Іі жүргізуші



Дата17.10.2023
өлшемі17,89 Kb.
#186173
Байланысты:
DOC-20220926-WA0000
Қазақстанның таулары (копия)

I жүргізуші
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда!

ІІ жүргізуші


Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңызды!

Iжүргізуші:


Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей.
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы,
Биші қыздар бұрала билейді би.
Олай болса сахна төрінде мың бұралған бишілерімізді қошеметпен қарсы алайық!
IІжүргізуші: Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
Іжүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!
ІIжүргізуші: Айкүнім,бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

І жүргізуші


Иә,Айым дұрыс айтасың
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?

ІІ жүргізуші
Көңілің Алатаудын ақ қарындай
Мейірімнің күннің шуақ шақтарындай
Қалайша аяулы ана тына алармын
Егер ән болып сағыныштан ақтарылмай дей келе ұстаздардың құрметіне ‘’ұстазым’’әнін қабыл алыңыздар
Іжүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
ІІжүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
Іжүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
ІІжүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім — тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Iжүргізуші:Әй ақымықтық деймін, біз осы асыл жандардың қадірін түсінбей жататын кездерімізде болады. Олай болса, осы тақырып аясында 8Б сынып оқушылары дайындалған қойылымымызды бірге тамашалайық!

ІІ-жүргізуші:Ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” — деген Бауыржан Момышұлы.

І жүргізуші:Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!

1.Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,


Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше мұратына
Білім іздеп лапылдап жаңа берем
Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Болған соң ойлайтыны-бала қамы
Баладан ұстазыма мың сан алғыс
Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.

2.Алғаш рет оятқансың санамды,


Алғаш рет ұстатқансың қаламды.
Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін
Түсіндірген жақсы менен жаманды.
Ұстаз бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.
3. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

4. Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,


Айқара аштың бізге білім есігін.
Өр тұлғаңды балап шыңға, Ұстазым,
Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?! 
Бала елдің болашағы болғанда,
Зор пайданы тигізесің қоғамға.
Мамандығың – кәсіптердің абзалы,
Адамдығың қымбат бізге одан да. 
Ашық болсын нұрға толы көгіміз,
Аман болсын еліміз бен жеріміз.
Аманаттап тапсырамыз тағдырды –
Анамыз деп қабылдадық сені біз! 
Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,
Ұстазымыз – үлгі бізге ісі аңыз.
Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан
Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!

5.Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,

Дендеріңнің саулығы мықты болсын.

Білімменен суарған шәкірттерің,

Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

6.Адам болып келгеннен соң өмірге,

Бар ғой қақың, ізденуге сенің де.

Қанша ма ұрпақ, ұқсамайтын мінездер —

Қара шашты ағартуың тегін бе?!.

Бәлкім, сенің жоқ та шығар бір қайғың

Қайда барсаң, қарсы алады сырнайлы үн.

Кешегі ұстаз, бүгін Батыр, ел сүйген,

Келе бермес кез келгенге мұндай күн!

7.Шәкіртке жол көрсетер терең-сергек,

Қаншама ұстаздар бар, өмірге өрнек.

Мен бүгін қуаныштан жыр жазамын,

Көңілді сонша шексіз алғыс тербеп.

Ең биік өмір дейтін асып қырдан,

Арман, мақсат, ойлары асықтырған.

Білім — бастау, ұрпағын сусындатып,

Ұстаз ғой, ел мерейін тасыттырған.
8.Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған,

Шәкіртіне дем бергізген, жеткізеді деп баққа арман.

Ұстаздардың күні бүгін, бар тілегі өмірде

Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған.

Мұғалімдер күні бүгін, шаттық күйге кенелген,

Ұстаз жүрек сырлас әр кез білім атты өнермен.

Олар шәкірт кеуделерге сол білімнен нәр құйып,

Өмір жолда ізгілікті еңбегімен еленген.


9.Тойланатын әр жыл сайын, қазан айы туғанда,

Ұстаздардың мейрамы осы, толы ән мен жырларға.

Төрдегі орын Сізге, Ұстаз, төр Сіздікі, Мұғалім!

Барлық жан да соны қалар, ұстаз көңіл тұрғанда.

Мұғалімдер күні бүгін, көңілге бар сыйлары,

Шәкірттері оларға гүл, ән де, жыр да сыйлады.

Тек ұстаздың мерекесі емес бүгін, шынында,

Сол Ұстаздан тәлім көрген барлық жанның мейрамы!

10. Ұстаз деген жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінгін сен тереңнен.
Бар әлемге еңбегімен еленген,
Сенің бағың өрге қарай өрлесе
Ол да бірге қуанышқа кенелген.

11. Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,


Перне басқан оркестрдің үніндей.
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып, құйылып,
Қас-қабағын қалт жібермей ишәкірттің
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп.
Жалын атып, от боп бірге жанасың
Білім беріп, содан бақыт табасың.
Бар өмірің өрнектеліп баламен
Жасарып бір, мәңгі жас боп қаласың.

12.Мұғалімді анамдай жақсы көрем,


Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай!
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көре тұғын көзім бар.

14.Мұғалім – ұстазысың балалардың,


Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңды,
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың.
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл, ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
Атағым Алатаудай болып биік
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
15. Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.

16. Әр үйдің бір-бір еркесін
үйреттің өзің қолға алып.
Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
шәкіртсіз өмір – сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің
бейнетін кешіп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жаныл, жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
әр сәтің тұрған бір ерлік!


ІІжүргізуші
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады. Іжүргізуші: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.
ІІжүргізуші: Олай ойлауыңның себебі неде?
Іжүргізуші: Себебі ұстаздық – өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.
ІІжүргізуші: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.

Іжүргізуші:


Күй, сені тәтті көрем жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай,жанып, күйіп,
Өмірдің сырын ашып жүрегіме,
Музаның өміріне басымды иіп дей келе Төлепбек Мединанын орындауында Балбырауын күйін қарсалыңыздар!

ІІ-жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол — ол-ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып,тақтаға назар аударсаңыздар болады!

І-жүргізуші: Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты

ІІ-жүргізуші:Гүл өссе – жердің көркі


Қыз өссе – елдің көркі» - дегендей ежелден ата – бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы – қыз.Сол себепті қыздарымызды ортаға шақырайық

Іжүргізуші:Сіздерден өскен балалар


Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті абзал ұстаздар дей келе сөз кезегі мектеп директорымыз Шынар Тасмурзаеваға сөз беріледі.

ІІжүргізуші:


Асыға сәлем жолдап жүректен біз,
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз дей тұра алдарыңызға сыныбымыздың хорын тамашалыңыздар!
Іжүргізуші:
Аса құрметті ұстаздар қауымы, сіздерді тағы да мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерді егеменді еліміздің өрелі де, өнегелі перзенттерін тәрбиелеуде қажырлы қайрат, еңбектеріңізге жеміс тілей отырып, мың алғысымызды айтамыз.
Келесі кездескенше сау саламатта болайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет