Инженерлік-технологиялық факультеті


Кешенді мемлекеттік емтиханды бағалау саясаты



бет10/12
Дата10.05.2020
өлшемі60,99 Kb.
#66924
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
МЕМ корт емтихан каз Кадастр
00034638-04628789, МЕМ корт емтихан каз Кадастр, жауап
5 Кешенді мемлекеттік емтиханды бағалау саясаты
Білім алушылардың мемлекеттік емтихандағы жауаптары МАК-ның жабық отырысында талқыланып келесі критерийлер бойынша бағаланады:

- кәсіптік қызметтің негізгі түрлерін меңгерудегі білім алушылардың дайындық деңгейі;

- кәсіптендіру және мамандандырылған пәндер бойынша оқу материалын меңгеру деңгейі;

- білім алушылардың ақпараттық және мәдениеттілік деңгейі.

Мемлекеттік емтиханның бағасы емтиханның комиссия мүшелерінің ой алмастыруынан кейін қойылады. Баға дауыс беру нәтижесі бойынша көпшіліктің ойын ескеру арқылы анықталады:

- <<өте жақсы>> бағасы бағдарламалық материалды және қосымша әдебиеттерді толық және жан-жақты игерген, материалдарды түсінуде, түсіндіруде және практикалық қолдануда шағармашылық мүмкіндігін көрсеткен түлектерге қойылады. <<Өте жақсы>> деген бағалауға А, 4,0 сандық баламасы бар, пайыздық мөлшері 95-100% және А- /3,67/ 90-94% сәйкес келеді;

- <<жақсы>> бағасы бағдарламалық материалды толық игерген, негізгі ұсынылған әдебиеттерді меңгерген, материалдарды түсінуде, түсіндіруде және практикалық қолдануда шығармашылық мүмкіндігін көрсеткен түлекке қойылады. <<Жақсы>> бағасына В+ /3,33/ 85-89%, В /3,0/ 80-84% және В- /2,67/ 75-79%, С+ /2,33/ 70-74%, бағалары сәйкес келеді;

- <<қанағаттанарлық>> бағасы негізгі бағдарламалық материалды практикалық қызметке қажетті деңгейде меңгерген, негізгі ұсынылған әдебиеттермен танысқан, емтиханға жауап беру кезінде қателіктер жіберген, бірақта негізгі ескертулер мен елеулі қателіктер студенттің өздігімен түзетілген жағдайда қойылады. <<Қанағаттанарлық>> бағасына С /2,0/ 65-69%, С- /1,67/ 60-64%, D+ /1,33/ 55-59% және D /1,0/ 50-54% бағалары сәйкес келеді;

- <<қанағаттанарлықсыз>> бағасы бағдарламада қарастырылған негізгі материалдарды игеруде кемшіліктер білінген, теориялық білімді қолдану кезінде елеулі қателіктер жіберген және қосымша қайта оқусыз практикалық қызметке жіберілмейтін түлектерге қойылады. Бұл бағаға F /0/ 0-49% бағасы сәйкес келеді.

Мемлекеттік емтихан нәтижесі сәйкесті хаттамалар толтырылып болғаннан соң сол күні жарияланады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет