Iii студенттік ғылыми-теориялық конференциясы баяндама


Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды үйретудің маңыздылығы



бет2/3
Дата28.11.2023
өлшемі22,33 Kb.
#194022
1   2   3
Байланысты:
Баяндама Айда ССФ 23-02
Жеңіл атлетика оқ әдіс 3-курс
Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды үйретудің маңыздылығы
Спорт пен денсаулық қазіргі заманның ең маңызды да, өзекті мәселелерінің бірі. Мектеп оқушыларының аз қозғалыстағы тірішілік бейнесі олардың өскелең өмір жолдарында рухани және дене дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан жасөспірімдерді спорттық қызмет жүйесіне баулу және де олардың жан-жақты дамуына, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортпен айналысуына мүмкіндік жасау қажет.
Қазақстан Республикасында дене тәрбиесінің негізі ретінде ұлттық ойындар мен жарыс сипатындағы қимылды жаттығулар тек дене күштерін арттыру ғана емес, ата-бабаларымыздың ұлттық психологиялық болмысы мен тәлім-тәрбиесін, рухани адамгершілік сипаттары мен мәдени құндылықтарын өзара ішкі бірлікте денсаулық сақтау межесіне жету мақсатын көздеген.
Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайтудың бірден-бір жолы дене шынықтыру, ұлттық ойындар және қозғалыс белсенділігі. Елімізде жас ұрпақтын дене тәрбиесіне өте үлкен көңіл бөлініп, мектептерде дене шынықтыру сабақтарымен ғана шектеліп қоймай, спорттық үйірмелер көптеп қолға алынуда. Сондай-ақ мектеп оқушыларының жан-жақты дамуына, сондай-ақ дене шынықтыру мен спортпен айналысуына мүмкіндік жасалуда. Қазіргі кезеңдегі мектептердегі дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы ұлттық тәрбиенің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды негіздейді. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесінің теориялық, практикалық бағыттарын қарастырумен бірге оларға ұлттық тәрбие беріп, ұлттық ойындар арқылы олардың қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту үшін ұлттық ойын жаттығуларын кеңінен пайдалану қажет. Себебі өсіп келе жатқан мектеп оқушыларының денесі ұлттық ойын жаттығуларымен шынықса, екінші жағынан ұлттық, патриоттық, Отандық сезімдерге бөленеді. Дене тәрбиесі үдерісінде сабақ жасөспірімнің рухани санасы мен дене мәдениеті жоғары талапқа сай болуы тиіс. Сондықтан, орта мектептерде дене тәрбиесі мұғалімдері мектеп оқушыларына дене тәрбиесі жаттығуларын үйретумен бірге оларды ұлттық рухани жақтан тәрбиелеу қажет деп ойлаймыз. Сонда ғана мектеп оқушыларының қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту үшін әртүрлі ұлттық ойын жаттығу әдістері қолдана отырып, оларға ұлттық рухани күш бере аламыз. Мұғалімдер әр оқушының дамуының ерекшеліктерін, ерік сапасын, ақылдылық ерекшеліктерін есепке алып, сабақ кезінде оқушылардың іскерлігін дұрыс ұйымдастырып отырады.
Мектеп оқушыларын тәрбиелеудің негізі ретінде ұлттық ойындар мен жарыс сипатындағы қимылды жаттығулар тек дене күштерін арттыру ғана емес, ата-бабаларымыздан бүгінге дейін жеткен мәдени құндылықтарын өзара ішкі бірлікте денсаулық сақтау межесіне жету мақсаты болып есептеледі. М.О. Әуезов: «Ата бабаларымыз өмір сүрген жылдарда, өздері қызықтаған алуан ұлттық ойын түрлері бар. Ұлттық ойын арқылы тек халықтың көңілін шаттандырып қоймай, оның мәнімен мағынасына көңіл бөлуіміз керек», - деп тегіннен-тегін айтпаған.
Қазақ халқының ұлттық ойындарын тек қазақ ғұламалары емес Италия саяхатшысы Плано Карпини да бүкіл Еуропа елдеріне баяндаған.
Қазақ халқының жазушысы шығармашыл ойшыл ғалым Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» дастанында қазақ халқының ұлттық психологиясымен ерекшеліктеріне тоқталады.
Отандық қайраткерлер Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров т.б. дене тәрбиесі мәселелерін халықтың ұлттық дәстүрлері, ұлттық ойындары, халықтың мұраларындағы орамды тұстарын дәлелдеп, оның құндылық бағытына тоқталған.
Орта мектептерде халық ойындары мен ойын әдістерін дене тәрбиесі мен спорт жұмысында қолдана білушілік – дене тәрбиесі бойынша жасөспірімдердің қимыл-қозғалыс дағдыларын дамытудың негізгі түрлерінің бірі.
Қазіргі уақытта ұлттық спорт пен ойын түрлері дене тәрбиесі сабағында дербес орын алады. Әрбір дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындардың қайта өрлеуі мен педагогикалық практикада халықтық ойынға аударылып отырған маңызға және жоғары әлеуметтіік- мәдени және рухани қуатқа ие ұлттық спорт түрлері мен ойындарының бүтіндей дамуымен тығыз байланысты.
Ұлттық ойындар жасөспірімдердің дене тәрбиесі жөнінен сан алуан жұмыс түрінде бұларды кеңінен пайдалану мақсатымен, ұлттық ойындарды игеруін қарастырады.
Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесі сабағында мектеп оқушылары қазақ ұлттық ойындарын, ұлттық спорт пен ойын түрлерін, оның дене тәрбиесінде қолдану тиімділігін үйренеді, сондай-ақ ұлттық ойындардың бай фольклорының практикалық материалын меңгереді.
Бүгінгі таңда өсіп келе жатқан жас ұрпақтарымыздың жан-жақты қалыптасып өсіп-өнуіне жағымды әср етуші факторлардың бірі - ол ұлттық ойындар болып табылады.
Көне заманнан бері жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, бізге мирас болып жеткен және біз қарастырып отырған ұлттық ойындарды қазіргі таңда біздің жас ұрпақтарымыздың өмір жолына енгізу және де бұл мәселені білім беру аясында баланың жан-жақты болып өсуіне жақсы әсер ететінін көрсете отырып оны жүзеге асыру көп зерттеулерді талап ететін өзекті тақырыптардың бірі болып саналады.
Еліміз тәуелсіздік аясында қалыптасып бүкіл дүниежүзілік саяси аренадағы орны жоғары дәрежеге көтерілу сәтінде, мектеп оқушыларының жан-жақты дамуы, оның ішінде қимыл-қозғалыс дағдылары, шапшаңдық, төзімділік қасиеттері мен ұлттық санасының өсуіне көп міндеттер жүктелуде. Соның үшін бүгінде жасөспірімдердің денсаулығына байланысты жасалып жатқан жұмыстарға бағыт бағдар беруші құжаттарға Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім беру туралы Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.
«Дене жаттығулары, дене тәрбиесі, ұлттық ойындар - дені сау, дене бітімі жетілген, жас ұрпақты қалыптастыруға, жұмыс қабілетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлылығы мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс» - деп атап көрсеткен еді 1999 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт заңында. Осы көрсетілген заңның 9-бабында «Негізгі дене тәрбиесі сабақтары мектеп бала бақшаларында 8 сағат» деп көрсетілген, бұл сағат бала бақшаларда дене тәрбиесі негізгі сабақ түрінде өтіледі деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет