Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде



бет4/12
Дата06.02.2022
өлшемі242,13 Kb.
#81185
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
СӨЖ 1 информатика
СР 1 жазушы Бауыржан Мо

«Кибернетика» термині пайда болғаннан кейін дүниежүзілік ғылымда ағылшын сөзі «Computer Science» (компьютер ғылымы) қолданысқа енгені белгілі. Бұл термин Америка, Канада және тағы басқа латын-америкалық континеті елдерінде, компьютерлер мен телекоммуникациялық жүйелер көмегімен ақпаратты өңдеу, сақтау және жеткізу үрдістерін зерттейтін ғылыми және оқу пәнін атау үшін кең тараған. Кейінірек XX ғасырдың 60-шы жылдарының соңы мен 70-ші жылдарының басында француз ғалымдары, француздың «informatione» (ақпарат) және «avtomatique» (автоматика) сөздерінің туындысы болып табылатын – «informatique » (информатика) терминін енгізді. Жаңа термин Кеңестер Одағы (кейіннен Ресей мен ТМД елдерінде) мен Батыс Еуропада кеңінен тарады. Үлкен Кеңес Энциклопедиясында информатика «ғылыми ақпараттың жалпы қасиеттерін, құрылымын, оны құру, түрлендіру, тасымалдау жәнеадамзат іс-әрекетінің әртүрлі саласында қолдану заңдылықтарын зерттейтін пән» деп қарастырылды. Орыс тілінде «информатика» терминінің қолданылуы (шамамен 1960-шы жж. ортасынан бастап) ғылыми-техникалық ақпаратпен, кітапханатану және құжаттаматанумен байланысты болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет