Инновациялық технологиялар арқылы оқытудың ерекшеліктері мен маңыздылығы, білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялар мен түрлері және өзара байланысы қарастырылған



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі363,78 Kb.
#81236
1   2   3
Байланысты:
Білім беру жүйесіндегі оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану ерекшеліктері
Тоганбаева Жулдыз, Тоганбаева Жулдыз, Білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмалары, Білім беруді жетілдірудің жаңа парадигмалары, Педагог қызметіндегі актерлік және режиссерлік шеберлік., педагогика жауап жаңа 6
Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық уақыт үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге, сауалнамалар арқылы өзін өзі бағалауға зор ықпал етеді.
Электрондық оқыту формасы қашықтықтан оқу жүйесінің құралы болып табылады. Қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі көрінісі оқытушы мен студент арасындағы қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен тікелей қатынас орнатуы.
Қашықтықтан оқудың дәстүрлі оқу түрінен айырмашылығына:
Ыңғайлылық - кез келген жерде, кез келген өзіңе ыңғайлы уақытта жылдам дайындалу мүмкіндігі.
Параллельдік - маман ретінде өсуі, жетілудің қатарлылығы. Үнемділік - оқу аудандары мен техникалық және жеткізу құралдарын қолайлы пайдалану.
Технологиялық - әлемдік постиндустриалды ақпараттық кеңістікте адам қозғалысын жылдамдататын ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың жаңа жетістіктерін білімдендіру үдерісінде қолдану.
Әлеуметтік тең құқылылық - студенттің материалдық және элитарлық, денсаулық жағдайы, тұратын орнына қарамастан тең білім алу мүмкіндігі.
Халықаралық - білім нарығында әлемдік жетістіктерді импорттау және экспорттау.
Икемділік - студенттер көп жағдайда лекция, семинар түріндегі сабақтарға қатыспайды. Әркім өзі таңдап алған мамандықты қажетті деңгейде игеру үшін өзіне керекті мөлшерде білім алады.
Модульділік. Қашықтықтан оқыту бағдарламаларының негізіне модульдік принцип саналады. Студенттер игеретін әрбір пән немесе пәндер жүйесі белгілі бір ғылым саласы туралы тұтас ұғым қалыптастырады. Ал, мұның өзі бір- біріне тәуелсіз оқу курстарынан жеке немесе топтық талаптарға жауап беретін оқу жоспарын құруға мүмкіндік береді.
Алыстан қызмет көрсету мүмкіндігі - студентпен білім беретін мекеме арасындағы қашықтық (байланыс жүйелері жұмысының сапалылығы жағдайында) тиімді білім беру үдерісіне кедергі болмайды. ҚОЖ жүйесінде оқитыңдар саны шектеулі параметрге жатпайды.
Қамту - бұл ерекшелікті кейде «көпшілікті қамту» деп атайды. Олардың көптеген оқу ақпараттары көздеріне (электрондық кітапханалар, ақпарат базалары) ену мүмкіндіктері бар, сондай-ақ олар бір-бірімен және оқытушымен байланыс жүйелері немесе басқа да ақпараттық технологиялар құралдары арқылы байланыса алады.
Рентабельділік - қашықтықтан оқытудың бұл ерекшелігі оның экономикалық тұрғыдан тиімділігімен айқындалады. Студенттердің сапалы білім алуын іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруда және ұлттық рухани мұраларынан хабардар болуын көксеген ұлттық төл оқулықтар, карта, атластар, сондай-ақ картографиялық, аэроғарыштық есептер мен қажетті оқу-әдістемелік және көмекші құралдар қарастырылуда.[3]
Жаңарған білім жүйесінің ерекшелігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып үздіксіз өз бетінше ізденуіне мүмкіндік тудыру.
Оқыту технологияларымен жұмыс жүргізу 5 саты арқылы қалыптасады. Олар: оқып меңгеру; тәжірибеде қолдану;дағдылану, шығармашылық бағытта дамыту; нәтиже.
Технологиялардың танымал түрлерінің бірі - модульдік оқыту. Ол тұлғаның мүмкіндігіне даярлық деңгейін бейімдейді, ал дамыта оқыту оқушының жеке тұлғасын, оның біліктерін көтеруге ықпал етеді.
Қазір оқу-тәрбие үрдісінде телекоммуникациялық технологияларды қолданудың 2 жолы бар: білім алушылар мен мұғалімдерді желімен жұмыс жасауға, дайын телекоммуникациялық жобалармен жұмыс жасауды ұйымдастыру, пәндік-әдістемелік Web-сайттар, Web-бетін құруболып табылады [6].
Аталған технологиялардың әр қайсысының оқу-тәрбие үрдісінде қолдану ережелері, талаптары мен сипаттары әр түрлі, бірақ сыртқы белгілеріне қарай жүйелеуде ұқсастықатар бар. Оны В.П.Беспальконың пікіріне сәйкес мұғалім мен білім алушының қарым-қатынасы (оқытуды басқару) тұйықталмаған және ырғақты (оқытушы мен білім алушылар арасында тұрақты түрде тура және кері байланыс орнаған); шашыранды (жаппай және топтық) және бағытталған (жеке); қолмен (вербальды) және автоматтандырылған (жасанды түрде қондырғылармен басқарылатын) болып бөлінеді.
Зерттеушілер аталған технологиялардың педагогикалық үрдісте жеке дара қолданылмай, үйлесімді түрде нәтиже беретіндігін сипаттаған, ол технологиялар:
S құрылымдық-логикалық оқыту технологиялары (оқу-тәрбие үрдісінің барлық құрамдас бөліктерін іріктеп алу негізінде бірінен бірі туындайтын логикалық бірізділікті қамтамасыз ету арқылы дидактикалық міндеттерді жүзеге асыру);


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет