Информатика


эссе жаз. ______________________________________________________________________ №6 саб



бет10/119
Дата03.02.2017
өлшемі17,37 Mb.
#8600
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   119

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________


6 сабақ

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы:

• Есептеу техникасының даму тарихы. Электронды-есептеуіш машиналардың кезеңдері


Күтілетін нәтиже:
Білімдік

Жаңа білім



  • Есептеу техникасы анықтамасын біледі.

  • Есептеу техникасы дамуына үлес қосқан ғалымдарды атап шығады.

  • ЭЕМ дамуының бес буынын сипаттайды.

  • Есептеу техникасы пайда боларға дейінгі есептеу тәсілдерін анықтайды.

  • Ең ежелгі есептеу техникасын есіне түсіреді.

Жаңа түсінік



  • ЭЕМ дамуының 5 буынын айырып таниды.

Құзырлылық

Қолданым әрекеті


  • ЭЕМ дамуының әр буынының ерекшеліктерін көрсетеді.

Талдау әрекеті



  • 5-буындағы ЭЕМ-дерді (жасанды интеллектті ЭЕМ) Қазақстанда дамытудың жолдарын талдайды.

Шығармашылық әрекет



  • Екі бағандағы сөздерді пайдалана отырып, сабақ барысында берілген ақпарат негізінде біртұтас сөйлем жасайды.

Құнды-лық

Бағамдау әрекеті


  • Есептеу техникасы дамуы кезеңдерінің байланысын анықтайды. ЭЕМ жаңа буынының даму қарқыны мен жолдарын бағалайды.


Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат алмасу (12 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (8 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).
Сабақ типі: Жаңа материалды меңгеру
Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:



  • Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде қалдырады.

  • Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап, көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді.


Негізгі ұғымдар мен терминдер:

• Есептеу техникасы, есепшот, арифмометр, аналитикалық машина, Электронды Есептеуіш Машина (ЭЕМ), интегралды схема, жасанды интеллект, компьютер


Оқушыда дағды қалыптастыру:



  • Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну.

  • Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау.

  • Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ барысында белсенділік таныту.


Ақпарат көздері:


  1. Қазанғапов Ә. «Абак». Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1998, Алматы.

  2. Белов С. 2006. Электронные вычислительные машины. История создания и развития. Ақпарат көзі: http://evm-story.narod.ru/



  1. Презентации про историю развития ЭВМ. Ақпарат көзі: http://900igr.net/prezentatsii/informatika/istorija-razvitija-evm.html

  2. Электронды есептеуіш машиналар. Ақпарат көзі: http://referat911.ru/Informatika/jelektrondy-esepteush-mashinalar/142679-2118580-place1.html _%D1%82%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B8


Оқушы жетістігін бағалау:



  • Оқушыға негізгі баға деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады.


Үй тапсырмасы:

• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы

Өтілген материалды қайталау, анықтама жаттау

• Бонус-балл тапсырмасы

Сабақта өтілгендерден тыс қандай есептеу техникасы түрлерін білесіңдер?

САБАҚ БЛОКТАРЫ


і. аҚПАРАТ алмасу
Тақырып жоспары:

1. Есептеу техникасының анықтамасы. Ең алғаш есептеу техникасы.

2. Паскалина, есептеуіш сағаттар, арифмометр, аналитикалық машина және стол калькуляторы

3. ЭЕМ дамуының 5 буыны



Слайдтар:

1-слайд Есептеу техникасы

Есептеу техникасы - ақпаратты өңдеу мен есептеудің математикалық процестерін механикаландыру және автоматтандыру үшін қолданылатын техника және математикалық құрал- жабдықтар жиынтығы.

Есептеуге арналған алғашқы құралдар пайда болардың алдында ежелгі адамдар есепті қол саусақтары, тастар мен есептеу таяқшалары арқылы жүргізді.






2-слайд Ең алғашқы есептеу құралы

Ең ерте есептеу құралы- есепшот. Деректер бойынша есепшот біздің дәуірімізге дейінгі 2 мыңжылдықтың соңында ежелгі Қытайда пайда болған. Есептеу амалдары тақтадағы әрбір жолда орналасқан ұсақ тастар мен дөңгелек сүйектерді жылжыту арқылы жүргізілген. Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Есепшоттың қазіргі түрлері 18 ғасырда пайда болды






3-слайд «Паскалина»

1642 ж француз математигі Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет «қосу машинасы» деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдің машинасында көп мәнді сандарды қосу мүмкін болды.




4-слайд Есептеуіш сағаттар

1623 жылы Вильгельм Шикард "Есептеуіш сағаттар" деп аталатын төрт арифметикалық амалды орындай алатын механикалық калькуляторды ойлап тапты. Құрылғының бұлай аталу себебі, сағаттардағы сияқты, бұл құралда да тісті сақиналар мен жұлдызшалар қолданылды. Бұл құрылғыны іс жүзінде алғаш рет Шикардтың досы, философ және астроном Иоганн Кеплер өз жұмыстарында пайдаланды.




5- слайд Арифмометр

1694 жылы неміс математигі Лейбниц қазіргі калькуляторлың негізін салған арифмометрді ойлап тапты. Ол- Паскаль идеясын жетілдіру барысында пайда болған механикалық есептеу машинасы. Дөңгеліктің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндір қолданылады. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізуімен қатар, сандарды бөлу көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Лейбництен кейін де арифмометр бірнеше рет жетілдіруден өтті.






6- слайд Бэббидждің аналитикалық машинасы

Адамның қатысуынсыз есептеулерді орындайтын машинаны ойлап табу идеясын 1833 жылы ағылшын математигі Чарльз Бэббидж өз жобасында баяндады. Оның ұсынысы бойынша ақпаратты енгізу мен шығару перфокарта атты қатты қағаздағы тесіктер арқылы жүзеге асырылды. Беббидж идеясы 19 ғасырда жүзеге асырыла бастады.






7- слайд Стол калькуляторлары

1900 жылдары механикалық калькуляторлар, кассалық аппараттар мен есептеуіш машиналары өндірісі кезінде электр қозғалтқыштарын пайдалана басталды. Алғаш төрт амалды стол калькуляторлары 1930 жылдары шығарыла басталды. - слайдның 5 буыныжәне стол калькуляиорыптеу техникңдер?






8- слайд ЭЕМ дамуының 5 буыны

ЭЕМ–нің дамуы бірнеше буындарға бөлінеді:

І. ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945-1954 жж.)

ІІ. ЭЕМ-нің екінші буыны (1950-60 жж.)

ІІІ. ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.)

IV. ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970 ж. )

V. ЭЕМ-нің бесінші буыны (Жапония, 1980-жылдар)





9-слайд ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945-1954)

Бірінші буын- электронды шамдар пайдаланылған ЭЕМ-дер.

Олар- « ENIAC », «МЭСМ», «БЭСМ», «IBM -701», «Стрела», «М-2», «М-3», «Урал», «Урал-2», «Минск-1», «Минск-12», «М-20».

Бірінші буындағы машиналар өте үлкен ауданды алады, көп энергия жұмсайды және мыңдаған электронды шамдардан тұрады. Ақпарат перфокарта


арқылы енгізілді.




10- слайд ЭЕМ-нің екінші буыны (1950-60 жж.)

ЭЕМ негізгі бөлігі- электронды шамдар емес, жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторлар.

Фортран, Алгол, Кобол программалау тілдері пайдалана бастады.

Буын ЭЕМ-дері- «РАЗДАН-2», «IВМ-7090», «Минск-22,-32», «Урал- 14,-16», «БЭСМ-3,-4,-6», «М-220, -222»






11- слайд ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.)

Үшінші буын - интегралды схема негізінде құрылған ЭЕМ-дер. Олар бір мезгілде бірнеше программаларды қатар орындауға мүмкіндік берді.

Компьютерлерді шығару үлкен өндірістік сипат алып, IBM компаниясы бұл салада көсбасшылыққа ие болды. Бұл ЭЕМ- дерінің қуаты секундына 500 мың- 2 миллион операциялар құраса, жады 8 Мб- тан 192 Мб-қа дейін жетті.





12- слайд ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970 ж.)

Негізі- үлкен интегралды схемалар. ЭЕМ-дердің жылдамдығы секундына ондаған миллион операциялар, жады жүздеген Мб-қа жетті.

Микропроцессорлар (1971ж. Intel), микро- ЭЕМ мен дербес ЭЕМ пайда болды.

Алғаш компьютер атауын 4-буын ЭЕМ-деріне берді.



13- слайд ЭЕМ-нің бесінші буыны 

5- буын ЭЕМ-дері- бұл болашақ ЭЕМ-дер.

Алғаш рет Жапонияда 1982 жылы қолға алынды.

ЭЕМ-дер жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді.

Қазірдің өзінде компьютерлер ақпаратты адам дауысы, қолжазбасы немесе қағаз басылымдарынан оқи алады





іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Есептеу техникасы дегеніміз-

Есептеу техникасының дамуына үлес қосқан ғалымдар

ЭЕМ дамуының буындары

ақпаратты өңдеу мен есептеудің математикалық процестерін механикаландыру және автоматтандыру үшін қолданылатын техника және математикалық құрал- жабдықтар жиынтығы.

Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет «қосу машинасын» құрастырды.

Вильгельм Шикард "Есептеуіш сағаттар" деп аталатын төрт амалды орындай алатын калькуляторды ойлап тапты.

Лейбниц қазіргі калькулятордың негізін салған арифмометрді ойлап тапты.

Чарльз Бэббидж аналитикалық машинаны ойлап тапты.


ЭЕМ–нің дамуы 5 буындарға бөлінеді:

І. ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945-1954 жж.)- шамдар пайдаланылды.

ІІ. ЭЕМ-нің екінші буыны (1950-60 жж.)- жартылайөткізгіш диодтар пайдаланылды.

ІІІ. ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.)- интегралды схема пайдаланылды.

IV. ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970 ж. )- қазіргі компьютерлер заманы

V. ЭЕМ-нің бесінші буыны (Жапония, 1980-жылдар)- жасанды интеллект буыны



Қорытынды:__________________________________________________________




ііі. құзырлылық қалыптастыру




Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Есептеу техникасы терминіне анықтама бер.

  2. ЭЕМ–нің дамуы қанша буындарға бөлінеді?

  3. ЭЕМ-нің бесінші буыны алғаш рет қай елде қолға алынды?

  4. Қазіргі компьютерлер қай буынға жатады?

  5. Есептеуге арналған алғашқы құралдар пайда болардың алдында ежелгі адамдар есепті қалай жүргізді?

  6. Ең ежелгі есептеу құралын ата. Ол қашан және қай елде пайда болды?

  7. Есептеу техникасы дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды атай аласыз?


ІІ деңгей тапсырмалары

Дұрыс жауапты тап:



  1. І буын ЭЕМ негізгі бөлігі-

Үлкен интегралды схема

Транзистор

Электронды шамдар

Интегралды схема



  1. ІІ буын ЭЕМ негізгі бөлігі-

Үлкен интегралды схема

Транзистор

Электронды шамдар

Интегралды схема



  1. ІІІ буын ЭЕМ негізгі бөлігі-

Үлкен интегралды схема

Транзистор

Электронды шамдар

Интегралды схема



  1. ІV буын ЭЕМ негізгі бөлігі-

Үлкен интегралды схема

Транзистор

Электронды шамдар

Интегралды схема


ІІІ деңгей тапсырмалары

5-буындағы ЭЕМ-дерді (жасанды интеллектті ЭЕМ) Қазақстанда дамыту үшін не істеу керек деп ойлайсыз?







іV. шығармашылық әрекет




Топтық жұмыс.

Бірінші бағанды екінші бағандағы сөздерді пайдалана отырып аяқта.




Фортран, Алгол, Кобол программалау тілдері

ІІІ буын ЭЕМ-дері кезінде пайда болды

Микропроцессорлар (1971ж. Intel), микро- ЭЕМ мен дербес ЭЕМ

перфокартаға жазылды

Стол калькуляторлары алғаш

Кеплер пайдаланды.

І буын ЭЕМ-дерінде ақпарат

ІІ буын ЭЕМ-дерінде пайдаланылды.

Есептеуіш сағаттарды өз жұмыстарында

1930 жылы шығарылды.







V. бағамдау-бағалау



Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз. ___________________________________________________________________


7 сабақ



МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы: Компьютерлік техниканың даму үрдісі
Күтілетін нәтиже:
Білімдік

Жаңа білім



  • Компьютер анықтамасын біледі.

  • Джон Нейман тұжырымдамасы бойынша компьютер құрылымына жататын бөліктерді атап шығады.

  • Функционалды мүмкіндіктері бойынша компьютерді қайсыбір категорияға жатқызады.

  • Компьютер термині «ЭЕМ» терминін қашан толық ығыстырып шығарғанын біледі.

Жаңа түсінік



  • Мур заңын түсіндіреді.

Құзырлылық

Қолданым әрекеті


  • Жаңа сабақ барысында пайдаланған сөздерді толық емес сөйлемдерді толықтыруда қолданады.

Талдау әрекеті



  • Алғашқы компьютерлер мен қазіргі заманғы компьютерлерді салыстырады.

Шығармашылық

әрекет


  • Джон фон Нейман тұжырымдаған компьютер құрылымының әр бөлігіне сәйкес сипаттаманы оң бағандағы сөздермен байланыстырып, толық сөйлем жасайды.

Құнды-лық

Бағамдау әрекеті


  • Компьютерлік техниканың даму үрдісін түсіндіреді. Оның болашақ дамуын бағалайды.


Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат алмасу (12 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (18 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (5 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).
Сабақ типі: Жаңа материалды меңгеру
Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:



  • Мұғалім материалды толығымен меңгеруге көмектеседі.

  • Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап, көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді.


Негізгі ұғымдар мен терминдер:



  • Есептеу техникасы, есепшот, арифмометр, аналитикалық машина, Электронды Есептеуіш Машина (ЭЕМ), интегралды схема, жасанды интеллект, компьютер, микрокомпьютерлер (дербес компьютер), миникомпьютерлер, мейнфреймдер, суперкомпьютерлер




  • Оқушыда дағды қалыптастыру:



  • Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну.

  • Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау.

  • Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ барысында белсенділік таныту.


Ақпарат көздері:



  1. Жұматаев Б. «Компьютер». Қазақстан ұлттық энциклопедиясы.
    2002, Алматы.

  2. Уикипедия Ашық Энциклопедиясы. «Компьютер» . Ақпарат көзі: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D0%BC%D0%BF%D1%8C%D1%8E%D1%82%D0%B5%D1%80



Оқушы жетістігін бағалау:



  • Оқушыға негізгі баға деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады.


Үй тапсырмасы:

• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы

Өтілген материалды қайталау, анықтама жаттау

• Бонус-балл тапсырмасы

Қазіргі таңдағы компьютерлік технология саласында қандай зерттеу жұмыстарының болып жатқаны, инновациялық идеялардың ашылып жатқаны жайлы не білесіз?

САБАҚ БЛОКТАРЫ


і. аҚПАРАТ алмасу
Тақырып жоспары:


  1. Өткен сабақ бойынша қайталау.

  2. Компьютер. Жұмыс принципі мен түрлері.

  3. Мур заңы.

  4. Алғашқы компьютерлер мен қазіргі заманғы компьютерлерді салыстыру

  5. Компьютерлік техниканың қолданысы, даму үрдісі мен болашағы.

Слайдтар:

1-слайд Өткен сабақты қайталау

  • Есептеу техникасы— ақпаратты өңдеу мен есептеудің математикалық процестерін механикаландыру және автоматтандыру үшін қолданылатын техника және математикалық құрал- жабдықтар жиынтығы.

  • Ең ерте есептеу құралы- есепшот.

Есептеу техникасының дамуына үлес қосқан ғалымдар

  • Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет «қосу машинасын» құрастырды.

  • Вильгельм Шикард "Есептеуіш сағаттар" деп аталатын төрт амалды орындай алатын калькуляторды ойлап тапты.

  • Лейбниц қазіргі калькулятордың негізін салған арифмометрді ойлап тапты.

  • Чарльз Бэббидж аналитикалық машинаны ойлап тапты.




2-слайд Өткен сабақты қайталау

ЭЕМ–нің дамуы 5 буындарға бөлінеді:

І. ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945-1954жж.)- шамдар пайдаланылды.

ІІ. ЭЕМ-нің екінші буыны (1950-60 жж.)- жартылайөткізгіш диодтар пайдаланылды.

ІІІ. ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.)- интегралды схема пайдаланылды.

IV. ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970 ж. )- қазіргі компьютерлер заманы

V. ЭЕМ-нің бесінші буыны (Жапония, 1980-жылдар)- жасанды интеллект буыны





3-слайд Компьютер

Компьютер (ағылш. computer- есептеуіш, лат. computo- есептеймін) – тапсырылған арнайы нұсқаулар жиынтығы- бағдарлама бойынша есептеу амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған машина. Компьютер термині ХХ ғ-дың 90 жылдары «ЭЕМ» терминін толық ығыстырып шығады.



4-слайд Компьютердің жұмыс істеу принципі

1945 ж. тұңғыш компьютерді жасау барысында америкалық математик және физик Джон фон Нейман компьютер құрылымының негізін тұжырымдады:



  • Арифметикалық- логикалық - есептеу және логикалық операцияларды тікелей орындайды.

  • Басқару – бағдарламаларды басқару процесін жүзеге асырады.

  • Есте сақтау (жад)- бағдарламалар мен ақпаратты сақтайды.

  • Сыртқы құрылғылар- ақпаратты енгізеді және шығарады.

Ішінара өзгерістермен (арифмет.-логикалық және басқару құрылғылары
орталық процессорға біріктірілді) бұл принцип компьютер құрылымында қазірге дейін сақталған.




5- слайд Компьютерлік техника түрлері

Функционалдық мүмкіндіктері бойынша:

  1. Микрокомпьютерлер (дербес компьютер);

  2. Миникомпьютерлер;

  3. Мейнфреймдер;

  4. Суперкомпьютерлер.




6- слайд Мур Заңы

Егер есептеуіш құрылғылардың 1900 жылдан бастап даму тарихына көз жүгіртетін болсақ, машиналардың жұмыс өнімділігі әрбір 18-24 айда екі есеге өсіп отырғанын байқаймыз.

Бұл ерекшелікті алғаш рет 1965 жылы «Intel» компаниясының басшыларының бірі Гордон Е. Мур сипаттаған болатын. Компьютерлер көлемінің кішірею процесі де осындай жылдамдықпен жүріп келеді.






7- слайд

Алғашқы компьютерлер мен қазіргі заманғы компьютерлерді салыстыру

Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар көптеген тонна салмағы бар, бірнеше бөлмеде орналасқан үлкен құрылғылар болатын.

Олардың қымбат екені сонша, оларды тек үкіметтер мен үлкен зерттеу ұйымдары ғана пайдалана алатын еді.

Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару


болып табылады.

Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады- слайдның 5 буыныжәне стол калькуляиорыптеу техникңдер?






8- слайд Компьютерлік техниканың даму үрдісі

Бастапқыда компьютерлер толықтай механикалық жүйе болғандығы белгілі.

ХХ ғасырдың 30-жылдары телекоммуникациялық өндіріс электромеханикалық компоненттерді ұсынды, ал 40-жылдары вакуумдық электрондық лампалар негізінде құрылған толықтай электрондық компьютерлер жасалды. 50-60-жылдары лампалардың орнына транзисторлар келді, ал 70-жылдардың басында — қазіргі кезге дейін қолданылатын интегралдық жүйелер (кремний чиптері) пайдаланыла бастады.


9-слайд Компьютерлік техника қолданысының үрдісі

  1. Алғашқы компьютерлер тек қана есептеулер үшін қолданылған болатын.
    Ең алғашқы шыққан бағдарламалау тілі - Фортран тілі де осы себепті тек қана есептеулер шығаруға арналған болатын.

  2. Екінші жолы - мәліметтер базасы үшін. Мәліметтер базасын басқару үшін күрделі компьютерлер және ақпаратты енгізу-шығару, сақтауға қажетті күрделі жүйелер қажет болды. Осы мақсаттарда Кобол тілі пайда болды.

  3. Үшінші жолы - әр түрлі құрылғылармен бірге қолдану. Даму жолы
    арнайы мамандандырылған құрылғылардан стандартты компьютерлік жүйеге дейін болды.

  4. Соңында, ақпаратпен орындалатын кез-келген жұмыс (мәтінді енгізу, фильм қарау) компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Компьютерлер қолданылатын салалардың ішіндегі ең күрделі, ең аз дамыған саласы жасанды интеллект - компьютерлерді белгілі бір алгоритм жоқ жерде пайдалану болып табылады.




10- слайд Компьютерлік техника болашағы

Қазіргі кезде оптикалық компьютерлердің жобасы жасалуда. Бұл компьютерлер электр сигналдарының орнына жарық сигналдарын қолданады.

Басқа перспективті бағыт- компьютерлік технологияда молекулярлық биология және ДНҚ зерттеулерінің жетістіктерін қолдану.

Сонымен қоса, есептеуіш техника саласындағы өте үлкен өзгерістерге әкелуі мүмкін тәсілдердің бірі кванттық компьютерлерді жасауға негізделген.






іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Компьютер дегеніміз

Алғашқы компьютерлер мен қазіргі заманғы компьютерлерді салыстыру

Компьютерлік техника қолданысының үрдісі

тапсырылған арнайы нұсқаулар жиынтығы- бағдарлама бойынша есептеу амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған машина.

Компьютер термині ХХ ғ-дың 90 жылдары «ЭЕМ» терминін толық ығыстырып шығады.



Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар көптеген тонна салмағы бар, бірнеше бөлмеде орналасқан үлкен құрылғылар болатын. Олардың қымбат екені сонша, оларды тек үкіметтер мен үлкен зерттеу ұйымдары ғана пайдалана алатын еді.

Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады.


Алғашқы компьютерлер тек қана есептеулер үшін қолданылған болатын. Ең алғашқы шыққан бағдарламалау тілі - Фортран тілі де осы себепті тек қана есептеулер шығаруға арналған болатын.

Екінші жолы - мәліметтер базасы үшін. Мәліметтер базасын басқару үшін күрделі компьютерлер және ақпаратты енгізу-шығару, сақтауға қажетті күрделі жүйелер қажет болды. Осы мақсаттарда Кобол тілі пайда болды.

Үшінші жолы - әр түрлі құрылғылармен бірге қолдану. Даму жолы арнайы мамандандырылған құрылғылардан стандартты компьютерлік жүйеге дейін болды.

Соңында, ақпаратпен орындалатын кез-келген жұмыс (мәтінді енгізу, фильм қарау) компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Компьютерлер қолданылатын салалардың ішіндегі ең күрделі, ең аз дамыған саласы жасанды интеллект - компьютерлерді белгілі бір алгоритм жоқ жерде пайдалану болып табылады.



Қорытынды:___________________________________________________________





ііі. құзырлылық қалыптастыру




Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Компьютер сөзінің ағылшын тіліндегі аудармасы

  2. Компьютер сөзіне анықтама беріңіз

  3. Компьютер термині «ЭЕМ» терминін қашан толық ығыстырып шығарды?

  4. 1945 жылы тұңғыш компьютерді жасаған америкалық ғалым

  5. Джон Нейман тұжырымдамасы бойынша компьютер құрылымына жататын бөліктерді атаңыз.

  6. Функционалдық мүмкіндіктері бойынша компьютердің қандай түрлері бар?

  7. Мур заңы дегеніміз не?

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Берілген сөздерді пайдаланып, төмендегі сөйлемдерді толықтыр:

интегралдық жүйелер, машина, есептеу, сақтауға, есептеуіш, басқару, жарық сигналдарын.

Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі —..............деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі —..............болып табылады. Компьютер (ағылш. computer-.........., лат. computo- есептеймін) – тапсырылған арнайы нұсқаулар жиынтығы- бағдарлама бойынша есептеу амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге, ................және беруге арналған.......... 70-жылдардың басында — қазіргі кезге дейін қолданылатын ...................(кремний чиптері) пайдаланыла бастады. Қазіргі кезде оптикалық компьютерлердің жобасы жасалуда. Бұл компьютерлер электр сигналдарының орнына ......................қолданады.



ІІІ деңгей тапсырмалары

Алғашқы компьютерлер мен қазіргі заманғы компьютерлерді салыстырыңыз.






іV. шығармашылық әрекет




Топтық жұмыс.

1945 ж. тұңғыш компьютерді жасау барысында америкалық математик және физик Джон фон Нейман компьютер құрылымының негізін тұжырымдады.


Сол бағанда берілген бөлікке сәйкес сипаттаманы оң бағаннан
тауып байланыстыр.


Арифметикалық- логикалық

бағдарламалар мен ақпаратты сақтайды.

Басқару

есептеу және логикалық операцияларды тікелей орындайды.

Есте сақтау (жад)

ақпаратты енгізеді және шығарады.

Сыртқы құрылғылар

бағдарламалды басқару процесін жүзеге асырады.







V. бағамдау-бағалау



Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________

8 сабақ



МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы: Бақылау жұмысы. 1-тоқсан.
Күтілетін нәтиже:
Білімдік

Жаңа білім



  • 1-тоқсан бойы өткен материалды есіне түсіреді.

Жаңа түсінік



  • Ақпаратты қорғау тәсілдерін, вирус ұғымын, ақпаратты сығу, мұрағаттау процестерін түсінеді.

Құзырлылық

Қолданым әрекеті


  • Ақпарат ұғымы, ақпаратты сығу және компьютер жайлы білімін пайдаланады.

Талдау әрекеті



  • Алғашқы және қазіргі компьютерлерді салыстырады.

  • Компьютерлік техника қолданысының және дамуының үрдісін суреттейді.

  • Архиватордың біркелкі тізбектерді ауыстыру әдісі мен артық ақпаратты жою әдісі бойынша жұмыс істеуін талдайды.

Шығармашылық әрекет



  • Бақылау жұмысына байланысты шығармашылық әрекет орындалмайды.

Құнды-лық

Бағамдау әрекеті


  • Сабақта жазған бақылау жұмысына сыни талдау жасайды.


Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат алмасу (5 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (0 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (40 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (0 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (0 мин.).
Сабақ типі: Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.
Оқыту әдісі: Репродуктивті
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:



  • Оқушыларға есептерді бірнеше нұсқа ретінде ұсыну

  • Нұсқалар әр деңгейге тиесілі сұрақ нөмірімен анықталады: тақ сұрақтар-
    А нұсқасы, жұп сұрақтар- В нұсқасы


Негізгі ұғымдар мен терминдер:

Ақпарат қауіпсіздігі, ақпаратты блоктау, санкцияланбаған таралым, пароль, шифр, сигнатура, биометриялық әдіс, вирус, желілік, файлдық, жүктемелік, резидентті, резидентті емес, профилактика, флаги, доктор, ревизор, детектор, фильтр, вакцинатор, антивирус, антивирусты монитор, ақпаратты сығу, архиватор, архив, WinRAR, есептеу техникасы, есепшот, арифмометр, аналитикалық машина, Электронды Есептеуіш Машина (ЭЕМ), интегралды схема, жасанды интеллект, компьютер


Оқушыда дағды қалыптастыру:

Бақылау жұмысына дайындық мақсатында барлық слайд материалдарын, деңгейлік тапсырмалар мен үй жұмысы тапсырмаларын қайталау.


Ақпарат көздері:

1. 1referat.kz. “Ақпарат қасиеттері. Ақпарат типтері. Ақпаратты кодтау”.


Ақпарат көзі: http://1referat.kz/informatika/aqparat-qasietteri-aqparat-tipteri-aqparatty-kodtau.html
Оқушы жетістігін бағалау:

Оқушының бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады.



Үй тапсырмасы:

• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы:

Бақылау жұмысында жауап бере алмаған немесе жауабына сенімді емес сұрақтарды қарау, қатемен жұмысқа дайындалу

САБАҚ БЛОКТАРЫ


і. аҚПАРАТ алмасу
Тақырып жоспары:


  1. Ақпарат және ақпараттық үдерістер

  2. Компьютер. Есептеу техникасының даму үрдісі

Слайдтар:

1-слайд Ақпарат

Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан.

Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелеу.

Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз.



Ақпарат – қоршаған ортадағы объектілер мен құбылыстардың параметрлері, қасиеттері, жай күйі туралы білімді кеңейтетін, анықталмағандықтарды азайтатын мәліметтер жиыны.




2-слайд Ақпараттың сыртқы қасиеттері

Объектілік және субъектілік қасиеті. Ақпараттың жеке көзқарастар мен талқылаудан тәуелсіздігін анықтайтын қасиет

Толықтық қасиеті. Ақпараттың объектіні немесе үрдісті толық мінездеу қасиеті. Бұл қасиет ақпараттың сапасын және оның қажетті шешім қабылдауға жеткіліктігін анықтайды.

Өзектілік (дәлуақыттылық) қасиеті. Ақпараттық ағымдық уақыт мезетіне сәйкестік дәрежесін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақпараттың толықтығымен біріге отырып оның құндылығын анықтайды.

Ақиқаттық қасиеті. Ақпаратта жасырын қателіктердің болмауы қасиеті. Ақпарат қабылдағыш алған уақытта белгілі мөлшерде «ақпараттық шуыл» болуы мүмкін, ол неғұрлым аз болса, ақпараттың ақиқаттығы жоғарылайды.

Қатынау мүмкіндігі қасиеті. Пайдаланушының ақпаратты алу мүмкіндігі дәрежесін анықтайтын қасиет. Ақпаратқа қатынау мүмкіндігінің жоқтығы оны қатынауға мүмкін емес етеді.

Адекваттық қасиеті. Ақпараттың өзі бейнелейтін объектіге немесе құбылысқа, үрдіске бірмәнді сәйкестігін анықтайтын қасиет. Бұл қасиет ақиқаттық және қолданушы мұқтаждығына сәйкес келу қасиеттерімен анықталады.

Эргономдық қасиеті. Белгілі қолданушы үшін ақпараттың пішімі мен көлемінің ыңғайлылық дәрежесін көрсететін қасиет.




3-слайд Ақпарат қауіпсіздігі мен оны қорғау

Ақпараттың қауіпсіздігі – ақпарат тұтастылығының физикалық және

логикалық бұзылуынан немесе санкцияланбаған пайдаланудан қорғаныс жасау.



Ақпаратты қорғау – ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін алудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені.

Яғни, ақпаратты қорғау- автоматтандырылған жүйелерде оның бекітілген қорғаныс статусын қолдайтын арнайы механизмдерді құрау және қолдау процесі.






4-слайд Сұрау арқылы ақпаратты қорғау

Парольдер – жүйеге ену үшін қажетті кілттер ретінде қарастырылады және ақпарат тұтастығын сақтауды қамтамасыз етеді. Бірақ, олар басқа мақсаттар үшін де қолданылады, мысалы, дискіенгізгіште жазуды бұғаттауда, мәліметтерді шифрлеу командаларында, т. б.

Парольдерді 7 негізгі топтарға бөледі:



  • қолданушы орнататын парольдер;

  • жүйемен генерацияланатын парольдер;

  • енудің кездейсоқ кодтары;

  • жартылай сөз;

  • кілттік фазалар;

  • “сұрақ -жауап” түріндегі интерактивті тізбек;

  • “қатаң ” парольдер.




5-слайд Ақпаратты қорғаудың техникалық құрылғылары






6-слайд Компьютерлік вирустар

Компьютерлік вирустар – жұмыс істейтін компьютерде рұқсат етілмеген іс- әрекеттерді орындауға арналған программа коды. Ішінде вирусы бар программа “жұқтырылған” деп аталады. Программалық вирус компьютерге иілгіш дискілерден, немесе интернеттен алынған тексерілмеген программаларды іске қосқанда енеді. Сондықтан вирустар енуінің негізгі жолдары – компьютерлік желілер және дисктер болып табылады.




7-слайд Вирусқа қарсы программалар

Флаги немесе доктор дискілерді немесе бұзылған программаларды тазалайды, олардан вирус денесін «тістеп алу» арқылы программаларды бұзылғанға дейінгі қалыпқа келтіреді.

Ревизор программалар – бірінші дискінің жүйелік аймақтары және программа күйі жайлы ақпараттарды есіне сақтап, сосын оны бастапқы күйімен салыстырады. Келіспеушіліктер болса, онда ол жайлы пайдаланушыға хабарлайды.

Ревизор докторлар- ревизор мен докторлар қызметін атқарады.

Каталог: uploads -> doc -> 1057
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1057 -> Сабақтың тақырыбы: М. Тәнекеев. Қажымұқан Мектеп:№19 Күні: 10. 12. 16 Мұғалім: Ашуханова А. К
1057 -> Сабақтың тақырыбы: Металды қолмен оттекті кесу. Сабақтың мақсаттары
1057 -> Шаблон для закрытых вопросов (пять вариантов ответов)
1057 -> Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Тобы: мб-11


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   119




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет