Қырыққабаттың шығу тегі



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі234,28 Kb.
#94329
1   2   3   4
Байланысты:
қырыққабат

Аққауданды қырыққабат. Ақ қауданды (кочанды) капуста – екi жылдық шөптесiн өсiмдiк. Бiрiншi жылы тұқымнан кiндiк тамыры мен қысқарған сaбақ өсiп шығады. Осы сабақтан дөңгелек орам жапырақтары бар қаудан (кочан) түзiледi, оның ортасында өзегi болады. Сабақтағы жапырақтардың арасында шағындау қолтық бүршiктерi мен бiр төбелiк бүршiк жетiледi.
Қауданның (кочанның) сыртқы жапырақтарының түсi жасыл болады. Осы жапырақтарда фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде қант түзiледi. Ол соңынан суда ерiп, қауданның iшкi ақ жапырақтарына өтедi.
Барлық жерде өсіріліп, өнімі жинап алынады. Жабайы қырыққабат Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі жағалауларында кездеседі. Қырыққабаттың мынандай түрлері бар: қауданды, савойя, брюссельдік, кольраби, жапырақты, Қытай, Пекин, түсті капусталар. Бұлардың ішінде түсті және Пекин капусталарынан басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер, қырыққабаттың барлық түрлері де жарық сүйгіш, суыққа төзімді. Ал енді ыстыққа төзімділері: жапырақты және кольраби деп аталатын сорттары.
Вегетациялық кезеңінің ұзақтығына сәйкес қырыққабат түрлері төмендегідей топтарған бөлінеді: өте ерте пісетін (65-100 күнде, «Куузику вараяне»), ерте пісетін (100-115 күнде, «Грибовский – 147»), ертелеу пісетін (115-130 күнде, «Алтын гектар»), орташа мерзімде пісетін (130-145 күнде, «Даңқ 1305», «Надежда»), кештеу пісетін (145-160 күнде, «Сыйлық»), кеш пісетін (160 күннен артық, «Амагер 611», «Заводская»). Қауданды қырыққабат Қазақстанда негізгі дақылдық көкөністердің бірі ретінде өсіріледі. Оның диаметрі 10-45 сантиметр, салмағы 16 келіге дейін тартады. Ақ қауданды қырыққабатты жаңа піскен күйінде, қайта өңделген қалпында жыл бойы ас мәзірінде пайдаланады. Қырыққабаттың қауданын ашытады, бұқтырады, бұрыш, қияр, қызанақ, сәбіз, қызылша, алма, жасыл бұршақ, пияз, сарымсақ қосып тұздап та жейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет