Информационное письмо



бет28/106
Дата16.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#101853
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   106
Байланысты:
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж.
Өмір қауіпсіздігінің негіздері силлабус 2019-2020 о.ж., НАУРЫЗ РАСТЯЖКА
Жаралардың жіктелуі

Жаралар заттың немесе қарудың түріне байланысты кесілген, тілінген, түйрелген, сыдырылған, тістелген, жарымдалған жне оқ тиген болып бөлінеді.

Түйрелген жаралар түйрегіш қарулы найза, пышақ, біз, ине, шеге әсерінен болады.

Жараның осы түрі үлкен тереңдіктегі шағын сыртқы саңылаумен сипатталады. Өйткені жараның аузы тар, ал кейде ұлпалардың ауысу салдарынан (бұлшық еттің қысқаруы) ол үзілгіш және ирек тәріздес болады. Бұл түйрелген жараларды қауіпті етеді, өйткені зақымдалу тереңдігі мен ішкі органдардың ықтимал жаралануын анықтау қиын.

Кесілген жаралар жүзі өткір заттар арқылы болады (пышақ, ұстара, шыны және т.б.). Кесілген жаралардың шеті тегіс және зақымданбаған болып келеді. Қан жиі ағады.

Тілінген жаралар ауыр өткір заттың тиюінен болады (балта, қылыш). Сырттай қарағанда кесілген жараны еске түсіреді, алайда зақымдану аумағы үлкенірек, кейде тіпті сүйектің зақымдануына апарып соқтырады. Жараның шеті біршама ісінеді.

Сыдырылған жаралар жалпақ заттың соққысынан (балға, тас және т.б.) болады. Сыдырылған жаралардың шеті ісінеді, тегіс емес, қан қатады, тамырлардың және олардың тығындалуының нәтижесінде жара шетінің нәрленуі бұзылады. Ісінген ұлпалар микробтардың көбеюіне септігін тигізеді.

Атыс қаруынан болған жаралар атыс қаруының зақымдау салдары болып табылады. Қару түріне байланысты оқтан жаралану, бытырадан жаралану, жарықшақтан жаралану (мина, граната, снаряд) болып бөлінеді. Атыс қаруынан болған жарақат тесік болуы мүмкін. Жаралаушы зат тесіп өтеді және оның кіріп-шығу саңылауы болады. Кейде зат денеде тұрып қалады, ал кейде жанай тиіп өте шығады.

Атыс қаруынан болған жаралар сан алуан және күрделі болып келеді. Күрделі жаралар кезінде оқ бірқатар органдар мен қуыстарды тесіп өтеді, мысалы, құрсақ қуысы, көк ет, плевра қуысы. Сонымен қатар бірнеше органдарды зақымдайды. Барлық аурулар сырқырау мен қанның ағуымен және үңіреюмен сипатталады.

Жарақаттанған кезде міндетті түрде қан кетеді, дене сырқырайды, үңірейген орын пайда болады, шектен тыс сырқаттану естен тандырады. Қалған жағдайлардағы жарала микроогранизмдер үшін ашық есік ретінде – жұқпалы ауруларды асқындырушы қызмет етеді.

Микробпен зақымдалған жараны жұқтырмалы, ал осы арқылы пайда болған ауруды жара инфекциясы деп атайды.

Микробтар жараға жарақаттаушы заттармен, ағаштың қабығымен, жердегі түйіршіктерден, ауадағы тозаңнан, жараның төңірегін қолмен ұстау арқылы енеді.

Сіреспенің алғашқы белгілері жоғары температура (39-410С), жара төңірегінде бұлшық еттің еріксіз дірілдеуі, асқазан төңірегінің, іш бұлшық еттің шаншуы, жұту кезіндегі қиыншылық, беттің ымдау бұлшық еттерінің қысқаруы және ауызды аштырмайтын шайнау бұлшық еттерінің түйілуі болып табылады. Біраздан кейін бұған жәй тітіркеніс кезінде пайда болатын азапты құрысу қосылады.

2. Жарақаттанушыға алғашқы көмек көрсету келесі деңгей бойынша жүргізіледі:

• бұзу факторларының жағдайларын тоқтату және бағалау ;

• жарақаттанушыны қауіпті аймақтан оған әрі қарай көмек көрсетілетін жерге жеткізу;

• жарақаттанушының ауыр халінің, жарақаттану себебін анықтау;

• жарақаттанушының жағдайын және жарақаттану себебін қабылдады қолдану арқылы алғашқы көмек көрсету;

• жедел жәрдем шақыру, жарақаттанушыны ауруханаға жеткізу.


Алғашқы көмек. Адам өміріне немесе денсаулығына қаіп төнген жағдайда оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар , сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тогы соғу , т.б. жатады. Алғашқы көмектің негізгі шаралары : апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару; апаттың зиянды әсерін тоқтату; қан тоқтату , жараны байлау, жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау , апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   106




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет