Іі турға Жатқа оқу 6-сынып


Көкшенің сұлу келбеті суреттелген туындыларды авторларымен сәйкестендіріңіз



бет7/23
Дата18.12.2021
өлшемі209,5 Kb.
#102621
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
1389695189477 2
Снимок экрана 2020—12—23 в 12.03.33, Снимок экрана 2020—12—23 в 12.03.33, Аналитика(800, 201, а-хим, 660, ркк, 720) (копия) (1), 5 сынып 2
5. Көкшенің сұлу келбеті суреттелген туындыларды авторларымен сәйкестендіріңіз

1. Көкшетау көп жердің бір көркем жері,

Қыз орман Бурабайдың мөлдірлері.

Жамылып жасыл барқыт асыл құндыз

Түрленген тотықұстай тау көркемі.

Сайраған бұлбұлындай әншілері,

Зулаған дүлдүліндей жүйріктері.

«Хан тұрып қазағыңа, ханды ант ұрған»,

Қонысы Абылайдың бір күндегі.

Қазақтың әсем жері Арқасында.

Арқаға жетер Арал, Балқашың ба?

Сырымбет, Зеренді, Иман, Айыртаулар

Арқаның тізілгендей алқасына.

Арқаның алқа қонған даласына,

Ауылдай таулар отыр жарасымда.

Алапқа бетегедей киіз төсеп,

Оранған орманды тау ағашына.

Бұлақтың тәттісі де, тазасы да,

Көлдердің кең мөлдірі тап осында
2. Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,

Жүреді біліп кетіп есен-сауын.

Сексен көл Көкшетаудын саясында,

Әрқайсы алтын кесе аясында.

Ауасы дертке дауа, жұпар иісті

Көкірек канша жұтса, тоясың ба?

Ырғалған көкке бойлап қарағайы,

Қасында көк желекті әппақ қайың,

Жібектей желмен шарпып төңіректі,

Балқытып мас қылады иіс майы.

Қарағай биік шыңды қиялаған.

Еш адам оны барып қия алмаған, -

Шаңқылдап тау жаңғыртып, шыңға қонып,

Жалғыз-ақ көк қаршыға ұялаған.

Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес,

Басына атсаң-дағы оғың жетпес.

Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан,

Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.


3. Арқада Бурабайға жер жетпейді,

Басқа жер ойды ондай тербетпейді.

Бурабайдың көлі мен Көкшетауды

Көрмесең, көкіректен шер кетпейді.

Қиясымен бұлт құшқан Оқжетпестей

Көкшені күндіз-түні мұнар басқан,

Қап-қара бұлттармен құшақтасқан.

Алдында бұйра жалды бөлек тау тұр,

Көкшеге қосылмаққа қойнын ашқан.

Мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек көл ортада,

Жел ойнап, ақ бетіне меруерт шашқан.

Сол көлдің жағасында Оқжетпес бар,

Жасаған мұнарадай құйып тастан.
4. Оқжетпес әуелде оқшау жаралғандай,

Өріліп тастардан тек қаланғандай.

Соққандай Оқжетпесті өмір бойы,

Табиғат ешбір затқа алаңдамай.

Құйқылжып қыран бүркіт қиырында,

Төменге сорғалайды құйылуға.

Сақалын салбыратып жалғыз сері,

Көкшенің жатады ұйықтап иығында.

Жұмбақ деп аталады сырлы тасы,

Дөң мұрын, қас батырдай түр-тұлғасы.

Шыңына Оқжетпестің шабатындай,

Шалқайып басындағы дулығасы.

Жұмбақтас ертегінің елесіндей,

Салдардың сайран салған төбесіндей.

Әйтпесе, Бурабайда қайырлаған

Қашанғы көне заман кемесіндей.


5. Көкшетауға нөсер мен жасын ықтап,

Бұлт та бойын жүреді жасырып қап.

Заңғарының басында баяғыдан

Батыр, сұлу - барлығы жатыр ұйықтап.

Олар әсте шомбаған қаралы ойға,

Күндіз ұйқтап, түнгісін қарады айға.

Еркіндік пен ерлікті күзету шарт

Қара тасты қақ жарған қарағайға.

Суымен де сұлудай танысқанның

Сандықтасты салмағы жанышқан мың.

Мөлдір оның көлдері махаббаттай,

Әрі терең ойындай данышпанның.

Қонған сайын қазақтың көші белге,

Көкше талай танытты досын елге,

Ақын, әнші, аққудың сәулесі мен

Көлеңкесі көп түсті осы көлге.


А) Сырбай Мәуленов

В) Мағжан Жұмабаев

С) Сәкен Сейфуллин

D) Хамит Ерғалиев

Е) Ілияс Жансүгіров



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет