Инструкция по планированию учебных занятий


Хладагенттердің пайдаланымдық сипаттамалары



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі80,5 Kb.
#80248
түріИнструкция
1   2   3   4
Байланысты:
КМ 16 ТТО №2 ТТ-17-9

Хладагенттердің пайдаланымдық сипаттамалары. Хладагенттің ең маңызды пайдаланымдық қасиеттеріне қысымы және оған сәйкес келетін қайнау кезіндегі қанығу және шықтану температурасы
жатады. Олар келесідей белгіленеді: p0 және t0 - қайнау қысымы және температурасы, pk, tk - шықтану қысымы және температурасы.
Салқындатушы машинаны пайдалану кезінде хладагенттің қайнау қысымының мәні pатмосфералық қысымнан жоғары болғаны қолайлы. Сол кезде ғана машина жүйесіне қоршаған ортадан ауа кірмейді. Ал конденсатор, рессивер және т.б. қабырғаларының қалыңдығы шықтану қысымының pмәніне тәуелді, басқаша айтқанда жүйенің метал сыйымдылығы осы қысыммен анықталады.
Сонымен қатар бұл қысымдардың қатынасы   білген де маңызды,оны көбінесе сығу дәрежесі деп атайды. Дұрысырақ атаса, қысымның жоғарылау дәрежесі деп саналады. Осы қысымдар қатынасының мәні неғұрлым аз болғаны жөн, себебі ол жоғарылаған сайын энергия шығыны көбейеді, машинаның салқын өндірулігі төмендейді және компрессордың көлемдік және энергетикалық сипаттамалары нашарлайды.
Компрессорда буды сығу кезінде оның ең соңғы адиабатылық температурасы өте төмен болғаны дұрыс. Осы температура компрессордың қызып кетуіне, компрессордың қысымдаушы клапандарының сенімді жұмысына және оның мүмкіндігінше ақаусыз ұзақ жұмыс жасау ұзақтығына көп ықпалын тигізеді. Көптеген жағдайда осы температураның мәні бойынша көмпрессордың құрылымы анықталады: мысалы оны салқындатушы көйлекшемен жабдықтау, электр қозғалтқышын компрессормен бірге орнату қажеттіктері [ 9,10].
Хладагенттің қатаю температурасы t3 - оны қолдану мүмкіндігін тежейтін температураның ең төменгі шегі болып табылады.
Критикалық температура tk мен қысым pk хладагент сұйық күйде болатын аймақтың ең жоғарғы шегін көрсетеді. Критикалық параметрлерден жоғары қысымдар мен температураларда хладагент газдық күйін сақтайды, яғни оның қайнауы және шықтануы мүмкін болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет