«Информатика» пәнінен оқу-әдістемелік кешені



бет4/42
Дата05.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#18962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНИКА



ЭЕМ Телеграф Магниттік Теледидар,
жазу радио, телефон
1.2-сурет. Ақпараттық техника құрамы
Болашақта дискретті мәліметтермен жұмыс істейтін аспаптар көбейе түсуі тиіс, өйткені олар жоғары дәлдікпен сенімді түрде тыңғылықты қызмет атқарады. Сол себепті қазіргі кезеңде цифрлы телефондар мен теледидарлар шығарыла бастады.
Халық шаруашылығында ақпаратты кең қолдану үшін оны сақтайтын, жеткізетін және өңдейтін құралдарды көптеп жасау керек болды. Соның нәтижесінде ақпараттық техника күннен-күнге көбеюде, әсіресе оның ішінде электрондық машиналарға өте көп көңіл бөлінуде, өйткені ақпаратты жылдам өңдеу үшін қолданылатын негізгі электрондық тетік есептеу машинасы болып табылады. Сонымен қазіргі кезде информатиканы кеңінен қолданатын орындарға мыналарды жатқызуға болады:
1) еңбек ету аспаптарын басқару, яғни станоктарды, роботтарды, машиналарды басқару;
2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді автоматтандыру;
3) ЭЕМ-дерді халық шаруашылығында экономикалық ұйымдастыру, басқару жұмыстарына пайдалану;
4) ЭЕМ-дерді оқыту және халық шаруашылығына керекті мамандар даярлауда қолдану;
5) ЭЕМ-дерді халыққа ақпараттық қызмет көрсетуге пайдалану (медицина, сауда, тұрмыс қажетін өтеу, энергетика т.б.).
Информатиканың дамуы елдің экономикалық құрылымының және еңбек өнімділігінің өсу деңгейін көрсетеді, сол себепті ол елдің экономикалық қуаттылығының көрсеткіші бола алады.
Санау жүйелері— сан деп аталатын, символдар көмегімен бейнеленетін атаулар тәртібінің жиынтығы. Санау жүйелері позициялық және позициялық емес болып екіге бөлінеді. Позициялық емес санау жүйесіне мысал — рим сандары: бірнеше сандар негізгі болып алынған (мысалы, І, V, X), ал қалғандары осы негізгі сандарды қосу арқылы алынады ( VІ, VІІ сияқты) немесе алу ( ІV, ІX сияқты). Ал позициялық санау жүйелеріне екілік, ондық, сегіздік, оналтылық сандар жатады. Мұндағы кез – келген сан сәйкес алфабиттің цифрлары арқылы жазылады, және де әрбір санның мәні осы тізбекте орын алатын, оның орнына тәуелді (позициясына). Мысалы, ондық санау жүйесінде жасалған, 555 жазбасында, 5 саны ғана қолданылған, бірақ оның орын алу ретіне байланысты ол әртүрлі сандық мәнге ие бола алады — 5 бірлік, 5 ондық немесе 5 жүздік. Сондықтан теңдік дұрыс (астынғы индекстер санның қандай санау жүйесінде жазылғанын көрсетеді):
555,510 =5-102 +5-101 +5-100 +5-10-1;
11,012 =1*21+1*20+1*2-1+1*2-2
Екілік санау жүйесінде қосу. Алдын – ала қаралып кеткен ойлардан кейін екілік санау жүйесіндегі бірразрядты сандарды арифметикалық қосу ережесінің орындалу ретін жазайық:
0+0=0; 1+0=1; 0+1=1; 1+1=10.
Демек, аса толу болғанда, үлкен разрядқа ауысу кезінде белгілі есте сақтауды пайдалана отырып, келесіні аламыз:

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет