Инклюзивті білім беруді дамытудағы менің рөлім қандай? Мен осы рөлге ризамын ба әлде ол маған ауыр ма? Неліктен? «Инклюзивті білім беру»



Дата27.04.2022
өлшемі13,37 Kb.
#141025
Байланысты:
Бекишева А.М.3 сабақ
Бекишева А.М.6 сабақ, Бекишева А.М.8 сабақ, философия 3

Инклюзивті білім беруді дамытудағы менің рөлім қандай? Мен осы рөлге ризамын ба әлде ол маған ауыр ма? Неліктен?
«Инклюзивті білім беру» деген ұғымды мен осы курс басталғаннан кейін ғана түсіне бастадым деп айтуға болады. Неге? Өйткені алдыңғы уақытта мен бұл ұғымды тек психикалық ауытқуы бар балалар немесе басқада мүгедектік аурумен ауыратын балалар деп ойладым. Келе-келе, курстан алған ақпараттарыма сүйенер болсам, «Инклюзивті білім беру» деген ерекше қажеттілікті талап ететін балалар екенін түсіндім. Олардың ішінде мүгедек немесе психикалық-физикалық дамудың ерекшеліктері бар балалар, әлеуметтік жағдайы нашар түрлі дәрежелі отбасылардың балалары, зияткерлік және шығармашылық қызмет салаларындағы дарынды балалар, оқытуда қиындықтары бар әлеуметтік-эмоциялық өзгешеліктерге ие балалар, жастарға арналған әр түрлі субмәдениеттерге жататын жеткіншектер мен жастар да бар. Мұндай балалар барлық мектептерде бар. Мектепте барлық балаларға тең дәрежеде бір-бірінен кемсітпей, барлық оқушылардың оқу процесіндегі қажеттіліктерін ескеріп, білім беру - мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Инклюзивті білім беруді дамытудағы менің рөлім орасан зор.
«Мен осы рөлге ризамын ба ?» деген сұраққа жауап берер болсам, мен осы мамандық иесі болғаныма дән ризамын. Неліктен? Себебі маған балалармен жұмыс жасаған ұнайды. Балалардың барлығы бірдей болмайтыны бесенеден белгілі. Оларға лайықты білім беріп, болашақта жауапты тұлға ретінде көргім келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет