қасиетімізде бар. Бізге материалдық дүниемен бірге әрекет етуге мүмкіндік беретін физикалық денеде өмір сүреміз.

Бізде жан бар – сана, ерік, сезім, ақыл-ес, ар-ұждан. Біз жанды көре алмаймыз, бірақ оның бар екенін бәріміз білеміз. Жан бізге басқа адамдармен әрекеттесуге мүмкіндік береді. Біз басқалармен қарым-қатынас жасағанда, өзімізді танып-білеміз. Тұрмыстың осы сатысында біз біреумен қалжыңдасамыз, басқаларды сүйеміз, біреудің сүйіспеншілігін қабылдаймыз, біреуді күндейміз, ал әлдекімге ашуланып қала аламыз. Біз осы дүниеде және бізді қоршаған әлемдегі адамдармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін ерік және санамен таңдай аламыз.

Бізде рух бар – біздің ішкі «меніміз». Рухымызбен біз құдіретті Құдаймен қарым-қатынас жасай аламыз.

Адам мен Хауа Едем бағында болған кезде, оларда кемелді дене, кемелді жан және кемелді рух болды. Құдай оларды материалдық дүниеге билік етуге тағайындады, сөйтіп олар өзара бір-бірімен және Құдаймен кемелді үйлесімділікте тұрды.

Құдай Едем бағында бір ғана ағашты ерекше бөліп алды: «Бірақ жақсылық пен жамандықты танытатын ағаштың жемісін жемейсің! Себебі одан жесең, сол күні өлесің», – деді (Жар.бас.2:17).

Бірақ олар сол жемісті жеді. Сөйтіп, өлді. Мойынсұнбаушылық танытқан сәтте не нәрсе өлді? Тән өлді ме? Жоқ, өйткені содан кейін олар бірнеше жүздеген жыл өмір сүрді. Мүмкін, Адам ата мен Хауа ананың жаны өлген шығар? Тағы да жоқ, себебі олар өзара және балаларымен қарым-қатынас жасауды жалғастырды. Күнә жасаған кезде, Адам ата мен Хауа ана Құдаймен рухани қарым-қатынас жасау қабілетінен айырылды. Елші Пауыл былай деп жазды: «Бұрын сендер Құдайдың бұйрығын бұзып, күнә жасай беріп, рухани өлі едіңдер...» (Ефес.2:1-2).

Біздің күнәкар қал-жағдайымыз – рухани өлілердің жағдайы. Рухани өлі адамның физикалық денсаулығы мықты болуы, тіпті, жаны мен тәні сәтті дамуы да ықтимал. Бірақ адам Құдаймен Иса Мәсіх арқылы қарым-қатынасты қалпына келтірмесе, ол рухани өлі болып қала береді. Тек Иса Мәсіхке сенушінің ғана тұтас тұлға болуға мүмкіндігі бар. Мәсіх біздің рухымызды тірілтпейінше, ол жан және тәнмен үйлесімділікте бола алмайды. Егер бізде тек материалдық дүниемен дұрыс әрекеттесуді анықтайтын денсаулығымыз жақсы болса және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін жан ғана болса, тұтас тұлға бола алмаймыз. Тұтас тұлға болу үшін бізде таза рух және Құдаймен қарым-қатынас болу керек.

Біз Иса Мәсіхті Құтқарушы деп мойындаған кезде, біздің бойымызда өмір сүру үшін Киелі Рух келеді деп Киелі кітапта айтылған. Ол біздің рухымызды Құдайдың рухымен біріктіреді. Біздің рухымыз өмірге қайта келеді, өйткені Құдай – өмір. Киелі Рух бізде өмір сүре бастаған кезде, біз Құдайды сезіп, түсініп және Онымен қарым-қатынасты бастаймыз. Бұл қарым-қатынастар біздің Құдаймен сөйлесуімізге және Оның бізге айтқандарын естуге жол береді. Біз Құдайдың сөзін жаңаша түсініп, Киелі Рухтың жетегіне ие боламыз. Сондай-ақ күнәға да жаңа көзқараспен қарап, Киелі Рухтың сақтандырған дауысын жақсы естиміз. Біздің рухымыз жаңадан туылып, бізде жаңа рухани өмір басталады.

Бірақ бір мәселе бар. Сенбейтін әлем Құдаймен бірге рухани өмірдің бар екенін білмейді. Адамдар діни жоралғыларға қатысқанда немесе жаратылыстың метафизикалық аспектісі туралы талқылағанда рухани өмір сүріп жатқандай көрінеді. Алайда бұл руханилық Құдайдан емес. Киелі Рух бермейтін әрбір руханилық жалған, шайтандікі. Дегенмен, әлемнің негізгі бөлігі руханилық туралы қам жемейді. Дүниенің философиясы қарапайым: «Әдемі ме – иелен! Ыңғайлы ма – пайдалан! Дәмді болса, тойып ал! Хош иісті ме – рахаттан! Тамаша дауыс па – күні-түні тыңда!» Бұл дүние осы қажеттіліктермен және сезіммен өмір сүруде.

Қажеттілік бәрінде де бар. Бізде әдемілікке деген қажеттілік бар. Әдемі нәрсе бәріне ұнайды – әсемдікке тамсанамыз және әдемі болғымыз келеді. Бізде тамаққа, сусынға, жыныстық қатынасқа деген инстинктивті қажеттіліктер бар. Жан туралы да ұмытпаймыз – біз бір нәрсеге үйренгіміз келеді, сүюге ынтызармыз және сүйікті болуды қалаймыз. Сондай-ақ тәуелсіздікке, қозғалыс пен сөйлеудің еркіндігіне ұмтыламыз. Алайда адамда Құдаймен қарым-қатынас жоқ болса, осы тілектер мен қажеттіліктердің барлығы оның өзінің айналасында болады. Олар тез арада Киелі кітапта болмыстың «күнәкар құмарлығы» деп аталатын, дене мен жанға рахат әкелетіннің бәріне тойымсыз құмарлыққа айналады. Біздің тілектеріміз бақылаудан шығып кетеді де, қазір қоғамда – саясатта, бизнесте, отбасында көріп жүрген көптеген мәселелердің түп себебіне айналады.

Киелі Рух өмір сүретін адамда жаңа «басқару және бақылау жүйесі» пайда болады. Оның барлығы: тәни тілектері мен құмарлықтары, жанның барлық ұмтылысы Киелі Рухтың бақылауына алынады. Рух жанға, ал жан тәнге басшылық жасайтын құдайлық тәртіп осылай құрылады. Адамда осылар болған кезде, ол сауығады, яғни ол тұтас тұлғаға айналады.

Бұдан шығатыны, осы құдайлық тәртіпті бұзатын және біздің сауығуымызға кедергі жасайтын Құдайға бағынбаушылық, Оған қарсы бүлік шығару – бұл рухтың көтерілісі. Біздің тұтастануымызға барар жолымыздағы бөгеттер – рухани сипаттағы кедергілер. Олардың арасында мыналар бар:


  • Сенімі аздық

  • Тәкаппарлық

  • Сараңдық

  • Зұлымдық

  • Жек көру

  • Қаталдық

  • Қорқыныш

Құдай бізді сауықтыра алуы үшін, біз өмірімізде тұтас болуымызға кедергі жасайтын салаларда қол қусырып отырмай, әрекет етуіміз қажет. Дәл солар бізді Құдайдың мол жарылқауынан ажыратып тұр.


Каталог: cms -> files -> books
cms -> Контактные данные областных, городских и сельских акиматов
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
cms -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
cms -> Телжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
cms -> Имени ы. Алтынсарина
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
cms -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
cms -> Қазақстан республикасы дін істері агенттігі дін саласындағЫ Өзекті мәселелер бойынша 20 СҰРАҚ-жауап 4-шығарылым: Дін және қоғам Астана – 2014 ж
cms -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
books -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет