Iii.Қорытынды: IV. Пайдаланылған әдебиеттер


Батырлар ертегілеріне мысалдар



бет3/4
Дата11.05.2022
өлшемі71,02 Kb.
#142509
1   2   3   4
Байланысты:
Батырлар
Досалы Жиззак
3. Батырлар ертегілеріне мысалдар
Адамның балалық шағы ертегімен тығыз байланысты. Біз әжемізден ертегі айтып немесе оқып беруін жиі сұраймыз. Сиқыры бар оқиғаларды тыңдауды тағаттана күтеміз. Көңілді де аянышты, қорқынышты да күлкілі олар бізге біраздан таныс. Олармен біздің әлем, жақсылық пен жамандық, әділет туралы алғашқы көзқарастарымызды қалыптастырады. Бір қарағанда жәй кішкентай ғана әңгіме сияқты, ал шын мәнінде осы әңгімелерде халық даналығы, мейірімдік пен зұлымдық туралы түсінік жатыр.Ертегілер бізге сонау ерте заманнан келді. Ертегіге біз сенеміз, ондағы оқиғалар кейде өзімізбен болып жатқандай, қорқынышты жерінде көзімізді жұмамыз. Ең негізгісі – бәрі де жақсы аяқталатынын сенеміз. Қазақ халық ертегілері тұнып тұрған даналық.
Қазақ кейіпкерлері батылдық, батырлық, мейірімділік секілді адами қасиеттерімен ғана көрініп қоймайды, сонымен қатар жақсылық зұлымдықтан үстем шығады. Жағымды кейіпкерлер арасында батырлар да, қарапайым адамдарда, және әйелдер бейнесі де бар.Қазақ ертегілеріндегі ақылдылықтың тағы бір көрінісі – көрегендік алдын ала болжай білу.Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан.«Ақын өзгелердің сезбегенін сезеді, көрмегенін көреді, ойламағанын болжайды, тілі жетпегенін айтып береді» деп Жүсіппек Аймауытов айтқандай ертегілердің де балалардың да қиялын дамытуда, сөздік қорларын, ұлттық дүниетанымдарын, көзқарастарын байытуда әсері мол.Ертегілер әр уақытта да қай баланы болмасын қызықтыратын, қиял әлеміне жол ашатын кілт іспеттес. Ол өмірде кездеспейтін кейіпкерлерімен, мүмкін емес жағдаяттарымен ерекшеленеді. Қазіргі дамыған кезеңде балаларды елітіп, назарын аударатын, көз қызықтарын дүкендер, компьютерлік ойынханалар өте көп. Одан қалса ұялы телефондарды да ата-ана балаларына еркін ұстауға рұхсат беруде. Бұл бір жағынан дамуымызға, өсіп-өркендеуімізге ашылған жол болғанымен, балалардың көркем шығарманы оқуға деген қызығушылықтарын жоюда. Сондықтан да, әсіресе бастауыш сынып балаларына ертегіні қызықты етіп жеткізе білу және ертегілердің шындыққа жанасымды екенін, ондағы шыншылдық пен адамгершілікті бала бойына сіңіре білу үлкен шеберлікті қажет етеді.Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар із жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары халықтың мұң-шері, арман-мұраты бейнеленген. Әрине ертегілерді оқыта отырып тәрбие нәрін бала бойына егу үшін, ең алдымен оқушылардың ертегіге деген қызығушылығын арттыру қажет. Мысалы, “Ер Төстік” ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда, мазмұны, сюжеті, сөйлем құрылысы, тілі жағынан ерте заманда шыққан ертегі екендігін аңғартады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін және олардың дүниетану көзқарасын көреміз. Қазақ ертегілерін ең алғаш зерттеп, жинақтаған Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В. Родлов, А.Е. Алекторов, А. Ивановский, Л. Исаков, О. Әлжанов, Р. Дүйсенбаев, М. Көпеевтер болса, кейін Э. Дидаев, Н. Пантусов, А. Мелков, М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллиндер зерттеп жинақтай бастады.Бұл зерттеушілердің барлығы да ертегілерді адам баласының арман мүддесі, болашақтан күтетін үмітінен, қиялынан туған деп қарастырады. Бірақ, ертегілердің тәрбиелік жақтарын, адамның не бір сапалық жақтарын қалыптастырудағы оның ерекше ықпалы туралы пікір кездесе бермейді.Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттың асау күштерімен алысып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, екінші жағынан, әр түрлі дию, пірілерімен күресі баян етіледі. “Ер Төстік”ертегісінде жалпы ертегілердің қаһармандарына тән іс-әрекеттер толық сақталады. Ер Төстіктің өзі – асқан күш иесі емес, жүректі жігіт. Ертегінің алға қойған негізгі мақсаты – табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Адамға зиян ойлайтын Бектөре, Темірхан, Шойынқұлақ тәрізді жауыздың иелерінен үстем шығып, оларды қалай да өздеріне бағындыру болғандықтан, ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Әр түрлі жауыздықтардың ұясы болған адам баласына қастық қана ойлайтын кейіпкерлер Бектөре, Шойынқұлақ, Темірхан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті, айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі. Халық жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді.
“Ер Төстікте” кездесетін ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлер басқа ертегілердеде бар. Кейде олардың іс-амалдары, айла-тәсілдері де өзара бір-біріне жақын. Ертегілердің бірыңғай жауыздық өкілі ретінде жиі кездесетін ұнамсыз кейіпкерлер – мыстан кемпір. Ол қай ертегіде болсын қастық істейді және жер жүзі халықтары ертегілеріне тән зұлымдық бейнесі. “Ер Төстік” әңгімесінің оқиғасы да басқа ертегілер тәрізді, тыңдаушыларға ауызша айтып беруге лайықты құрылған.
Оқиғаның алғашқы басталуы шындық өмірде бола беретін құбылыстармен басталады. Алдағы қыстың қатаң болатындығын ерте сезген, ел жылқысын алыс отарға қыстауға айдатуы, Ерназар балаларының көп жылдар келмеуі, шал-кемпірдің де шығуы, бәрі де шындық оқиғаларға ұқсайды. Бірақ мұның бәрі келешек негізгі оқиғаның кіріспесі – экспозициясы. Сюжет жүйесіндегі алғашқы байланыс — “Шаңырақтың күлдіреуі ішінде керулі тұрған кер биенің төстігі”. Ер боп туған ұлдың есімі, ертегінің аты,әңгімеде кездесетін шындық және ғажайып оқиғалардың бір тамыры сол кер биенің төстігінде жатыр. Ертегі желісіндегі екінші байланыс – Ерназардың Сөрқұдыққа қонуы, жанынан қорқып, жалмауыз кемпірге садағының ұшын шығаратын Ер Төстіктің егеуін қалдырып кетуі. Осыдан әрі қарай оқиға шиеленісе түседі. Егер біз осыған дейінгі оқиғалар Ер Төстіктің ағаларын іздеп жатуы, айдауға жүрмеген көп жылқының күрең биенің ертуі.
Ерназардың тоғыз баласына қыз іздеу, үйлендіруі бәрі де халықтың өміріне шындық өміріне жанасса, Ер Төстіктің жер астына түсуінен қиял-ғажайып оқиғалар басталады.
Батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді.
Батырлық жырлар — ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:
1)“Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, “Аттилла”, “Ер Төстік”, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.
2)Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар. Мысалы “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, “Манас” т.б.).
3) Жаңа дәуір эпосы: тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.
Орта Азияның эпосының пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынов зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Ә. Марғұлан ұсынған болатын.

«Қобыланды батыр» мен «Алпамыс батыр» - көп таралған жырлардың бірі


«Қобыланды батыр» – қазақ халқының мазмұнға аса бай, қастерлі де өлшемді батырлық жырлардың бірі. Жыр көп замандар бойы өмір сүріп ірі-ірі эпос айтушылардың аузынан өткен. «Қобыланды» жыры өзінің қалыптасуының үш сатысын басынан өткізген:
Бірінші саты – XIV ғасырдың ортасы және екінші жартысы (1350-1390 жылдар). Бұл – маңғыстаулық кезең. Бұл кезеңде «Қобыланды» жыры қалыптасқан жоқ, кейіннен осы жырды жасауға жұмсалған материал болған бастапқы аңыздық-озалдық оқиғалар жиынтығы қалыптасты.
Екінші саты – XVI ғасырдың екінші жартысы (1560-1600 жылдар). Бұл «қобда-електік» немесе «алты ауылдық» кезең. Нақ осы заманда, есімі белгісіз болып қалған алтыауылдық-ноғайлық жырау өзі өмір сүрген заманда атағы мәшһүр болған, қыпшақ тайпасынан шыққан, Қобыландыға арнап, жыр жасамақ болды. Бірақ ол Қобыланды туралы шынайы аңызды біле бермеген, сондықтан да, басқа кейіпкер туралы аңыздарды пайдаланып, сол аңыздардың бас кейіпкері ретінде Қобыланды есімін алды да, жаңа жыр жасады.
Үшінші саты – XVII ғасырдан кейінгі уақыт. Бұл кезде «алтыауылдық ноғайлар» бірлестігі жойылып, олардың қалдықтары қазаққа, ноғайға, қарақалпаққа, көшпелі өзбекке сіңді. Сол қалдық-топтардың өздерімен бірге ала кеткен «қыпшақ Қобыланды» жыры енді қазақ, ноғай, қарақалпақ, өзбек арасына таралып, ұлттық нұсқалары қалыптасты. Осы кезеңде бір қазақтың өзінде жырдың бірнеше ондаған аймақтық нұсқалары дамып, олардың кейінгі ғасырларды тағы да араласу процесі болып өтті. Сондықтан, жырдың ішіндегі тарихи ақиқаты қайсы, ойдан қосылғаны қайсы – анықтау қиын.
Қобыланды батырды – Марабай, Мергенбай, Мұрын Сеңгірбаев, Сыр бойының белгілі жыршы Тұяқбай жырлаған. Сюжеттің аңыздық ұйытқысы Оғыз-Қыпшақ ұлысы кезінде дүниеге келе бастаған. Қазан атты оғыздар сол дәуірде туған. Сол атаулар «Қорқыт ата» кітабында да кездеседі. Жырдың бергі кездегі мазмұны Монғол, Иран, Жоңғар шабуылы, одан қалса қазақтардың кейінгі кезеңдерде қалмақтармен шайқастарына негізделген. «Қобыланды» жырының 29 нұсқасы болса, соның Марабай жырлайтын нұсқасы үлкен рөл атқарады. Қай нұсқаны алып қарасақ та, ортақ жырда мынаны аңғаруға болады: онда Қобыландының қияттарға еріп, Қызылбас ханы Қазанды, одан соң Көбіктіні өлтіруі, Қарлығаны олжалауы, ең аяғында өзі жорықта жүргенде елін шауып кеткен Алшағыр ханмен соғысып, ел-жұртын азат ету оқиғалары суреттеледі. Онда Тоқтарбайдың баласыздығы, Қобыланды мен Қарлығаның тууы, Қобыландының Көктім хан қызы Құртқаға үйленуі, Құртқаны жалғыз көзді дәудің тартып алмақ болғаны, оны Қобыландының өлтіруі, батырдың Қарлығаға үйлену секілді драмалық тартыстар орын алады. Ал Құлзақ пен Досжан нұсқасында Құртқаның тұлғасы бұдан да айқындала түседі. Қобыланды мал бағып жүріп бір қызға жолығады. Елі оны жылына бір келетін айдаһардың жолына қойған екен. Қобыланды қыздың орнында қалып, қырық құлаш қылышын тосып, айдаһарды өлтіреді. Бірақ өзі де уланады. Оны қыз сүтке шомылдырып, емдейді. Сол қыз Құртқа боп шығады. Қобыландының ерлігіне риза болған Көктiм хан оған қызын береді. Одан әрі Құртқаның көк ала биені көрімдікке сұрап алуы, содан Тайбурылдай тұлпардың туылуы баяндалады. Мергенбай, Біржан, Досжан жырларында Қобыландының Қазанға не себепті аттанғаны толығырақ айтылады. Қараман Қобыландыға келіп: «Қызылбастың елінен Қазан деген ер шығып Ноғайлының жерін, Қырлы қала, Сырлы қала деген екі қаласын тартып алады. Қырлы қалаға бектерін, Сырлы қалаға жендеттерін жатқызып жатып алады», - дейді. Қобыландыға жауға менімен бірге аттан деп қолқа салады.
Жырдың негізгі арқауы – сырт жауларға қарсы шайқасқа, яғни, Қазан, Көбікті, Алшағыр секілді атты жаулар сипатталады. «Қобыланды батыр» эпосынның рулы феодалдық құрылысқа тән ұғымдар аз емес. «Қобыланды батыр» жырының алғашқы нұсқасын Ы.Алтынсарин Марабай жыраудың ауызынан жазып алып, «Тайбурылдың шабысы» деген саласын өзінің «Хрестоматиясына» енгізген. Жырдың басқа да үзінділері төңкеріске дейін «Дала уалаяты» (1899 жыл), «Туркистанские ведомости» (1899 жыл), «Тургайская газета» (1901 жыл), «Труды Оренбургской научной комиссий» (1910 жыл) сияқты басылымдарда сөз бола бастады. 1914 жылы қазанда Тұяқбай нұсқасы, 1922 жылы Ташкентте Диваев жинаған нұсқалар басылған. Академик М.Ғабдуллин жырдың 15 түрлі нұсқасын тапқан.
Орта Азия халқының ауыз әдебиетінің рухани байлығын арттыруда үлкен рөл ойнайтын белгілі жыр – “Алпамыс батыр”. Ол өз халқының жоғалып кеткен бір бөлігін іздеп тауып, өз еліне қосу үшін шыбын жанын шүберекке түйіп аттанады. Жырдың көтерген бір идеясы—елдік пен бірлік. Бұл жөнінде М. Ғабдулин былай деп жазады: « Алпамыстың батырлық іске бел байлаған сапары Гүлбаршынды іздеп шығуынан басталады. Өзіне - жар-жолдас- қалыңдық іздеп шығу, бұл жолда әр түрлі ерлік істер жасап, батырлық сыннан өту - дүние жүзіндегі эпостық шығармалардың көбінде кездесетін жай. Ондағы батырлардың Алпамыстан үлкен бір айырмашылығы бар: Алпамыс батырдың іске тек Гүлбаршын үшін ғана аттанбайды. Ол бір кезде Байбөріге өкпелеп бөліне көшкен, қалмақ еліне кеткен қоңырат руының бір бөлігін іздеп те шығады. Өзіне туыс болған рудың бір бөлігі жат жұртқа көшіп кетуі, қалмақ ханына қоңсы болуы, оның зорлық- зомбылығын көруі, Алпамысқа қатты бататын сияқты». Жырда Алпамыс өз халқының жанашыры, қамқоршысы, ел бірлігін сақтаушы батыр. Оның ойы мен мақсаты бөлінген елді біріктіру. «Бөлінгенді бөрі жер» деген ұлағатты сөзден қорытынды шығару. «Төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген аталы сөздің қадір – қасиетін ұғыну. Осы тұрғыдан қарағанда Алпамыс батыр ғана емес, ірі қайраткер, көсем. Сондықтан М. Ғабдулин: “ол өкпелеп көшіп кеткен ел-жұртының бір бөлегін қайтару, оны қоңыраттарға қайта табыстыру, татуластыру мақсатын көздейді, ру бірлігін қарастырады. Жыр ру арасында бірлік болса, елдік бар екендігін аңғартады. Байсарының қалмақ ханына көшіп кетуін, ол жерде жат жұрттан қорлық көруін суреттеу арқылы жыр бірсыпыра жайды елестеткендей болады. Ру бірлігін бұзып бөліне көшкен адамдар осындай өкінішті күйге ұшырайды, сондықтан бірлік сақтау керек деген қорытынды жасайды. Осы ретте ру бірліген қорғаушы батыр болуы керек деп таниды. Батыр ру бірлігін қорғаушы ғана емес, ол сонымен қатар, батыры болмаған ру бытырап, тозып кетеді деп көрсетеді”- деп жазды.
Ата – бабаларымыздың қанына сіңген дәстүр – жерді шет ел басқыншыларынан қорғау болса, сол жерді қорғаушы халықтың басын біріктіріп ұстау идеясын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Осы елді біріктіру идеясы «Алпамыс батыр» жырын биікке көтеріп тұр. Қазақ халқының ұлттық идеясы да осы елді біріктіру, қасиетті жерді қорғау. «Алпамыс батыр» жыры елдігіміз бен ерлігімізді бүкіл әлемге білдіретін аса көрнекі, халқымыздың салт –дәстүрі сақтаған жыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет