«Инклюзивті білім беру» пәнінен дәрістер жинағы Мамандықтар: 6B01701- Қазақ тілі мен әдебиеті», «6B01704- шетел тілі: екі шет тілі»


Инклюзивті білім беру жүйесі туралы мәліметтер



бет6/36
Дата26.02.2022
өлшемі117,56 Kb.
#133446
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Инклюзивті білім беру пәнінен дәрістер
9сро мониторинг, Пластиктердің қолданылуы
Инклюзивті білім беру жүйесі туралы мәліметтер

1

2

3

1

Италия

Инклюзивті білім берудің зертханасына айналған. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан арнайы мектептер ман сыныптардың көп бөлігі жалпы білім беру жүйесіне интеграцияланған. 1971 жылы жалпы білім беретін мектептерде оқу құқығы туралы алғашқы Заң пайда болды. 1977 жылы нақты нормативтерін бекітті. Сыныпта балалардың саны – 20. Дамуында ерекшелігі көп балалардың ең көп саны – 2.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша арнайы іс-шаралар сыныптағы сабақтардың мазмұнына енгізілген. Арнайы бағдарламалармен оқылатын сыныптар жойылған. Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі барлық балалардың 99-пайызы жалпы білім беретін мектепте оқиды.

2

Швеция

Инклюзивті білім беру идиясы табысты жүргізіліп жатқан елдердің бірі. 1969 жылдан бастап интеграцияға бағытталған, соған сәйкес үкіметтік құжат пайда болды. 60-70-жылдары дамуы артта қалған адамдарға арналған ірі интернаттар мен психиатриялық ауруханалар жабылды. 1980 жылдан дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуды ұйымдастырудағы тәсілдері өзгертілген оқу жоспарын қабылдады. 1989 жылы орта білім туралы жаңа Заң қабылданды, 1990 жылдан бастап түзету педагогтарын оқытудың арнайы бағдарламалары қайта қарастырылды.

3

Дания

Бұл елде күрделі эмоциялық ауытқуы бар балаларды арнайы мектеп-интернатта, ал ақыл-ойының кемістігі бар балалар арнайы мектепте оқытылады. Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптар ашылған.

4

Норвегия

Бұл елде интеграция процесі 80жылдан басталады, 90-жылдардың басынан арнайы мектептер қысқартылған, тек мүмкіндігі шектеулі балалардың бір пайызы барады.

5

Филяндия

Көп жылдар бойы арнайы мектептер мен жалпы мектептің жанындағы арнайы сыныптар параллельді жүйесі бірге жұмыс істейді.
90 жылдардан бастап мүмкіндігінше арнайы және жалпы білім беруді біріктірген «Мектепке бірге барамыз» атты мемелекеттік жоба арқылы жүзеге асады. Бұл жобада мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-көмекті қамтамассыз ету, арнайы мектептің оқушылар санының тұрақтандыру, ақыл-ойының кесістігі бар балалармен психологиялық дамуы тежелген балаларға арналған мектептің санының өсуіне жол бермеу мәселесін мақсат тұтады.

6

Венгрия

Венгрияда білім беру жүйесі қымбат және шығынды, бұл интеграциялаудың тиімділігінің жолындағы кедергілердің бірі болып табылады. Басқа автор инклюзивтік бағдарламалар өте қымбат, алайда
мектептердің бұл ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндіктері бар деп ескертеді. Мүмкіндіктері және ерекшеліктері әр түрлі балаларды мектепте оқыту үшін қосымша қаржыландырып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет