Ильясова гульжахан уалибековна



Pdf көрінісі
бет25/39
Дата11.03.2022
өлшемі3,92 Mb.
#135029
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Байланысты:
Disser

1 бӛлім бойынша тұжырым 


49 
Зерттеу тақырыбымыз бойынша ғылыми, педагогикалық, психологиялық, 
әдістемелік еңбектерге шолу жасай отырып, оқулық құрудың педагогикалық-
психологиялық негіздерін сараладық. Сонымен қатар, оқулықтар мен оқу 
құралдары теориясының дамуының негізгі бағыттары қарастырылады. Бұл 
саралау арқылы оқулық құру мәселесінің ӛте алыстан келе жатқан ерекше 
тарихы барлығына кӛз жеткіздік. Қай заманда да алдыңғы қатарлы 
ойшылдардың жас ұрпаққа білім берудегі оқулықтың алатын орынын ерекше 
бағалап, оны құрудың жолдары мен әдістеріне тоқталғандығы белгілі болды. 
Бірақ, әр заманның және қоғамның ӛзгеруіне қарай, оқулықтар мен оған 
қосымша оқу құралдарының мазмұны мен құрылымына қойылып отырған 
талаптардың ӛзгергендігін кӛреміз.
Оқулықтар мазмұны мен құрылымына және оған қоятын дидактикалық 
талаптар білім реформасына дейін негізінен оның ғылымилығы, бірізділігі, 
жүйелілігі, кӛрнекілігі, жергілікті материалдармен байланысы т.б. бұрынан 
белгілі принциптер орын алған болатын. Ал, қазіргі таңда қоғамның сұранысы 
бойынша берілетін білімді ізгілендіру, тұлғаға бағдарлау, шығармашылыққа 
баулу, кіріктіре отырып білім беру т.б. жаң талаптар қойылып отыр. Осыған 
орай, оқулық пен оқу құралдарының дидактикалық функциялары да біраз 
ӛзгеріске ұшырауда. Оларға қойылатын талаптар мен оқулық құрылымын 
қарастыру арқылы оқулық пен оқу құралдарының дидактикалық функцияларын 
айқындау жолында оның кӛп құрамдылығын, әр құрамның атқаратын 
қызметінің түрлерін сараладық. Оқулықтың дидактикалық функциялары 
туралы ғалымдардың пікірлерін саралай отырып, біз ӛз пәнімізге тән және 
лайықты 
дидактикалық 
функцияларды 
анықтадық. 
Осы 
саралаған 
функциялардың құрамына оқулық мазмұны мен құрылымын оқу құралымен 
сабақтастыра оқыту мәселесін қоса қарастырдық. 
Жоғарыдағы айтылған және зерттелген теориялық негізге сүйене отырып, 
бейорганикалық химия оқулықтарына қойылатын дидактикалық талаптарға, 
оқулықтың мазмұндық және құрылымдық жүйесіне талдау жасалды. Бұл 
жүйеде химия оқулығының теориялық және практикалық материалдарды 
берудегі орны, мазмұны құрылымы т.б. талданды. 
Оқулық білімдік, дамытушылық және тәрбиелік талаптарды қамтамасыз 
ету үшін оның мазмұнына және құрылымына байланысты мәселелер талданды. 
Бұл талдауда негізінен орта мектепте химиядан берілетін білімнің бастамасы 
болып есептелетін бейорганикалық химияның оқулықтарының атқаратын 
функцияларына баса кӛңіл бӛлінді. 


50 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет